11. Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Жұмыс мәтіні компьютерде терілуі тиіс.
Титул бееті
Мазмұны
Аннотациясының болуы (жұмыстың жазылуына қарай қазақша не орысша және ағылшынша)
Кіріспесі
Зерттеу бөлігіҚорытынды,әдебиеттер тізімі болу керек
27. Ғылыми жұмысты дайындауда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігіне тоқталыңыз
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Заман талабына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Әсіресе, олардың тиімділігі:
1. Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
3. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу);
4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі;
5. Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
7. Студенттің ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с логикалық ойындар).
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез – келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны да белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, теориялық информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығы осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |