7-кесте. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру және дамыту кезеңдері
Кәсіби өсу кезеңдері
|
Дайындық түрі
|
Дайындық тұжырымдамасының авторлары
|
Дайындық тұжырымдамасы
|
Оқытушы, тағылымгер, жас мұғалім
|
ЖОО да оқу, курстар, семинарлар (өмірлік тәжірибе, танымдық тәжірибе, педагогикалық тәжірибе)
|
М.А.Құдайқұлов
С.И.Архангельский
В.А.Сластенин
И.Ф.Исаев
Н.Д.Хмель
|
Педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы;
Кәсіби-педагогикалық мәдениет қалыптастыру тұжырымдамасы
|
Өзінің қызметіне талдау жасай алатын мұғалім
|
Өз білімін көтеру, курстар, семинарлар, әдістемелік бірлестік (кәсіби педагогикалық тәжірибе)
|
Н.В.Кузьмина
Н.В.Кухарев
Г.И.Горская
П.В.Худоминский
|
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру тұжырымдамасы (әдістемелік жұмыстың)
|
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім
|
Конференциялар, озат тәжірибе мектебі, шығармашылық тәжірибе, педагогикалық озат тәжірибе
|
Н.Д.Никандров
В.И.Загвязинский
А.И.Кочетов
В.А.Кан-Калик
М.Н.Скаткин
Я.С.Турбовской
|
Педагогикалық шығармашылық тұжырымдамасы;
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу тұжырымдамасы
|
Жаңашыл - мұғалім
|
Атаулы мектеп, авторлық мектеп (жаңашыл тәжірибе)
|
Ю.К.Бабанский
В.И.Журавлев
В.Шаталов және т.б.
|
Жаңашыл тәжірибені жинақтау және қолдану тұжырымдамасы
|
Шебер-мұғалім
|
Инновациялық-дидактикалық қызмет (инновациялық тжірибе), педагогикалық дарындылық
|
В.А. Сластенин
Л.С. Подымова
Б.Б. Коссова
|
Инновациялық білім беру тұжырымдамасы
|
Жаңашыл - мұғалім
|
Педагогикалық шеберлік (шебер мұғалім тәжірибесі)
|
Н.В. Кухарев
В. Зязюн
А.В. Мудрик
|
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру тұжырымдамасы
|
Зерттеуші - мұғалім
|
Зерттеуші мұғалім мектебі (ғылыми тәжірибе)
|
Н.Д. Хмель
Н.В.Кузьмина
А.К.Маркова
Ю.В.Сенько
И.И.Цыркун
З.А.Исаева
В.В. Краевский
|
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
тұжырымдамасы
|
Сөйтіп, автордың дүниеге көзқарас және зерттеушілік тұжырымдамасы ғылыми, шынайы тәсілдерді зерттеліп отырған құбылысты және одан шығатын қорытындылар мен ұсыныстарды, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығын дәйектеп, талдауға, білім берудің теориясы мен практикасында қолдануды қамтамасыз етуге көмектесті.
Тұжырымдама туралы қазіргі көзқарас нормативтік-жобалық құжаттар секілді төмендегіше жіктеуге болады:
- Құбылыстардың немесе жүйелердің қалыптасуының және қызмет етуінің айырықша жалпы заңдылықтарын көрсететін бірінші деңгейдегі тұжырымдама;
- Бірінші деңгейдегі тұжырымдамаға сүйене тырып, зерттеліп отырған құбылыстың немесе жүйенің элементтерінің дамуының теориялық негізін көрсететін екінші деңгейдегі тұжырымдама;
- Жобаны немесе оның құрылымдары мен элементтерін жасақтауда теориялық мағынасын айқындайтын тұжырымдық негіз.
Айырықша теориялық-әдіснамалық және философиялық тәсілдерді қолдану өзінің абстрактілігімен және жалпыланғандығымен білім жүйесін дамытуға ұзақ уақыт ықпал ететін қалаған нәтиже туралы неғұрлым абстрактілі түсінік қалыптастыруға жағдай жасайды. Осының өзі тұжырымдамаға жағдайдың өзгеріп отыруына тәуелді жасалған егжей-тегжейлі бағдарламаға қарағанда ескірмеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің тұжырымдамалық негіздеу үдерісі зерттеу тұжырымдамасының философиялық негіздемесін ашуға бағытталуы тиіс: мәселенің тарихи-логикалық талдауы, диалектикалық, зерттеу пәнінің жүйелік-құрылымдық талдауы, оның сипатына біртұтас көзқарас, берілген педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын жетекші қарама-қайшылықтардың пайда болуы, зерттеліп отырған педагогикалық құбылысқа, үдеріске тән заңдылық байланыстардың пайда болу әдіснамасының сипаты. Сонымен қатар осы педагогикалық тұжырымдама негізіне (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т.б.) жататын бір-біріне жақын ғылымдар қайнар көздеріне талдау қажет. Бұдан дидактикалық зерттеуді тұжырымдаудың алгоритмі шығады:
- дидактикалық фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді зерттеуге нақты әдіснамалық тұғырды анықтау - әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
-зерттелуші мәселеге сыни көзқарас;
- зерттелуші мәселеге тарихи-логикалық талдау (даму генезисі және эволюциясы);
-зерттеу пәніне жүйелі-құрылымдық талдау;
- зерттеу пәнінің сипатына тұтас көзқарас (тұтастық - нысанның саралануы ортадан және оның ішкі бірлігінен екендігін көрсететін философиялық тұрғыдағы ұғым).
Тұжырымдамалау іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде білімнің елеулі көлеміне, дүниетанымдық деңгейіне, гуманитарлық технологияларды және әртүрлі ұғымдық тілдерді меңгеруіне ғана байланысты емес, сонымен қатар осы қызметпен айналысатын адамдардың арнайы қабілетінің болуымен де байланысты. Сондықтан кез-келген зерттеуші бірден осы қызметпен айналысып кете алмайды, бірақ оның қажеттілігін және әр адамның өзінің осындай қабілетті дамытуы керек екенін түсінеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне тікелей қатысы бар тұжырымдаманы талдау және жинақтау мынадай жіктеулерді ұсынуға мүмкіндік береді:
Үздіксіз білім беру жүйесі оқу орындарын дамыту тұжырымдамасы.
Үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген буындарын дамыту тұжырымдамасы.
Жекелеген пәндердің білім беру мазмұнын дамыту тұжырымдамасы.
Білім берудің міндетті бағыттарын дамыту тұжырымдамасы.
Ғылымның кейбір бағыттарын дамыту тұжырымдамасы.
Білім беруді болжамдау тұжырымдамасы.
Үздіксіз білім беру жүйесі оқу орындарында тәрбилеуді дамыту тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманы тиімді дайындау үшін "тұжырымдамалар тұжырымдамалары", болашақта қандай да бір көзқарасты айқындайтын, сонымен бірге жасалаған жобаларды бағалауда негізге алынуы мүмкін ерекше метатұжырымдама моделін жасау талабы туындайды. Бірдей әдіснамалық негізде жасақталған мұндай метатұжырымдама құрылымға - нысанның сипатының қандай екендігіне тәуелсіз - инвариант көзқарастар жүйесінде жүзеге асырылуы керек. Бұл жеке тұжырымдамаларды жасақтауда, оларды бір жүйеге келтіруде біріздендіруге көмектеседі, олардың бағаларын салыстыруды қамтамасыз етеді және түзету жолдарын айқындауды жеңілдетеді.
Тұжырымдамаларды жасақтауға қойылатын талаптар мынадай: 1) нысанды бөліп қарастыру, оның мәнін анықтау және басқа жиынтықтардың ішінен орнын табу; 2) тұжырымдаманың жүзеге асырылу мақсатын нақты көрсету; 3) тұжырымдаманың жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті шарттарды айқындау; 4) түрі өзгерген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; 5) табысты шараларды өткізу критерийін, сонымен бірге нәтижені бағалау жасау; 6) болжамдау функциясын орындау; 7) осы нысанға жататын өзге тұжырымдамалармен сәйкестендіру.
Тұжырымдамалық зерттеуді педагогикалық фактілерді түсіндіру мәні тұрғысын және бұл мәндерден шығатын ұсыныстардың тексерімділігін сипаттайды. Кез келген зерттеудің тұжырымдамасының болуы оның түріне тәуелді еместігі - зерттеудің міндетті сипаты. Сонымен бірге тұжырымдамалардың өздері әртүрлі іргелілік дәрежесінде болады. Осыған байланысты зерттеулер олар іргелі, қолданбалы және практикалық болып бөлінеді. Педагогикада іргелі деп оқыту үдерісінің мәнін толық ашатын, біздің көзқарасымыздың негізгі жүйесін соған сай өзгертетін тұжырымдаманы айтуға болады. Сонымен бірге пайда болған жаңа тұжырымдама онымен параллель бұрын жасалған тұжырымдамадағыдай сол фактілер мен құбылыстарды түсіндіруі де мүмкін. Екі тұжырымдама да ғылымда қатар тұруға құқылы.
Тұжырымдама практикалық зерттеулерде айқын түрде қатыспайды, бірақ зерттеуші міндетті түрде қолданбалы, кейде іргелі де зерттеулер нәтижелерін пайдаланып отырады.
Жаңа іргелі тұжырымдама ғылымдар тоғысында жасалады. Педагогика үшін бұл, бәрінен бұрын, психология. Қазіргі кезде дидактика бар іргелі тұжырымдаманы барлық дидактикалық зерттеулердің жүргізілу аясында тұжырымдаманы тәрбиелеуші, дамытушы, құзыреттілік тұрғыдан оқытушы деп атауға да болады. Ол педагогикалық психология, дидактикалық жұмыстар жетістіктері, сонымен қатар педагогикалық тәжірибенің кеңінен жалпылап жинақтау негізінде жасалды. Бұл тұжырымдаманың аясында қазіргі кезде оқыту мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формалары жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |