Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Зерттеудегі сапалық дәстүрдің маңыздылығына тоқталыңыз



бет29/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

35. Зерттеудегі сапалық дәстүрдің маңыздылығына тоқталыңыз
Сапалық тәсіл - сапалық деректерге жүгінетін зерттеу тәсілі. Көбінесе релятивизмге, әлеуметтік конструкционизмге және субъективизмге тиесілі ұйғарымдармен байланысты.
Сапалық зерттеу дәстүрі индуктивті әрі дедуктивті логикаға жүгінеді, субъективтілікті бағалайды, әр түрлі көзқарастарды және ақиқаттарды қабылдайды; зерттеу қатысушылардың зерттеушінің үстінен де үстемдік ететінін мойындайды, саяси өзекті мәселелерінен алыстамайды. Сондай-ақ ол саннан гөрі тереңдік басымдыққа ие дейді. Жеке адамдарды, институттарды, мәдени топтарды, тіпті күнделікті өмірдің бір бөлігі болып есептелетін қарым- қатынастарды, процестерді, өмірлік тәжірибелерді, сенім жүйелерін шынайы зерттеп, түсіну үшін қоғамдық құбылыстарды қазбалай отырып жұмыс істейді.
Сапалық тәсіл- сапалық деректерге жүгінетін зерттеу тәсілі. Көбінесе релятивизмге, әлеуметтік конструкционизмге және субъективизмге тиесілі ұйғарымдармен байланысты.
Сапалық зерттеу дәстүрі индуктивті әрі дедуктивті логикаға жүгінеді, субъективтілікті бағалайды, әр түрлі көзқарастарды және ақиқаттарды қабылдайды; зерттеу қатысушылардың зерттеушінің үстінен де үстемдік ететінін мойындайды, саяси өзекті мәселелерінен алыстамайды. Сондай-ақ ол саннан гөрі тереңдік басымдыққа ие дейді. Жеке адамдарды, институттарды, мәдени топтарды, тіпті күнделікті өмірдің бір бөлігі болып есептелетін қарым- қатынастарды, процестерді, өмірлік тәжірибелерді, сенім жүйелерін шынайы зерттеп, түсіну үшін қоғамдық құбылыстарды қазбалай отырып жұмыс істейді.
Жалпы сапалық әдісті қолдану келесі қадамдарды мойындайтын тіпті оларды құндылық санайтын әлемде жұмыс істеу: жан- жақты, толыққанды мәнді табу, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу, жүре келе қалыптасқан әдіснамалық дизайн, кішігірім сандар, кездейсоқ емес іріктеме жүргізу стратегиясы, терең сапалық деректер, индуктивті талдау, идиографикалық түсіндірме беру, зерттеуші зерттеудің құрылымдалған маңызды бөлігіне айналуы үшін жоғарыдағы нәтижелерге қол жеткізу керек.
Сапалық дәстүр сандық дәстүрді қалыптастыратын тұжырымдарды сын тізіміне салады, оның негіздеріне логика, субъективтілік, сан қырлы ақиқат, зерттеудің саяси табиғаты мен саннан гөрі тереңдік маңыздырақ деп есептейді.

36. Инновациялық үрдіс ұғымын талдаңыз


Әлемдік экономикалық әдебиетте «инновация» түсінікті ғылыми-техникалық үрдістің жаңа өнімдер мен технологияларға айналатын деген ұғымға сайып келеді.
«Инновация» термині жеке өзі де және «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық үрдіс», «инновациялық шешім» және т.с.с. ұғымдар сияқты белсенді қолдана басталды.
Инновация басқа да көзқарастарда үрдіс ретінде қарастырылады. Бұл концепцияда жаңару уақытқа байланысты дамиды және нақты көрінетін кезеңдері болады.
Инновацияға динамикалық және статистикалық аспект де тән. Соңғысында инновация ғылыми-өндірістік кезеңнің (ҒӨК) соңғы нәтижесі ретінде көрінеді, бұл нәтижелердің өзінше бір мәселелер шеңбері бар.
«Инновация» және «инновациялық үрдіс» терминдері бір-біріне жақын болса да бір мағыналы емес. Инновациялық үрдіс инновацияны құрумен, игерумен және таратумен байланысты.
Инновацияны жасаушылар (сөзбастаушылар) өнімнің өмірлік кезеңі және экономикалық тиімділігі сияқты критерияларды басшылыққа алады.
Олардың стратегиясы арнайы салада оңтайлы болып таңылатын жаңалықты құрып бәсекелестерін озуға бағытталған.
Ғылыми-техникалық әзірлемелер мен жаңалықтар ғылыми-өндірістік циклдың аралық нәтижесі ретінде көрінеді және тәжірибелік қолданысқа түскеннен кейін ғылыми-техникалық инновацияға ұласады. Ғылыми-техникалық әзірлемелер мен жаңалықтар жаңа тәжірибе ретінде қолданылатын жаңа білімге қосымша болса, ғылыми-техникалық инновациялар (ҒТИ) тұтынушылардың белгілі бір сұраныстарын қанағаттандыру үшін жүзеге асырылатын коммерциялық өндіріс барысындағы жаңа идеялар мен білімнің, жаңалықтардың, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық әзірлемелердің заттануы болып табылады. Инновацияның ерекшелігі ғылыми-техникалық жаңалық пен өндірістік қолданушылық. Коммерциялық жүзеге асырушылық инновацияға қарағанда әлеуетті ерекшелігімен байқалады, оған қол жеткізу үшін белгілі бір күш-қуат қажет. Ғылыми-техникалық инновация ерекше тауар – ғылыми-техникалық өнім ретінде көрініп, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асырылатын коммерциялық өндірістегі жаңа ғылыми идеялар мен білімнің, ашылымдардың, өнертабыстар мен зерттемелердің заттануы болып табылатын ғылыми-өндірістік циклдың соңғы нәтижесін сипаттайды. Осыған байланысты, инновация-нәтижені инновациялық үрдісті есепке ала отырып қарастыру қажет. Инновация үшін барлық үш ерекшелік тең дәрежеде маңызды: ғылыми-техникалық жаңашылдық, өндірістік қолданушылық, коммерциялық жүзеге асырушылық. Бұлардың біреуінің болмауы инновациялық үрдісте кері әсерін көрсетеді.
Инновациялық үрдістің үш логикалық түрі анықталған: қарапайым ұйымішілік (табиғи), қарапайым ұйымаралық (тауарлық) және кеңейтілген. Қарапайым инновациялық үрдіс бір ұйымның ішінде жаңалық ашу мен қолдануды қарастырады, бұл жағдайда жаңашылдық тікелей тауар түріне енбейді. Қарапайым үйымаралық инновациялық үрдісте жаңашылдық сату-сатып алу құралы ретінде көрінеді. Инновациялық үрдістің бұл түрі жаңашылдықты жасаушы мен өндірушінің функциясын тұтынушы функциясынан бөлуді білдіреді. Кеңейтілген инновациялық үрдіс жаңашыл өндірушілерді құру, пионер-өндіруші монополиясын бұзуда көрінеді, бұл өзара бәсекелестік арқылы шығарылатын тауардың тұтынушылық ерекшелігін жетілдіруге ықпал етеді. Тауарлық инновациялық үрдіс жағдайында кемінде екі шаруашылық субъект әрекет етеді: жаңашылдықты өндіруші (құрушы) және тұтынушы (пайдаланушы). Егер жаңалық технологиялық үрдіс болса оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектіде бола алады.
Инновациялық үрдістің тауарға айналуына қарай оның екі органикалық фазасы анықталады: а) құру және тарату; б) жаңалықтың диффузиясы. Алғашқысына, негізінен, ғылыми зерттеулердің, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелі өндіріс пен өткізілімді ұйымдастырудың, коммерциялық өндірісті ұйымдастырудың жүйелі кезеңі жатады. Бірінші фазада жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек алғышарттары жасалады.
Екінші фазада қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты жасаушылар арасында, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында қайта таралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет