Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз



бет28/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

Дәйексөз (лат. Сііо - келтіремін, шақырамын) - түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау, біреудің пікіріне сын айту, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек.
Дәйексөз негізінен баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен әртүрлі қолжазбаларда, баяндамалар және сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйексөздерді ғылыми еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде ғалымдар мен әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлерінің пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға септігін типзеді.
Дәйексөз, көбінесе, ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйексөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйексөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақты көрсетілуі тиіс.
Дәйексөз тырнақшаға алынады және автордьің жазған стилін сақтап, дереккөздегі қалпындағы грамматикалық формада беріледі.
Нақты дәйексәздің нақты емес дәйексөзден қандай айырмашылығы бар?
Нақты дәйексөзде өзгенің мәтіні мөзбе-сөз беріледі. Мұндай дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады, дәйексөзден кейін дәйексөз алынған жұмыстың беті көрсетіліп, сілтеме беріледі. Сілтеме тік жақшамен беріледі.
Ғылыми жұмыс авторы нақты емес дәйексөзді қолдяма отырып, сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді. Мұндай дәйексөз тырнақшаға алынбайды, бірақ жұмысқа міндетті түрде сілтеме жасалады.
Плагиат дегеніміз – өзге адамның идеялары мен сөздерін алып, өзінікі ретінде ұсыну; дереккөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану. Бұл авторлық құқықтар туралы заңнама талаптарына сай заң алдында жауаптылыққа тартуға әкелуі мүмкін. Плагиатпен айналысу құқықтық жауаптылықпен қоса кәсіби акадедмялық этиканың ережелерін бұзу бопыл саналады. Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Интернет жүйесінің дамуы да плагиат мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Болашақта бұл жағдай өзгереді деп ойлаймыз. Академиялық көпшілік плагиат жасаумен айналысқан студент жұмысына қанағаттанарлықсыз баға қойылуы керек деп санайды. Кейбір шетелдік оқу орындарында мұндай студентті оқудан шығару тәжірибесі де бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет