Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Электр құрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің үшінші тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар тұрмыстық заттарды жан- жақты қарастырады. Бұл сабақта электр құрылғылар мен тұрмыстық техникалары туралы материалдарды қарастыратын боламыз.
Сабақ зерттеу және қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «қызықты сұрақтар» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі.
Сабақ барысы
Презентация:....
Сабақтың бастапқы бөлімінде миға шабуыл жасау үшін сыныптағы оқушыларды топқа бөліп аламын. Тұрмыстық техникалар бейнеленген кәртішкелер көмегімен топқа бөлу ұсынылады. Оқушылар кәртішкедегі бейнелер арқылы сабақтың тақырыбын анықтауына көмектеседі.
Оқушылардан «қызықты фактілер» туралы алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында сұрақ- жауап арқылы диалогтік оқыту әдісін қолдану ұсынылады. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарын түзетіңіз және толықтырыңыз.
Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.
«LG, Samsung, Electrolux, Hitachi компанияларывның жаңа техникалары» деген бейнебаян. Көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақ- жауап қойыңыз.
Одан кейін оқушылармен бірге ақылдасып, талдап, қауіпсіздік ережелерін бірге құрыңыз.
Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.
Тапсырма №1.Топтық жұмыс.
Оқушылар өздері тұрмыстық затты таңдап алып, ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, пайдалану туралы нұсқаулығы мен негізгі өлшемдерін оқып біліп, жұмыс нәтижесін сынып алдыңда (постер немесе презентация) таныстырады.
Тапсырманы бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.
Екінші тапсырманы орындамас бүрын оқушылардың назарына «Техникаларды қолдануда есте сақтауға қажет басты қауіпсіздік ережелері» атты бейнебаян көрсету ұсынылады. Ол келесі тапсырманы орындауға көмекші құрал болуы мүмкін.
Тапсырма №2.Топтық жұмыс.
Оқушылар топта отырып, қысқа толқынды пеш немесе электр шәйнектің жалпы пайдалану туралы нұсқаулығының алгоритмін және қауіпсіз қолдану ережесін құрастырады.
Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.
Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.
«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Достарыңызбен бөлісу: |