Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны жайлы ойыңызды жазып шығыңыз



бет17/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

20. Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны жайлы ойыңызды жазып шығыңыз
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы (жобалау шешімі).
Диплом жұмысының (жобасының) көлемі 60-90 бет болуы қажет. Қосымша диплом жұмысының (жобасының) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысының (жобасының) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

  • - мұқаба (сытқы беті)

  • - титул беті

  • - диплом жұмысының (жобасының) орындалуына тапсырма

  • - мазмұны

  • - кіріспе

  • - негізгі бөлім

  • - қорытынды (тұжырым)

  • - қолданылған әдебиеттер тізімі

  • - қосымшалар

Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

  • - диплом жұмысы (жобасы) орындалған ұйымның атауы

  • - студенттің тегі және аты-жөні

  • - диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы

  • - жұмыстың түрі – диплом жұмысы (жобасы)

  • - мамандықтың атауы және шифры

  • - қала, жыл

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті, құжатты қажет болған жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетінде келесі мағлұматтар келтіріледі:

  • - диплом жұмысы (жобасы) орындалған ұйымның атауы

  • - диплом жұмысы (жобасы) орындалған кафедраның атауы

  • - кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы

  • - жұмыстың түрі – диплом жұмысы (жобасы)

  • - «тақырыбына» деген сөз көрсетілген, диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы

  • - мамандықтың атауы және шифры

  • - сол жағында – «орындаған» сөзі, оған қарама-қарсы оң жағында студенттің тегі мен аты-жөні

  • - бір жол төмен ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және тегі мен аты-жөні

  • - қала, жыл

Диплом жұмысының (жобасының) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тауарлардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларды қамтиды.
Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешуден, ахуалын бағалаудан тұрады, сонымен қатар, дипломның мақсатын, міндеттерін, зерттелу объектісінің теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
Диплом жұмысының (жобасының) негізгі бөлімінде, орындалған дипломдық зерттеулердің (жобалаулардың) мәнін, мазмұнын, әдістемесін және жұмыстың негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Диплом жұмысынң (жобасының) негізгі бөлігі бөлім және бөлімшелерге (бөлімдер және параграфтар) бөлінеді.
Қорытынды (тұжырым) бөлім дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелетін объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
Диплом жұмысындағы (жобасындағы) қабылданған шешімдердің және барлық деректердің объективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жобасының) авторы – өз мойнына алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет