23. Сапалық зерттеу және сандық зерттеулерге салыстырмалы түрде ойыңызды баяндаңыз Сандық зерттеулер алғашқы деректерді жинау және талдауды сипаттайды. Бұндай зерттеулер нақты, статистикалық сандық деректер қажет болғанда жүргізіледі. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз.
Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу), «Қанша?» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді, зерттелетін параметрлердің таралуына баға бере отырып сонымен қатар олардың көлемін: нарықтағы үлесін, танымалдылығын және т.б. бағалауға мүмкіндік берді.
Сандық маркетингтік зерттеулер арқылы шешілетін міндеттер: орыс тілінде қате
• Табиғи және ақша түріндегі нарықтың потенциалды және шынайы көлемін және сыйымдылығын бағалау.
• Негізгі бәсекелестер арасында нарықтық үлестерді үйлестіруге баға беру
• Тұтынушылардың негізгі сараланымдарын анықтау
• Тұтынушының тауарды сатып алуға дайындығын, тауардың нарықтағы өз орнын алудағы үрдістерін және болашағын анықтау
• Тұтынушының кейпін анықтау: әлеуметтік-демографиялық, психологиялық сипаттамалар негізінде
• Тұтынушының тауарға деген қатынасын білдіретін параметрлер негізінде өлшеу жүргізу
• Жаңа тауарды немесе қызметті тұтынып көргендер арасында қайта сатып алу жүйесін жоспарлау
• Тауарға ең үздік қаптаманы анықтау
• Тауарға немесе қызметке оңтайлы бағаны анықтау
• Бос тауашаларды анықтау
• Бар тауардың нарық талаптарына лайықтығына баға беру
• Жарнама науқандарының және т.б коммуникациялық каналдардың тиімділігіне баға беру
• Тауар немесе қызмет сатылымының деңгейіне баға беру
• Өнімнің жекелеп сату желісіндегі таныстырылымына баға беру
Сапалық зерттеулер алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеулердің кең тараған әдістеріне фокус-топ және тереңдетілген сұхбат жатады. Олар адамдардың мінез-құлқының сандық емес сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Егер де сандық зерттеулер «Қанша?» деген сұраққа жауап беретін болса, сапалық зерттеулерді қолдану арқылы біз «Неге?» деген сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боламыз. Сапалық зерттеулер ең алдымен зерттеліп жатқан мәселеге қатысты орын алатын түрлі пікірлерді жинауға мүмкіндік береді.
Сапалық зерттеулер толық әрі жеткілікті саналады, егер де зерттеушілер сирек кездесетін пікірлер жиынтығын жинай алса. Сапалық зерттеулерде ешқандай жағдайда респонденттердің қаншасы осындай немесе өзге пікірлерді таңдағанын санауға болмайды.