«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары 1-деңгей «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет8/36
Дата25.12.2023
өлшемі382,28 Kb.
#199195
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары -emirsaba.org

Қорытынды сөйлем- параграфтың соңында жазылады
негізгі берілген ойды түсіндіріп, талдау жасайды. Параграфтың тақырыбы жөнінде мысалдар береді
негізгі ойды білдіріп, параграф басында жазылады. Себебі бұл сөйлем осы бөлімнің басты идеясын береді
кіріспеге жазылатын стильдің бір түрі
негізгі ойды білдіретін бірнеше сөйлемдер
  1. Академиялық мəтін құрылымы: Қосымша. Сілтеме жасау, оның түрлері. Аружан (Академиялық мәтін жайлы. Қосымша мен сілтемені таппадым)


Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі және жауапкершілікті. Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.


Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге карағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексика- лық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті пікір ұстанбауы тиіс. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген создер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.
Шектеулі. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені гана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының тәмендеуіне алып келеді.
Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты.
Сонымен, академиялық жазылымның ерекшелігі:
Объективті түрде жазылады;
Ғылыми стильде жазылады;
Жүйелі құрылыммен жазылады;
Сілтемелерді жиі қолданады.
  1. Ғылыми жұмыстың стилі мен тілі. Аружан


Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар.


Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.
Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады.Яғни, ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.
Ғылыми стильдің лексикалық ерекшелігі
•лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады;
•сөз нақты өз мағынасында қолданылады;
•көп мағыналылы сөздер, образды сөздер аз кездеседі;
•ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер,интернациональдық терминдер мол қолданылады;
•нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;
•күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;
•неологизм сөздер жиі кездеседі.
Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:
• Логикалылық
• Айқындылық
• Дәлдік
Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі.
Айқындылықтың мәнісі –үлкенді –кішілі пікірледің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі.
Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн.
  1. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау бойынша баяндамаға қойылатын талаптар мен ұсыныстар. Аружан


Диплом жұмысты алдын ала қорғау бойынша баяндамаға қойылатын талаптар мен ұсыныстар


Жұмыс қатты және жұмсақ мұқабада түптеліп, екі дана дайындалады. Дипломдық жұмыс (жоба) көлемі 60-80 бет болуы қажет, ал шет тілінде жазылған дипломдық жұмыс көлемі 40-50 бет. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне кірмейді. Диплом жұмысы (жоба) қазақ (мемлекеттік) және орыс тілінде орындалады.
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
• мұқаба (сыртқы беті) (Г қосымшасы);
• титул беті (Д қосымшасы);
• диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (Б қосымшасы);
• мазмұны (В қосымшасы);
• кіріспе;
• негізгі бөлім;
• қорытынды;
• пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
• қосымшалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет