Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым



бет5/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,04 Mb.
#404
1   2   3   4   5

Рахила Доспаева, ғылыми-техникалық кітапхананың бөлім меңгерушісі
Кітапханадағы бір түн
Таңертеңнен кешке дейін білім іздеген жас өрендер мен шексіз ғылым мұхитына сүңгіген ғалымдарға қажетті оқулықтар мен мерзімді басылым мақалаларын самсаған сөре арасынан зыр жүгіре іздеп, әбден шаршаған кітапханашылар қорға жаңадан келіп түскен кітаптарды орын-орындарына қоюды келесі күнге қалдырып, жұмыс соңында үйді-үйлеріне тарасты.

Жарықтар өшіріліп, оқу залы мен кітап қоры сақталатын бөлімді мүлгіген тыныштық басты. Биік сөрелерге симай жиналып тұрған кітаптардың көлеңкесінен сескенген жаңа кітаптар жан-жақтарына жалтақтай қарасып үстелдің бір шетіне үрпиісе ығысты. Кенет жаңа кітаптардың бірі тарс етіп еденге құлап түсті.

«Тыныштықты бұзған қайсысың?» -деген зор дауыс естілді. Дір-дір еткен жаңа кітаптар дауыс шыққан жаққа шошына қарасты. Өздеріне қарай тура келе жатқан қалың мұқабалы, зор денелі кеудесінде Александр Дюма деп жазылған «Үш ноянды» көрді. Семсерлері ай сәулесіне жарқ-жұрқ етіп, бөлмені жарыққа бөледі.

– Ке-кешіріңіздер, бұл бі-і-з жаңа кітаптармыз, байқамай мазаларыңызды алдық»,- деп бәрі бірдей кібіртіктеп жауап берісті. Тақап келген «Үш ноян» судай жаңа кітаптарға таңырқай қарап: «Қош келдіңіздер, біз осы жердің сақшыларымыз, неге үрпиісіп тұрсыздар, төрлетіңіздер деп қонақжайлық көрсетті.

Түстері суық болғанымен, жылы сәлемдескен сақшыларға риза болған жаңа кітаптар бойын қуаныш кернеді.

Құрметті жаңа кітаптар, сіздер ақыл-ойдың жемісі кітаптар ордасының қорына қосылып жатырсыздар. Кітапхана өзіндік қыр-сыры, тәртібі мен ережесі бар үлке-ен ғылым. Қорға түскен әрбір кітап кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесі бойынша өз орындарына ғылым саласына қарай әліпбилік тәртіппен орналасады. Жүріңіздер, біз сіздерді кітапхана қорымен таныстырайық.

Бір біріне таңырқай қарасқан жаңа кітаптар сақшылардың ізіне ерді. Ширатылған мұрты бар толықтау келген сақшы тамағын бір кенеп алып, әңгімесін әрі жалғастырды...

Бұл кітапхананың тарихы сонау 1937 жылдан басталады. Алғашқы кітапхана қорын ұйымдастыру және толықтыру мақсатында халық арасынан қолжазбалар, оқулықтар, оқу құралдары жинақталды. Соғыс жылдары да осы қалаға эвакуациаланған үш жоғары оқу орындарының кітап қорымен толықтырылып, оқу үдерісін толық қамтамасыз етті. Кітапхана қорында мақтанышпен аталатын ерекше орны бар бөлім - сирек кезедесетін әдебиеттер қоры. Оның қорында 1760-1947 жылдары жарық көрген ескі славян, орыс, кәріс, неміс, ағылшын, латын тілдеріндегі әдебиеттер сақталған.

Сап түзеген кітап қорының тізгінін жаратылыстану ғылымдары: адам және қоршаған орта, ғажайып физика мен математика, құпияға толы химия бастайды. Олай болса назар салыңыздар сөреде биология, физика-математика, химия ғылымдарының докторлары, профессорлар мен академиктері көз майларын тауысып, ғылымның қол жеткізген тамаша табыстарын білімін тереңдетем деген жастарға және өз бетімен білім алушыларға арнап жазған оқулықтары орналасқан. Студент жастардың жиі қолданылатын оқулықтары профессор Е.Ж. Айдостың жоғарғы математикасы, Ж. Абдуллаев пен Волькенштейннің физикасы, А.К. Жолдасбековтің теориялық механикасы, Б.Бірімжанов пен К.Аханбаевтің химиясы. Бұл оқулықтардың сұранысы зор, барлығы да баспадан қайта басылып шықты.

32

«Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» деп аталатын Шығыс пәлсапасының ғылыми жетістіктерінің жиынтығын, сондай-ақ, жазушылар А. Сейдімбековтің қазақтың тарихи шежірелерінен мол мағлұмат беретін «Қазақтың ауызша тарихы», Қ. Салғараұлының ғылыми деректерге негізделген «Ұлы Қағанат» атты шығармаларын және көптеген. тарихшы ғалымдар еңбектері жарыққа шығарылып оқырмандармен таныстырылуда.  Сондай-ақ қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің шығармалары да көпшіліктің қызығушылығын арттыруда.



Қазақ экономикасы теориясының негізін салған ғалым Я.Әубәкіровтың және құқық ілімінің көшбасшылары А.Н. Ағыбаев, Баққұлов С.Д. және Ғ.Сапарғалиевтің еңбектері айтарлықтай құнды.

Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болған көне философиялық ілімдердің орны ерекше екені белгілі. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы ең ірі қала – Милетте пайда болып, онда б.э. дейінгі VI ғасыр аяғына дейін ірі ойшыл – Фалес дамытты. Идеализм мен материализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор(б.э.д 580 – 500 ж.ж шамасы) мен Демокриттің (б.э.д Y ғ.) ілімдерімен қатар Қытай философы Конфуций тәлімі, Аристотель, Платон, Гиппократ идеяларын жалғастырушы Әбунасыр әл-Фараби трактаттары туралы мәліметтер қорда кеңінен қамтылған.

Алдарыңызда жарқырап тұрған - қазақ халқының ұлттық болымысын, салт дәстүрін, өмір құбылыстарын сипаттайтын ауызша және жазба әдебиетін, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қалыптасуын зерделеген көркем шығармалар мен оқулықтар сөресі.

Осы жерден әңгімеге көркем жүзді екінші сақшы араласты: Тәуелсіз Қазақстанның кітапханасы дегенімізде, көз алдыңызға елдің үш шыңы: Абай Құнанбаев- қазақ халқының бас ақыны, ұлы ағартушы, кемеңгер ойшыл философ және сазгер; Шәкәрім Құдайбердіұлы –қазақ әдебиетіндегі бірегей тұлға, ұлы гуманист, ақын және прозашы; Мұхтар Әуезов –қазақ әдебиетінің классигі, абай танушы ғалым, заңғар жазушы, қоғам қайраткері елестейді.

Қазақтың бас ақыны Абайдың көптеген шығармаларының ішінен философиялық еңбегі «Қара сөзі» ғасыр бұрын жазылған Абай үні, Абай тынысы бүгінгі заманның үніне үн қосып жаңғырып, жаңа өріс жайып, өзінің философиялық құндылығын арттыра түсуде.

Шәкәрiм Құдайбердиевтің «Үш анық» кітабы - отыз беттен тұратын концепциялық шығарма, кәсiби деңгейде жазылған қазақтан шыққан тұңғыш философиялық тағылым.

Жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы әлемге әйгілі қазақтың тұңғыш эпопеясы. Роман-эпопея туралы қазақтың геолог-ғалымы академик Қ. И. Сәтбаев бағалы пікір білдірген. Осы ғұламалар салып кеткен сүрлеумен өмірге талай танымал ақын-жазушылардың көркем шығармалары келіп, олар да иық түйістіре қатар қоныстануда.

Құрметті достар өз алдына бір төбе боп алтын жазумен жазылып тұрған Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында тарих қойнауында қалған мұралар «Бабалар сөзі» және «Сырдария кітапханасы» сериясымен басылып шыққан 200 томдық туындылар ауылы. Қазақ халқының арасында рухани құндылықтарды қалыптастырған Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Бұқар жырау, Шалкиiз, Ақтамбердi, Шал ақын және т.б. ойшылдар шығармаларының бiр шоғыры осы топтамадан ерекше орын алған. Мақтанарлығы бұл кітаптардың осы өздеріңіз келген жоғары оқу орныны жанындағы ғылыми зерттеу орталығында дайындалуы.

Осы кезде арт жақтан жөткіренген дыбыстар шықты. Бұл не болды екен деп мойындарын бұрған жаңа кітаптар шет ел әдебиеттері деген

33

жазуы бар сөреге көздері түсті. Сапта тұрған атты әскерлердей бастарын шұлғыласып, сымдай түзіліп тұрған әлем әдебиеттері классиктерінің шығармалары әдеп сақтаса да, айтар сөздері бардай тықыршып тұр екен.



Құрметті достар бұл жауһарлардың өздерін сөйлетейік. Бір жөткірініп алып, шетте тұрған француз жазушысы Мари-Анри Бейль, бүркеншік аты Стендаль шығармаларының көп томдығы өз сөресі туралы айта бастады:Біз, әлем әдебиеттері - кітапхананың байырғы тұрғындарымыз, осыдан 15-20 жыл бұрын бізді оқырмандар қолды аяққа тұрғызбай алып оқитын. Өкінішке орай соңғы уақыттары қозғалмай тұрыңқырап қалдық. Қысқа әңгімелер шебері Стендаль 1812 жылы Наполеон армиясының қатарында жүріп Ресейдің Орш, Смоленск, Вязьме өңірлерінде болып атақты Бородино шайқасының куәгері болған. Ол өз сөзінде: «Ресейден нағыз патриоттық сезімді көрдім, орыстың қатал самодержавиесі халықтың рухын мұқалтпапты»,- деп айтып отырыпты.

Келесі тұрған ағылшын драматургы, сықақ жазудың шебері Джером Клапка Джеромның шығармалары. Оның көпке танымал кітабы «Қайықтағы үшеу» («Трое в лодке, не считая собаки» (ағылш. Three Men in a Boat (To Say Nothing of the Dog). Кітап жарыққа 1889 жылы шыққан, содан бері бірнеше рет қайта бастырылып шықты, оның желісі бойынша кино, пьеса, мюзиклдар қойылды.

Мынау әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэйдің еңбектері, көпшілік Папа Хэм дейтін. Оның бойы да, ойы да, рухы да биік, белгілі романдары "Старик и море","По ком звонит колокол". Ағылшын жазушысы Войнич Этель Лилианның «Овод» романы- кезінде жастардың сүйіп оқыған кітабы. Жазушы қыздың шығармасы ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы «Жас Италия» атты италиандық жастардың жасырын қозғалысына арналған. Роман кейіпкері Овод жастарды батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа жетейлейтін. Талай оқиғаны басынан өткізген оқу залында оқырмандар классик-ақын-жазушылар Д.Г. Байронның өлеңдерін, Уильям Шекспирдің соннеталарын жатқа оқитын. Француз жазушылары Эмиль Золя, Ги де Моппасан, Оноре де Бальзак, Анн және Серж Голон т.б. көптеген қаламгерлердің еңбектері көпшіліктің қызу талқылауындағы шығармалар еді. Олардың қайсы бірін айтайтын мейрімді достар. Уильям Сомерсет Моэм 1930-жылдардағы ағылшынның ең атақты прозаигі: «Армандау – шындықтан тайсақтау емес, қиялыңа жақындаудың амалы» деп айтқан болатын. Сол сияқты біздерде қалың оқырман қашан біздің сөрелердегі інжу-маржандарға қол созып, жасамыстар жастық шақтарын еске түсіріп, жас буын білсем деп талпынар екен деп армандаудамыз, күтудеміз...

Шетте тұрған жаңа кітаптардың бірі бұрышта үстелдің үстінде бүк түсіп жатқан бір құшақ кітаптарды көрсетіп, бұлар кімдер, түрлері аянышты екен деп даусы дірілдей тіл қатты.

Үнсіз тұрған алғашқы сақшы терең күрсіне бұл «кітапхана емханасы» деді.

-Қалайша, кітаптарда ауыра ма?-деп әлгі жаңа кітап күмілжи сөзінің соңынын жұтып қойды.

Ия өкінішке орай, оқырмандарымыздың арасынан кітапты салақ ұстайтын, бағаламайтындар кездесіп қалады. Өздері не дейді екен тыңдайықшы.

Бірінші кітап: Мен ғалымдардың еңбегімін, баспадан шыққанда өздеріңіз сияқты тап-таза, топ-толық аяқ қолым бүтін еді. Оқырман мені қолына алғанында қуанғанмын, бірақ қуанышым көпке бармады. Көтеріп жүруге ауырсынды ма, өзіне керекті беттерімді жыртып алатынды шығарды, ақыры қабырғам қаусап шала-жансар күйге түстім.


34

Екінші кітап: Мен де автордың ұзақ ізденісі мен толғанысының жемісімін. Салақ оқырманға тап болып халім мүшкіл болды. Дәріс тыңдап отырып қаламсаппен парақтарымның шетіне шимайлап суреттерді салып тастаған. Ол аздай жеген майлы бәлішін үстіме қойып май-май қылды.

Үшінші кітап зорға ыңырси тіл қатты: Бойымдағы білімімді беріп, оқырманды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ амал қанша бірнеше аптадан соң үйіне әкеліп шкафтың бұрышына тастай салды. Бір күні оның кішкене інісі мені тауып алып парақтарымды аудастырып отырып, қызыққан суреттерін сиямен баттитып бояп, ұнаған суреттерін қиып алып ойыншыққа айналдырды. Оқу жылы аяқталып кітапханашы апайлар әкел демегенде жоқ болып кетуім ғажап емес еді...

Мұны естіген жаңа кітаптар ұқыпты оқырманның қолына түссек екен деп тілесті. Жүздері мұңайып қалған жаңа кітаптардың көңілдерін сергітпек боп сақшылар: Иә, әріптестер, бұл кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Бірақ қапаланбаңыздар кітапханашы апайлар әр кез оқырманға кітапты күтіп ұстау міндетерін қадағалап айтып отырады.

Осы кезде көкжиектен құлақтана көтерілген күн нұрының алтын шапағы кітапхана терезесіне шағылысып тағы да бір бейбіт күннің ақ таңынын атқанын хабарлады. Жаңа кітаптар топырлай жүгірісіп үстел үстіне жайғасты. Ал құрметті сақшылар бұл түннің босқа өтпегеніне риза қалыпта өз орындарына сап түзеді.

Біздің айтарымыз: «Жақсы кітаптарды жинай білген жақсы, ал оларды насихаттап оқыта білу –онан да жақсы»- деп Ф.Петрарка айтып кеткендей, қадірлі оқытушылар ұрпаққа руханият нұрын тарата отырып, олардың кітап әлеміне соқпақ салуына ықпал етіңіздер.

«Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей» деп Цицеронда мақалдапты, олай болса кітапсыз адам өмірі бос. Қадірлі ата-ана, балам сауатты, білімді болсын десеңіз балаларыңызға ертегі кітаптардан бастап, анықтамалықтар, мақал-мәтелдер жинақтарын алып беріп, оларды, ұқыпты ұстауға үйретуді әдетке айналдырыңыз.
//Сыр түлегі.-2013.- №9, қараша-желтоқсан.- 5,7 б.

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЭКСПО-2017
Абдрахман ЕНСЕГЕН

Солнечная энергия: плюсы без минусов
Никаких вредных для климата выбросов углекислого газа. Никакого вреда экологии и окружающей среде. Возможно ли такое? Да, возможно, если использовать возобновляемые источники энергии.
В ряде регионов республики сейчас разрабатываются и реализуются проекты по солнечной энергетике и другим видам возобновляемых источников энегрии. Подобные проект имеют­ся и в нашей области. Под ру­ководством профессора КГУ имени Коркыта Ата Ляззат Аруовой разработан проект па применению гелиотехнологии для производства сборных железобетонных изделий на заводских полигонах не только течение теплого периода, но и в холодное время, то есть круглогодично.

Широкое исследования были начаты с разработки теоретических вопросов, -говорит Л.Аруова. - Одной из первых встала проблема теплообмена изготавливаемых с окружающей средой.

Как правило, теплообмен при нагревании бетона происходит через стороны формы и имеет место на ранней стадии при повышении температуры бетона со стороны бортов формы, обращенных к солнцу. По мере нагрева бетона темпе­ратурные поля претерпевают определён­ные изменения, и теплообмен осуществ­ляется в движении тепла от бетона во вне. Расчёты показали, что теплообмен со средой в процессе прогрева решающего значения не имеет при термообработке бетона в летнее время. В холодные меся­цы или в дождливую пасмурную погоду, когда различие в температурах окружа­ющего воздуха и бетона весьма заметно, этот процесс имеет существенное значение. В этом случае приходится или удли­нять время выдерживания бетона в форме или использовать дублирующий источник прогрева. Изучение вопросов теплообмена дало возможность разработать и технологию термообработки изделий.

Важным вопросом для обеспечения условий твердения бетона, а следователь­но, и качества изготавливаемых железо­бетонных конструкций является влажность среды, — считает Ляззат.

По словам ученого, высокое качество бетона, его структура и свойства были оп­ределены путём многолетних исследова­ний в Кызылординском государственном университете и на заводах Актау и Кызыл орды.

Опыты показали, что структу­ра и свойства бетона (прочность на сжа­тие, растяжение, модуль упругой, морозостойкость) не только не отличались от аналогичных показателей бетонов; твердевших почти тридцать суток в нор­мальных температурно-влажносшых ус­ловиях, но даже их превосходили.

На основе теоретических принципов и экспериментальных исследований была разработана технология производства сборных железобетонных изделий на заводских полигонах с термообработкой при помощи солнечной энергии. Технико-экономические расчёта показывают, что при применения гелиотехнологии экономится большое количество традиционных энергоресурсов - пара или электроэнергии и, в конечном счёте, затрат топлива.

Добавим, что проект нашей героини вызвал широкий интерес среди ученых, и потому вполне закономерно, что ее изобретение планируют показать на Международной выставке ЕХРО-2017, которая, как известно, пройдет под девизом «Энергия будущего».

Известно, что Казахстан выбрал «зеленый» путь экономического развития, который нацелен на повышение благосостояния людей, обеспечение социальной справедливости и при этом на существенное снижение рисков для окружающей среды. И для достижения этой цели у нашей страны имеется мощный потенциал применения возобновляемых источников энергии, особенно в области солнечной энергии.

//Кызылординские Вести.-2013.- 16 декабря.- С.4



Құрастырушы: Р.Т.Доспаева
Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет