Ғылыми конференциясының материалдары



бет87/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998.


2. Қ.Шаңғытбаев. Омар Хайямның рубайлары. Алматы, 1965.
3. Күмісбаев О. Иранбақтың бұлбұлдары. Алматы, 2004.
ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

Садат Сайд Музамел (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Тастемирова Г.А.

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісі, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығынкөрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп халқы сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Тіл – әрбір елдің жаны, достықтың тірегі, халықтарды жақындастыратын ерекше құрал. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ елдің мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін тәуелсіздікке ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.


Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай келбеті, ұлттық болмысы. Тіл құрыса, халықта жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталатынын ғылым дәлелдеп отыр. Тіл – өмірдің өзегі, қоғамның айнасы. Тілдің дамуы мен қоғамның дамуы бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Тіл әлеуметтік тұрғыдан алғанда да, саяси тұрғыдан бағамдағанда да Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлттың арақатынасына дәнекер болушы көпір іспеттес. Қазақстанда мемлекеттік тілге байланысты маңызды мәселелер баршылық. Мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан – жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келер еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс – шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Өйткені мемлекеттік тіл қоғам өмірінде оның қолдану аясын одан әрі кеңейту, мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру қажет.
Біз, ауғанстандық тыңдаушылар, «Қазақстанның 1000 ауған азаматын оқытуға арналған білім беру бағдарламасы» негізінде келген тыңдаушылар қазақ тілін үйреніп жатырмыз. Себебі, келесі жылы өзіміз таңдаған мамандық бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқуымызды жалғастырамыз. Қазақ тілі мен парсы тілінде үш мыңға жуық ортақ сөздер бар. Мысалы, өсиет, пар, жұма, сәрсенбі, әкім, хакім, піл, хадис, әрекет, әмір, һақ,ғашық,халуа, хабар, қамыр, дәреже, дәруіш, дәстүр, дүкен, базар, дәулет, дін, зілзала, зиян, рахат, ресми, рең, рух,себеп, шопан, шүкір, т.б. Сондықтан біздер үшін қазақ тілі бізге жақын, тез үйренуге мүмкіндік туады. Қазақстанға келген әрбір шетелдік студент бірінші қазақ тілін үйренсе, ары қарай орыс тілін меңгеруге де жеңілдік болар еді деп ойлаймын.
Қазақстанда 130-дан астам ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың төл мәдениетін, ана тілдерін оқытатын мектептер бар. Түрлі этностарды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заңы республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасында «Қазақстан тұрғындарының барлық халықтарының тілдеріне, мәдениетіне әрдайым құрметпен қараймыз. Бұл – азаматтық бейбітшілік пен қоғамның ең ұзақ болашақ келісімін нығайту бойынша мемлекет саясатының негіздерінің бірі» делінген [1]. Осы бағдарламада айтылғандай басқа ұлт өкілдері де қазақ тілін сыйлауға тиіс.
Сонымен бірге негізгі бағдар қазақ тілі мәселесіне арналып, оның мемлекеттік тіл ретінде дамуы жан-жақты қарастырылды. Тіл туралы заңдағы қазақ тіліне байланысты баптарды жүзеге асыру ғылыми және әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оны дамытудың бағыттары белгіленді. Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі». Бұл бап Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған 1995 жылғы Конституциясында да қайталанды [2]. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де алға тартылды. Осындай мақсаттарды көздейтін ҚР Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында» Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тілдік дамудың басым бағыттары мен тілдердің қызмет ету тетіктері айқындалып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекеттік міндеттер белгіленді, мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау тетіктері атап көрсетілді [3]. Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілеп берген, республикада қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететін егемен еліміздің тіл мәселесіндегі тұңғыш заңы – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында қазақ тілінің конституциялық құқығы заңнамалық тұрғыда нақты көрініс тапты [4].
Қорыта айтқанда, мемлекттік тіл Қазақстанда тұрып жатқан көптеген ұлттың арақатынасына дәнекер болушы көпір іспеттес. Сонымен қатар Қазақстанда білім алып жатқан ауғанстанджық жастартардың да қазақ тілінде білім алып, жақсы маман иесі болғаны Қазақстан үшін де, Ауғанстан үшін де үлкен абырой.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет