Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Ғылыми зерттеу жұмыстарының дайындвқ кезеңіне тоқталыңыз



бет25/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

28. Ғылыми зерттеу жұмыстарының дайындвқ кезеңіне тоқталыңыз
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жазудың дайындық кезеңі ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау, оның мазмұнын негіздеуден басталады.Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау өте зор маңызға йе. Тақырып дұрыс таңдалса ғылыми зерттеу жұмысы да өнімді, жемісті жазылады. Тақырып зерттеушінің мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Тақырыпты ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып таңдау керек. Тақырыптың ашылу аясын, зерттеуде жүргізілетін жұмыстардың барысы мен жобасын қарастыру қажет.
Зерттеудің объектісі, пәні мен мақсатын айқындауда, зерттеу жұмысының тақырыбы мен олардың арасында жүйелік- логикалық байланыстың бар екені ескеріледі. Зерттеу объектісі дегеніміз –зерттеуші үшін қажетті ақпараттың көзі қызыметін атқаратын ғылымның теориясы мен практикасының түрлі аспектілері қатынастарының жинтығы. Зерттеу пәні- нақты зерттеуге қажетті басты байланыстар мен қатынастар. Зерттеу пәнінің аясы, объектіден тар болады.
Объектті анықтағаннан кейін, нені зерттеу керек деген сұраққа жауап іздеу қажет. Сонымен қатар, зерттеу пәні зерттеу аспектісін анықтайды. Зерттелетін нәрсе- объект, ал осы объекттегі ғылыми түсініктемеге ие болатын нәрсе- пәннің қызметін атқарады.
Зерттеу объектісі- әлеуметтік субъект ретіндегі адамның практикалық және теориялық қызметінің пәніне айналатын объективті шындықтың бір бөлігі.
Зерттеу мақсаты зерттеу объектісі мен пәні, нәтижесі және жету жолдарымен тығыз байланысты. Нәтиже- қоғамдық және нақты пайдасы бар позитивті эффект салдары.

Ғылыми зерттеу тақырбын таңдау


Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
• Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
• Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
• Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
• Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
• Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
• Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді.
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді.
Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Жоспар – ақпаратты бекітудің қысқа нысаны


• Ойдың дейектілігін көрсетеді және жинақтақтайды.
• Мәтіннің мазмұнын ашады.
• Ақпарат көзінің мазмұнын қалыпқа келтіреді.
• Ақпарат көзінің дамуын жеделдетеді.
• Өзін-өзі бақылауды ұйымдастырады

Алайда, жоспар зерттелетін материалдың нақты мазмұнын жеткізбейді, ол тек оның берілуін тезбек ретінде көрсетеді.


Жоспардың көмегімен әртүрлі жазбалар жасауға болады: хабарламалар, рефераттар дайындауға болады. Мәтінмен жұмыс жасағанда жоспар құру келесі алгоритм бойынша жүреді:
• Мәтінді толық оқу
• Оны мағынасына қарай бөліктерге бөлу
• Бөліктердің мазмұнын көрсететін тақырыптар беріңіз
• Мәтіндер жоспарға сәйкес жазылады

Магитаранттың диссертациялық жұмыс жоспары


• Кірспе, негізгі бөлім, тараулар мен параграфтарға және қорытындыға бөлінеді;
• Қарапайым жоспар негізгі мәселелердің тізімін қамтиды;
• Кешенді жоспарларда әрбір тару тармақтарға бөлінеді;
• Кейде кейбір тараулар парграфтарға бөлініп, ал қалғандары қосымша айдарсыз біріккен жоспар құрылуы мүмкін.

Жоспар құру барысында:


• Таңдап алынған сұрақтар тақырыпқа сәйкес және тақырып аумағынан тыс шықпаған
• Тақырып сұрақтары логикалық жүйелілікпен ұйымдастырылған
• Зерттеудің негізгі аспекттілерін көрсететін тақырып сұрықтары енгізілген
• Тақырып жан-жақты зертелген болуын қамтамасыз ету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет