Қорытынды
Графтың яғни нүктелердің математика саласындағы алатын орны ерекше. Себебі графтың логикалық ой қабілеттігін арттыруда үлкен үлес қосады. М.И.Калинин "математика ойлауды тездетіп, логикалық ойлауға үйретеді" және "математика- ой гимнастикасы" деп бекер айтпаған.
Логикалық есептердің мағынасын оқушыларға түсіну қиын. Оны түсіну үшін граф ұғымы көп дәрежеде мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар, граф ұғымы тек математика саласында ғана емес, тіпті күнделікті өмірде де және техникада да басқа да атаулармен қолданылады. Және де графпен біздің өміріміз тікелей байланысты. Мысалы: біз үй салғанда, үй-жиһаздарын жасағанда, логикалық есептерді шешкенде графты қолданамыз.
Графтар, олардың түрлері және графтардың қолданбалы есептерді шығаруда қолданылу жағдайлары туралы мәселелерді кең түрде келтіруге болады. Қолданбалы есептерді графтар көмегімен өте қарапайым әдіспен шешуге болады. Әртүрлі бас қатыру (головоломка), қызықты есептер, комбинаторлық есептер де графтарды қолдану барысында жеңіл де көрнекі түрде шешіледі. Қолданбалы есептердің мысалы ретінде жобаның желілік моделін құру, банктегі лизинг операциясы, банктің пайыздық ставкасын анықтау есептері қарастырылады. Бұдан басқа да графтар теориясының химияда, физикада, биологияда, құрылыс жұмыстарында т.б. сан түрлі қолданылуларын келтіруге болады.
Қазіргі математикада графтар теориясы математиканың тез өркендеп келе жатқан саласы. Графтар қазір пландау және басқару теориясында, лингвистикада, электроникада, программалауда қолданылады. Сол себебтен мен осы тақырыпты қозғап, әрі қарай дамытқым келеді.
Қолданған әдебиеттер тізімі
Т.А.Алдамұратова, Е.С. Байшоланов Математика жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық - Алматы «Атамұра» 2010.
Қ.Қаңлыбаев, Ш.Бекбаулиева, М.Меңдіғалиева «Математикадан кластан тыс жұмыстар». Алматы «Мектеп», 1983.
Акентьев В., Со второго взгляда, "Лениздат",1969 ж.
Линьков Г.И. , Внеклассная работа по математике, "Просвещение", 1965 ж
Нагибин Ф.Ф., Математическая шкатулка, "Просвещение", 1988 ж.
Оре О., Графы и их применение, "Мир", 1965 ж.
Перельман Я.И., Живая математика, "Наука", 1978 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |