18.Антикалық математика, астрономияның дамуы Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Грекия болып табылады. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді. Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі». Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды. Пифагор Самосский /б,з,д, 580-500жж./ - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген.
19.Александриялық мусейон мен александриялық кітапхана ғылымның институциалдануының алғашқы формалары Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты. Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, тарихтан біз білетін ең ежелгі кітапхананың бірі - Египеттегі атақты Александрия кітапханасы. Әлем руханиятының тарихына академия, музей, кітапхана деген ұғымды қалыптастырып, адамзат өркениетінің аңсары мен нысанасына айналған Александрия қаласының негізі Ескендір Зұлқарнайынның – Александр Македонскийдің әмірімен 332-331 жылдары қыс айында қаланды. Бас сәулетшісі родостық Дейнекрат, құрылысты жүргізген навкратистік Клеоменс тағайындалды. Алғашқы Бас кітапханашы – Аристотельдің шәкірті, Афинаның бұрынғы билеушісі фалестік Деметрий. Әлемнің сегізінші ғаламаты – Александрия (Ескендір) кітапханасында қызмет көрсетуге ғұламалар ғана қабілетті еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Александрия кітапханасында қызмет атқарған айтулы тұлға – Клавдий Птолемей. Кітапханашы әрі ғалым аспан денелері қозғалысын зерттеген. ХII-ғасырда атақты «Александрия кітапханасы Халиф Әмір бастаған мұсылмандардың 642 жылғы жорығы кезінде өртенген» деген ақпаратқа кезінде Мұстафа Шоқай: «Бұл екінші крест жорығында жеңіліс тапқан христиандар мұсылмандарға қарсы өшпенділік тудыру үшін ойлап табылған жала. Себебі, Александрия кітапханасы 642 жылғы Әмір Халифтің жорығынан 250 жыл бұрын 391 жылы христиандардың қолымен өртеніп, жойылып кеткен» деп дәлелдейді