Констатирленген тәжірибе көбіне анықталған ұсыныстарды тексеру үшін қолданылады. Бұл тәжірибе процесінде факторлар тізімі анықталған зерттеу объектісі және қорытындылардың әсерлесу қатынасы қаралады.
Бақылаушы тәжірибегекүткен тиімділікті және әсер ету сипаттамасын, жағдайын есепке алып, зерттеу объектісінің ішкі әсер ету қорытындысын бақылау жатады.
Іздеуші тәжірибе егер берілген көрініске әсер етуші факторлар жіктелуі қиындық туғызса қолданылады. Іздеуші тәжірибе қорытындысы бойынша факторлар мәндері құрылады. Шешуші тәжірибе екі немесе бірнеше бірдей болжамдар көптеген көріністермен келіскен жағдайда іргелі теориясының негізгі ережелерінің дұрыстығын тексеру үшін қолданылады. Бұнда көбіне гипотезалардың біреуін дұрыс деп шешу көп қиындықтарға әкеледі. Мысалы, шешуші тәжірибеге Гюйгенстің толқын тәрізді теориясы және Ньютонның жарық ағын теориясын әділ тексеру бойынша тәжірибесі қызмет көрсетіп отыр.
Бұл тәжірибелерді француз ғалымы Фуко (1819—1868) ашқан. Олар мөлдір денелердің ішінде жарық таралу жылдамдығы туралы сұраққа соқтырды. Сондай денелердің ішінде жарық таралу жылдамдығы болжам бойынша көбірек болуға тиісті, қуыста сияқты емес. Бірақ Фуко қайтадан өз тәжірибесінде, яғни тығыз ортада жарық жылдамдығы үлкен болатындығын дәлелдеді. Фуко бұл тәжірибеде, осы уақытқа дейінгі екі болжамның арасындағы таласты шешетін шешуші тәжірибе жүргізді (Максвеллдің электромагниттік болжамын Гюйгенс болжамымен алмастырды). Шешуші тәжірибені басқа мысалмен, жердің қозғалысы туралы Птолемей мен Коперник арасында талас көрсете алады. Фуконың маятникпен шешуші тәжірибесі Коперник теориясының пайдасына толықтай шешілді.