30. Ғылыми жұмысты жазу үстінде кездесетін олқылықтарға талдау жасаңыз Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателерді былайша жіктеуге болады:
Біріниіі жағдай жұмыстың тақырыбын (атауын) таңдаумен байланысты.
Екіншіжағдай: тақырып атауыжақсы, жұмысмазмұныда көңілден шығады, бірақ екеуінің арасында байланысжоқ. Бұдан шығатын жол екеу: я тақырыпты өзгерту, я жұмысты тақырыпқа сәйкестендіріп, қайта жазу.
Үшінші жағдай алдыңғы екеуіне қарағанда күрделірек. Зерттеу тақырыбы мен мазмұны бір-бірінетолықсәйкес, алайда берілген тақырып ашылмай қалған. Мұның себептері көп болуы мүмкін. Біз зерттеушінің кәсіби қабілетінің жеткіліксіздігінен тақырыпты аша алмаған себебін
қарастырмаймыз, тек жөндеуге болатын себептерді ғана сөз етеміз. Түзетуге келетін қателердің бірі - зерттеу мәселесі туралы ұзақ кіріспежазу, мәселені, тақырыптың зерттелуін әріден бастау.
31. Ғылыми мәтіннің басты жанрлары: монография, пікір, конспектіге тоқталыңыз Монография - бұл бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақты терең зерттеу жүргізетін, бір немесе бірнеше авторжазатын ғылыми жұмыс.
Пікір (рецензия) дегеніміз - ғылыми зерттеу жұмысына (реферат, мақала, монография, эссе, магистрлік/докторлық диссертация, курстық/дипломдық жоба т.б.) жургізілетін шынайы талдау. Пікір беруші рецензент, пікір беру жұмысы рецензиялау деп аталады. Рецензенттің басты міндеті - жұмысты құр сипатгау емес, ғылыми еңбек авторының көзқарасын қолдау немесе оған қарсы аргументтелген фактілер көрсету, зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беру. Пікір әділ, нақты, шынайы, еңбектің ғылыми, практикалық маңыздылығы турасында, жеке көзқарастардан ада, эмоциясыз берілуі тиіс. Пікір бермес бұрын рецензент материалмен мұқият танысып шығуы қажет.
Конспект (латын тілінен «сопвресіиз», мағынасы - «шолу жасау») - дереккөзден алынған ақпарат қысқаша мазмұндалған// тақырыбы ашылған жазбаша мәтін.
Конспектілеу дегеніміз - түпнұсқадан алынған мәліметтерді рет-ретімен беру. Конспектілеудің негізінде оқығанды немесе естігенді жүйелеужатыр. Конспектжазу мәнері алғашқы дереккөздің стиліне ұқсас жазылады. Егер конспект дұрыс құрылса, ол жазылған ақпараттың логмкалық және мағыналық байланысын жоғалтпайды. Оны арада біршама уақыт әтсе
де, пайдалануға болады, сонымен қатар сауатты құрылған мәліметтерді оқу қиындық тудырмайтындықтан, жазылған конспектіні басқа біреудің қолдануына да болады.