Ғылыми конференциясының материалдары



бет22/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Әдебиеттер

1. Абрамович Г.Н. Введение в литературевведение. – Мосвка: Просвещение, 1975.


2. Бодыров Қ. Естен кетпес есімдер. – Алматы: Өнер, 1961.
3. Дүйсенов М. Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1977.
4. Нұрғалиев Р. Телағыс. – Алматы: Жазушы, 1966.
5. Нұрғалиев Р. Арқау. І-ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1991.
6. Сығаев Ә. Сахнаға сапар. – Алматы: Өнер, 1960.
7. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Жазушы, 1971.
8. Исабеков Д. ІІ томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жалын, 1993.
ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР


Нұрлан Гүлжауһар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бисенбаев А.Қ.

Түркітануда фразеологизм туралы еңбектер 40-жылдардың ортасында жариялана бастады. Қазақ фразеологиясының көш басында І.Кеңесбаевтің іргелі еңбектерінің орны өте зор.


Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестер XX ғасырдың екірші жартысынан бастап бүгінге дейін әр қырынан зерттеліп келе жатыр. Бүгінде жеке лингвистикалык сала ретінде қалыптасқан фразеологизм Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаев, Н.Уәлиев, Г.Смағұлова, Ғ.Қалиев сияқты ғалымдардың атымен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің көшбасшысының бірі проф. С.Аманжоловтың өз тұсында «Қазақ тілі идеомалар мен фразеологиялық тіркестерге өте бай. Біздің ойымызша идеомалық және фразеологиялық оралымдар қазақ халқының ойлау жүйесін және тілдегі мазмұн мен форманы қарастырудың тамаша нысанасы бола алады» деген сөзінің маңызы өте зор.
Фразеологизмдер – тілдің көркемдігін, бейнелілігін көрсететін тілдік бірліктер. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көзқарасы, ойлау жүйесі осы фразеологизмдердің бойынан анық көрінеді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің даму жолдарын жазба ескерткіш тіліндегі фразеологиялық тұлғалармен сабақтастыра зерттеу ісі кешенді түрде қолға алынбай отыр. Орта түркі тіліндегі фразеологизмдерді зертеуде біз бүгінгі қазақ тіл білімінде қалыптасқан қағидаларға сүйенеміз. І.Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің басты үш белгісін: 1) Қолдану тұрақтылығы; 2) Мағына тұтастығын; 3) Тіркес тиянақтылығын ұсынады. Яғни фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздердің бірігіп бір мағына білдіруі – мағына тұтастығы болса, фразеологиялық мағынаны құрайтын сөздерді өзгертуге немесе орнын ауыстыруға болмайтыны – тіркес тиянақтылығы ал фразеологизмдердің үнемі даяр қалпында қолданылуы – қолдану тұрақтылығы.
Ал тарихи жазба естерткіштер белгілі бір тақырыпқа жазылғандықтан олардың тіліндегі фразеологизмдердің өн бойынан жоғарыдағы белгілердің бәрі бірдей табылуы мүмкін емес. Сонда да осы белгілерге сүйене отырып орта түркі тіліндегі фразеологизмдерді анықтауға, саралауға болады.
Ескерткіштегі фразеологизмдерді лексика-морфологиялық тұрғыдан топтастырғанда есімдердің тіркесінен жасалған, етістіктердің тіркесінен, сондай ақ бірнеше сөз таптарының тіркесінен жасалған тұрақты тіркестер деп бөліуге болады.
1. Есімді фразеологизмдер әр түрлі сипата екі немесе үш есім сөздердің тіркесінен жасалған.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесуімен құралған. Мысалы, бағыры таш – тас бауыр. Йүзі гүл – әдемі,сұлу; қулан көңүл – еркін қылық.
б) Сын есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, Йаман ат – жаман атақ; сары алтын – күн сәулесі; сынуқ көңүл – көңілсіздік.
в) Сан есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, бир заман – сол уақытта; бир йолобір жолы; йеті қат йер – жеті қат жер.
2. Етістікті Фразеологизмдер көбіне есіммен етістіктің тіркесінен жасалған. Мысалы, айы тұтылды – жаман хабарды меңзейді; от салды – араз қылды; еліні тутты – қолын ұстады.
3. Бірнеше сөз таптарының тіркесуынен жасалған Фразеологизмдер онша көп емес. Мысалы, йашы узүн болады – жасы ұзақ болсын; уйқуға уйубқалды – ұйқыға берілді.
Мағаналық жағанан алып қарағанда ескерткіштерде кездесетін фразеологизмдерді синонимдік, антонимдік және көп мағаналы деген топқа бөліп қарастыруға болады. Мысалы, айы тұтылды//вақты йетті//жан берді//жаны учты – өлді; күйді//бағы бішті//ічі күйді – ғашықтықтан іші-бауыры елжіреді; (синоним), сабыры йырады «сабыр қылу» мағынасын берсе, сабыр қылды «сабыр қылу, шыдамдылық көрсету». Көп мағаналық (полисемия) құбылысы жеке сөздерге тән құбылыс. Мысалы, айы тұтылды – 1) жолы болмау; 2) бақытсыздық белгісі; 3) өлу; ат қоймақ – 1) жолға шығу; 2) шабуыл жасау.
Бұл фразеологизмдер тілдегі қолданылуы, жұмсалу салдарын, даму өрісін, түркі тайпаларының жеке ұлт болып қалыптасу үрдісін анықтауға мүмкіндік береді.
Фразеологизмдердің ішіндігі кейбір сөздер симатикалық жағынан ерек байқалып, негізгі қызымет атқарады.
а) Жәдігерлікте фразеологизм жасауға дене атаулары қатысады. Олар: ағу тіллі – у тілі; бағры ташбауыры тас; ақыл қулақы – ақыл құлағы; шәкәр ерін – тәтті ерін.
б) Жан-жануар атауымен байланысты тұрақты тіркестер. Олар: дәулет аты – дәулет аты; құлан көңүл – жабайы жүрек;
в) Қоршаған табиғи ортаға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестер. Олар: сабыр оты; Ай йүзі; сары алтун.
г) Мұрағаттардағы Фразеологизмдердің бір тобының пайда болуына адамдардың көңіл күйіне, яғни психологиялық жан тебіреніске байланысты қолданылатын тұрақты тіркес. Олар: көңүлі тар; аһ қылды; бағы күйді; таш жанлығ.
Бұдан басқа салт-дәстүрге, әдет-ғұрып, діни сенімдерге байланысты ант ічті, бар қылды, құрбан қылды, кәмәрбағлады.
Қазіргі түркі тілдеріндегі Фразеологизмдерді клссификациялаудың бірнеше үлгісі бар. Олар негізінен біртұтас тілге арналған. Ал орта ғасырлық жазба ескерткіштерінің тілі қаншалықты бай болғанымен, арналған тақырыбына байланысты өз дәуіріндегі түркі тайпаларының бүкіл сөздік қорын қамтуы мүмкін емес. Әйтсе де жоғарыдағы жіктеулер ортақ түркі тілінің біршама байлығын, сын-сипатын фразеологизмдер арқылы көрсете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет