Ғылыми конференциясының материалдары



бет63/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 1998 ж.


2. Фейзуллах Будан, «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі» Анкара, 2000
3. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие». Шымкент, 2006
4. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері» Алматылық баспахана кабинеті, 1995
5. Г.С. Оспанова, Г.Т.Бозшатаев «Экология». Алматы 2002
6. Орынбаева Ғ. «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру». Алматы «Рауан», 1998 ж.
7. «Егемен Қазақстан», 2005 жыл 30 қараша
8. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы». Алматы 2001
АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ


Серікқызы Мейіргүл (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ибрагимова М.Н.

«Адамзат тарихы Алтайдан басталды» деген сөз бар. Сол асқар Алтайда, көрікті Алтайда, қос ағаш дейтін жерді білмейтін жан кемде-кем. Кезіндегі қызыл саясаттың кесірінен қасиетті өлке атадан қалған асыл жер шет елге, жат жұртқа алпауыт елдер арасында пышақ үстінен үлестірілгендей кесіліп кете барған. Тұтас қара жерінің бөлініп қалған пұшпағын ойлағанды, талайлы тағдырлармен қиямет қасіретін еске түсіргенде күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатынымыз сондықтан. Құйқалы өмірді бабасының мұрасындай жатқа қимаған, кезінде дүркіреп мемлекет құрған найман ұлысы одан шығып ну ормандай қалың елге айналған Қаракерей-Қаратай, кейінгі Сарғалдақ, Дәулет, Шоңмұрын, Қожбанбет, Самай, Ақнайман, т.б. рулардың ғасырлар бойы жалғасқан қилы тарихы Алтай жерінде біршама жалғасқан. Атамекеннен жырақ қалып, қиыр қонып, шет жайлаған елдің XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында көрген қиындығы заманы тудырған құбылыстар, қоғамдық формациялардың өзгеруін қазақтардың қалай қарсы алғаны, Шүй жеріне орналасқан елдердің қарым-қатынасын жан-жақты суреттеймін.


««1999 жылы Ыстанбұлда жарайыланған естілігімде» – деп басталатын: «...Елім-айлап өткен өмір» – Хасан Оралтай атамыздың естелігінің аты. Естігендері мен көргендері және істегендерің есте қалған жиынтығы. Өмірінің алпыстан асып жетпіске таяған кезінде қағаз бетіне түсіргендері. Оқып отырып байқағаным басқаларына ұнап-ұнамайтындығына қарамастан, есте қалғандарын болғандай күйінде жазған. Бұл көркем әдебиет түріндегі бір еңбек емес. Елу жылдан бері шет елдерде өмір сүріп бір қазақтың қиырда жүріп жазып, сыртта бастырған ғұмырнамасы...» – деп қысқаша таныстырғым келеді.
1993 жылы дүниеге келген, 1945 жылдың көктемінен кейінгі өмірі «Әне жау келіп қалды!» деген ылғи үрку-қашумен басталып, 1947 жылы советтік сұғанақтық шабуылдардың салдарынан ата қоныс Қызыл өзеннен шығысқа қарай қашқан. Шығыс Түркістанның Ереңқабырға тауының бөктерінен, 1949 жылдың аяғында да Сталин мен Мао Зедұң басқарған орыс-қытай коммунизмі зұлымынан жан сауғалап, туған елі Шығыс Түркістаннан шет елдерге босқан, Такламакан шөлінен өтіп Гималай тауларынан асқан, жолда жеті рет Қытай әскерлерінің шабуылына душарласып, ішерге ас, киерге киімі және жатар орны жоқ қанғыған бишара халық ретінде, бірауыз тілін білмейтін мүлдем жат ел – Кәшмір – Үндістанға 1951 жылдың аяғында барып паналаған. 1954 жылдың жазында да Түркияға жетіп, жанбағу үшін мүлдем жаңа өмір-салтына орай арпалысқан қазақтарды сонда бастап барған Қалибек Хәкімнің ұлы ретінде мен талайды көрдім, – деп баяндайды.
Әкем Қалибек Райымбекұлы Хәкімнің Салихалы қаласының орталық мазарлығындағы қабір басындағы құлыптасында ата-тегіміз былай түсіндірілген: Түрік – Қазақ – Орта Жүз – Байлау – Керей – Жәнтекей – Сүйінбай – Сәмембет – Есентай – Барқы – Бөгенбай – Қаташ – Шөті – Қожалық – Райымбек – Қалибек Райымбекұлы Хәкім. Әкемнің құлыптасында, сондай-ақ менің еңбектерімде ерекше көрсетілгендей, біз – Шығыс Түркістан қазақтарымыз. Яғни байырғы ұлы Түркістан өлкесіндегі түрік тектес, түрік тілдес туысқан халықтардың бір тұтас атамекені үлкен Түркіелінің шығыс жағындағы, қазірге Қытай Халық Республикасы құрамындағы, 1860 жылы Пекинде басталып, 1881 жылы Петербургта жалғасып, 1884 жылы Шәуешек қаласында келісілген, тарихи әдебиетте «Шәуешек Келісімі» деп аталатын орыс-қытай бөлісуінен бері «Шыңжаң – Xinjianq жаңа өлке» делініп аталып келе жатқан өңірдің тұрғындарымыз. Тарихшылардың, әсіресе, сол Шығыс Түркістан қазақтарынан шыққан тарихшылардың анықтауынша, ҚХР құрамында Шығыс Түркістанның Алтай, Тарбағатай, Іле – Құлжа, Тәңіртауы (Тяншань) өңірі ежелден бері қазақ халқының атақонысы болғаны даусыз.
Біздің бабамыз алғашында Алтай жақты мекендеп, кейін 1870 жылдар шамасында Тарбағатайға қоныс аударған. Арғы аталарымыздан (төртінші атамыз) Хаташтың Ертіс өзені бойында өмір сүрген кезінде істеген кей істері «шарапатты кісі екен» делініп аңызға айналдырылған, қариялар әлі де «үлкендер айтушы еді» деп әңгіме қылатын еларасындағы деректерден саналады.
XIX ғ. соңында болған қарапайым қазақтың басына түскен сол бір туған жерден айырылу, бұл үлкен қасірет еді. Туған жерден, ағайыннан алысқа кету оңай болмаған ғой, әйелдер жылап, зар илеп жырға қосса, ерлер тістеніп, қайраттарына сүйеніп, «құдай салды, біз көндік» деп үмітпен алға жылжи берген екен. Сол заманның қайғы-қасіретінің елесі мынау:
Тағдырдың тауқыматын тартқан елім,
Аз жүгін ала күзге артқан елім.
Шалқыған Шабанбайын артқа тастап,
Кеттік қой бөтен жерге телім-телім.

Шабанбай қайта дәмін татамыз ба?


Сыйындық әруақты айтып атамызға.
Топырақ туған жерден бұйырмаса,
Томпайып бөтен жерде жатамызда.

Біз сөйтіп жылай-жылай кетеміз-ау,


Дәм тартқан бөтен жерге жетеміз-ау.
Жыр қылып артта қалған туған жерді,
Зар жылап бұл дүниеден өтеміз-ау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет