Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Поппердің ғылымдар прогресі



бет61/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

Поппердің ғылымдар прогресі
Поппердің пікірінше, ғылым батыл түрде ұсынылған пікірлер жəне келесіде оны қатал сыннан - қарсы мысалдарды табу - өткізумен дамиды.
Өзінің «Үшінші əлем» аталған тұжырымдамасында, «Объективтік білім» атты шығармасында ол келесі үш əлемді ажырату қажет деп, тезис ұсынады: «біріншіден, физикалық объектілер немесе физикалық жағдайлар əлемі; екіншіден, сана, ойлау (менталитет) жағдайы жəне іске диспозиция мүмкіндігі; үшіншіден, ойлаудың объективтік мазмұны, əуелі, ғылыми идеялардың, поэтикалық ойлар мен өнер шығармалары». Үшінші əлем физикалық əлем мен сананың нəтижесі, адам іс-əрекетінің нəтижесі. Оның қажетті шарты тілдің шығуы. Тілде тұрақталып, білім «объективтік рухқа» айналып, объективтік қасиетке ие болады.
51.Томас Кунның ғылыми революция теориясы(тұжырымдама) 
Кунның пікірінше, ғылымның дамуы - ол екі кезеңнің бір-бірін ауыстыру процесі - «қалыпты ғылым» жəне «ғылыми революция». Екіншісі ғылымның тарихында біріншіге қарағанды аз кездеседі. Кунның тұжырымдамасының əлеуметтік-психологиялық аспекті - ол ғылыми ұжымның өкілдерімен нақты бір парадигманы ұстану, яғни, бұл оның ғылымның əлеуметтік құрылымында алатын орны, ғалым ретінде қалыптасуындағы ұстанатын принциптері, мейірі мен эстетикалық себептері мен мəнері. Осы факторлар ғылыми ұжымның негізін құрастырады.
Кунның тұжырымдамасында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары. Парадигмаға келесі екі қасиеттер тəрізді: 1. ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады, 2. ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады. Парадигма - ол əр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге жəне оларды сараптауға бағытталған. Парадигма əлде «пəндік матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау» - ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмəнсіз жəне қайшысыз қолданатын пікірлер; 2. «парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы, «жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3. құндылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан 69 үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер. 
52. П.Фейерабендтың «эпистемологиялық анархизмі»
П. Фейерабенд (1924-1994) – американдық-австриялық философ және ғылым әдіскері, постпозитивтік философияның радикалды қанатының өкілі. Бұл оның ғылым әдістемесінен де, оның неопозитивизмді сынау сипатынан да көрінеді. Оның ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары дәлелдеген «эпистемологиялық анархизм» тұжырымы кең танымалдылыққа ие болды, мұнда ол ғылыми және дүниетанымдық плюрализмге тоқталады. Контриндукция кеңінен танылған және мойындалған теориялармен және жан-жақты негізделген фактілермен сәйкес келмейтін болжамдарды жасауды және енгізуді талап етеді. Фейерабенд ұсынған бұл принцип «эпистемологиялық анархизм» теориясын тудырды. Кун ғылыми білім мен ғылыми ұтымдылық принциптерінің қатыстылығы туралы тұжырымды ұсынып, оларды ғылыми қауымдастыққа байланыстырса, Фейерабенд ғылыми қауымдастықты жеке тұлғамен алмастырды. Ол: «ғалым қандай да бір нормаларға бағынбауы тиіс, ол фактілер мен құбылыстарды ешқандай идеялар мен теориялардың қысымына түспей, дербес зерттеуі қажет. Ғалым дәстүрлерге, нормаларға, парадигмаларға иек артса, оның зерттеу тақырыбы басқа тақырыптарға тәуелді болса, бұл ол жасаған теорияның объективтілігі мен шынайылығына кепіл болмайды. Басқалардың ғылыми қызығушылықтарын қолдай отырып, өзге көзқарасқа сабырмен қарау қажет, осының өзі жеткілікті» деп жазды. Фейерабендтің ойынша, ғылыми ойлау стандарттары материалдық ықпал күшіне, метафизикалық күшке ие, сондықтан ғалым көп жағдайда оларға бейімделуге мәжбүр болады. Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмін» «идеялардың бассыздығын», иррационализм ретінде түсіндіруге де болады. Ол білімнің сабақтастығына, ғылымның тұрақты дамуына алып келетін факторларға жеткілікті назар аударған жоқ. Алайда, оның шынайы ғылымға берген сипаттамалары көбіне дұрыс болып келетін, сондықтан оның идеялары бірден сынға ұшырап отыратын. Заманауи ғылымға «ішкі жағынан» қарай отырып, Фейерабенд көптеген зерттеушілерге классикаллық ғылымның архаикалық, догматтық идеалдарынан бас тартуға көмектесті. Ол заманауи ғылымда плюрализм, толеранттылық принциптерінің қолданылу құқығының бірдей екендігін, ғылыми элитаның ғана емес, ғалымның да шығармашылық ізденіс жүргізуге құқығы бар екендігін көрсетті. Бұл принциптердің орындалмауы ғылыми танымның тоқырауына алып келеді.
53. М.Поланидің айқын емес (көрінбейтін) білім концепциясы.
Поланидың айтуынша, ғылыми зерттеудің мәні объективті ұтымдылыққа және шындықтың ішкі құрылымына енуде жатыр. Полани таза эмпирикалық және формальды-логикалық амалдардан бас тартады, ол айқын емес білімнің эпистемологиясын негіздеді. Ол «бүкіл әлемді тану үдерісіне қатысатын білімнің екі типі бар» деп көрсетеді, олар: орталық (айқын) және жасырын (айқын емес). Айқын емес білім – білімнің логикалық формаларына арналған қажетті негіз. Ол ғылыми ізденіс шеберлігіне тікелей үйрету («қолдан қолға») кезінде және ғалымдардың жеке қарым-қатынастары арқылы беріледі. Білімнің екі типінің арасындағы байланыс екі жаққа да бірдей: әрбір ғылыми термин, Полани бойынша, «айқын емес біліммен жүктелген» және оның мәнін дұрыс түсіну тек теориялық кең мәтінде қолданылғанда ғана мүмкін болады. Полани ғылыми танымда дәстүрлер мен құндылық бағдарлары маңызды орын алады деп көрсетеді. Бұл – айқын емес, тәжірибелік білімнің құрамдас бөлігі, мұнда логикалық-вербалды формалар көмекші рөл атқарады. Ғалымның өз еңбегінде арқа сүйеген алғышарттарын толықтай вербалдандыру, яғни тілмен жеткізу мүмкін емес. Осындай типтегі білімдерді ол айқын емес деп атады: «... Ғылымның дәл жүрегінде тұжырымдау арқылы түсіндіру мүмкін емес білімнің тәжірибелік саласы бар». Оған дәстүрлер мен құндылық бағдарларын жатқызуға болады. 
Айқын емес білімге тұтастық (әлемнің) элементтерінің сыртқы білімдері жатады, ол сонымен қатар осы білімдердің тұтастыққа қосылуына көмектесетін интегративті үдерістерді де қамтиды. Жалпы, таным үдерісі дегеніміз айқын емес білім шекараларының үнемі кеңейіп отыруы және оның компоненттерінің орталық білімге қосылуы деп санайды Полани. Айқын емес білімнің және айқын емес дәстүрдің екі типін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, білімнің тікелей қарым-қатынас арқылы берілуі, жеке байланыссыз мұндай білімді беру мүмкін емес; екіншісінде мәтін білім беруші ретінде саналады, мұнда тікелей қарым-қатынастың қажеті жоқ. Айқын емес дәстүрлердің негізінде әрекет үлгілері мен өнім үгілері жатуы мүмкін. Айқын емес білім туралы тұжырыммен Поланидің тұлғалық білім теориясы тікелей байланысты. Білімді нақты тұлғалар алады, таным үдерісін бір қалыпқа келтіру мүмкін емес, ал білімнің сапасы ғалымның жеке қабілеті мен тұлғалық қасиетіне байланысты деген ойды дәйек етеді Полани. Ол өз тұжырымын келесідей еңбектерінде мазмұндаған: «Тұлғалық білім. Постсыншыл философияға барар жолда»; «Айқын емес білім»; «Білім мен болмыс». Поланидың теориясының кемшілігі ол білімнің айқын және айқын емес типтерінің генетикалық өзара байланысына назар аудармайды. Бұдан бөлек, ол ғылыми зерттеудегі формальды емес, мазмұндық компоненттердің рөлін ерекше бағалай отырып, танымды толықтай алгоритмдеуге болмайтындығы туралы тезиске сүйеніп әдістемелік зерттеулердің пайдасы аз деген қорытынды жасайды
54. П.Фейерабенд еркін қоғамдағы ғылымның орны туралы.
П. Фейерабенд (1924-1994) – американдық-австриялық философ және ғылым әдіскері, постпозитивтік философияның радикалды қанатының өкілі. Бұл оның ғылым әдістемесінен де, оның неопозитивизмді сынау сипатынан да көрінеді. 
Оның ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары дәлелдеген «эпистемологиялық анархизм» тұжырымы кең танымалдылыққа ие болды, мұнда ол ғылыми және дүниетанымдық плюрализмге тоқталады. Ол үшін қоғамның саяси өмірінде анархизм қатты қызығушылық тудырмайды, алайда таным теориясы мен ғылым философиясында оның орнын ешнәрсе баса алмайды, себебі ол шығармашылық еркіндігін қамтамасыз етеді. Фейерабендтің ойынша, шексіз мөлшерде бәсекелес теориялар болғанда ғана ғылыми білім дами алады, себебі теориялардың бір-бірін сынға алуынан ғылыми білім жетіліп, даму үдерісінің қозғаушы күшіне айналады. Ғылымның дамуын ұтымды түрде түсіндіріп беру мүмкін емес, себебі, ол – объективті негізі жоқ үдеріс. Ол объективті шындықты іздеуге бағытталған, шындығына келгенде объективті шындық жоқ, ол әр түрлі тұжырымдардың жүйесіз үймеленген жиынтығы. Алайда ғылым ұтымдылықтың жалғыз формасы емес. Зерттеуші білімнің әр түрлі ғылыми емес формаларынан догматтық түрде бас тартпауы қажет. Алайда оның таңдау құқығы бар. Ғылыми ізденістің көптеген бағыттары бар, ізденіс барысында ұқсас тұжырымдар мен танымның әрқилы құралдары пайдаланылады. Эпистемологияда «ғылыми танымның бірыңғай әдістемелік стандарттары мен нормалары болуы мүмкін емес». Әдістемелік плюрализм – бұл танымның табыстылығының кепілі. Кез келген ғылыми білім идеологияға ие. Сондықтан, ғылымдағы ұқсас амалдардың, әдістер мен теориялардың бір-біріне қарсы келуі зерттеушінің әлеуметтік және дүниетанымдық бағдарымен түсіндіріледі. Ғылым – бұл өнім, ол адам мәдениетінің, өркениетінің бөлігі. Осы тұрғыда оны «тәуелсіз қоғам» тудырған. Алайда, сонымен қатар ол – жеке тұлғалардың көп бағдарлы белсенділігінің өнімі. Сондықтан да, «ғылыми идеологияда авторитаризмге орын жоқ». Фейерабенд «әдістемелік жарылыс» – ғылыми білімді дамыту шарттарының және факторларының бірі деген қорытындыға келеді.
Фейерабенд неопозитивистердің маңызды болып саналатын келесідей тезистерін де өткір сынға алады: теориялардың дедукциялануы немесе қатар қолданылуы туралы тезис және әр түрлі теорияларға жататын терминдердің мағыналарының қайталану принципі. Ол аталған тезистердің алғашқысын қанағаттанарлық емес деп санайды: жаңа теорияның ескімен қатар қолданылуы жаңа теорияның қолданыстан алынуына әкеп соғады, осының салдарынан ғылыми білім тоқырайды. 
Неопозитивистердің эмпирикалық және теориялық білім деңгейлерін бөліп қарастыру туралы тұжырымын сынға ала отырып, Фейерабенд Поппердің «бақылаудың теориялық жүктелуі» туралы идеясын әмбебап деп сипаттайды. Ол теориялық білімнің әдістемелік рөлін дәлелдеуге тырысты, оның ойынша бұл «теориялық реализмнің» негізін құрайды. Термин нақты бір теорияның аясында дәлелденген мәнге ие, оның басқа мағынасының болуы мүмкін емес. Әрбір теория өзіндік бастапқы жорамалдар жинағына ие болғандықтан, олардың терминдерінің мағынасы қайталанбайды және салыстырылмайды. Бұған қоса, ғылыми теориялар дербес және салыстырылмайтын болғандықтан, олардың әрқайсысын жеке түрде бақылау қажет. «Бөтен» терминология мен тілдің ешқандай сынға ұшырамай ғылымға енуі ғалымның қызметіне зиян келтіреді. 
Фейерабенд – теориялардың өлшемі жоқтығы туралы тезистің жақтаушысы. Қолданыстағы теориялардың өзара қайшылыққа ұшырауының себебі олардың әрқайсысының өз стандарттары мен нормалары бар. Ол ғылыми теориялардың полиферациясы (көбеюі) мен контриндукциясы (білімнің жекеден жалпыға қарай «өсірілуіне» қарсы) жайлы жеке ұстанымдарын алға тартты. Оның ойынша, ғылым теорияларды көбейту үдерісіне айналып, білімнің көптеген тең құқықты типтерінің бірге өмір сүруіне мүмкіндік береді. Танымның әмбебап әдісі мен объективті ғылыми шындық бар деген ойды Фейерабенд жоққа шығарады. Ұтымдылық өлшемдері нақты емес, олар салыстырмалы түрде берілген және барлық жерде және барлық уақытта пайдалануға болатын өлшемдер жоқ. 
Контриндукция кеңінен танылған және мойындалған теориялармен және жан-жақты негізделген фактілермен сәйкес келмейтін болжамдарды жасауды және енгізуді талап етеді.
55.Гегельдің жалпы дүниетанымдық көзқарас сипаты.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi..Гегелді философ ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттіктрансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді
Гегель өзінің “Рух феноменологиясы” (1807), “Логика ғылымы” (1812), “Тарих философиясы”, “Құқық философиясы” (1821), т.б. еңбектерінде тарихи даму иедясын тұтастай диалектика теориясына айналдырады. Қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне арналған алғашқы философиялық шығармаларының бірі — “Кім абстрактылы ойлайды” атты мақаласында, ал болашақ диалектикалық, зерделілік әдіске негіз қалады.
Таным теориясының келелі мәселелерін көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан “сезімділік, пайым — нақтылықтық бейнесі, ал абстрактылық — ойдың жоғарғы даму үрдісімен тығыз байланысты” деген пікірге қарсы шықты. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нышаны екенін, тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана елігетінін сынай отырып, абстрактылы ойлаған адам өз ойына мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіздік танытатынын дәлелдеді. Ал таным процесі нақтылыққа ұмтылуға тиіс. Нақтылық — көптеген анықтамалардың жиынтығы, көпжақтылықтың бірлігі, яғни, кез келген мәселеге объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды қажет етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нақтылыққа қарай ұласу принципіне бағынады. Таным процесіндегі логика мен диалектикаға ерекше назар аударған алғашқы еңбектерінің бірі — “Рух феноменологиясында” Гегель зерде мен пайымның даму процесін тарихи негізде қарай отырып, көптеген жаңалықтар ашқанымен, негізгі мәселеге — философияға қатысты үлкен қайшылыққа ұрынды. Ғасырлар бойы қалыптасып қалған анықтамадан бас тартып, философияның мәні даналыққа ұмтылу да, даналық та емес деп, оны ғылым саласына айналдыруды көкседі. Мұның өзі кейінгі кезеңдерде философияға жалпы дүниені, қоғам мен табиғатты, ойлауды зерттейтін ғылым ретінде қарауға, ақырында оны идеологиямен қойыртпақтап, өз мәнінен айыруға жол ашты. Маркстік-лениндік философия дегеннің өзі осы жаңсақ идеяның “жемісі” еді.
Гегельдің ойынша, дүниеде бір күйде қалатын, өзгермейтін ештеңе жоқ. Қоғамның, адамның, танымның, тарихтың дамуы — объективті процесс, ешкім оны тоқтата алмайды. Табиғаттың дамуы адамға келіп тіреліп, адамзат, қоғам тарихына ұласып кетеді. Гегель дамуды сапалы, үдемелі, қайшылықты, төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге, абстрактыдан нақтыға қарай жүріп отыратын процесс деп қарайды. Яғни, даму — бар заттың ескіріп, ескінің жойылып, оның негізінде жаңаның пайда болу процесі. Сондай-ақ, дамудың себебі мен көзі қайшылықта, тұтас нәрсенің екіге — қарама-қарсылықтарға бөлінуінде, қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінде екендігін дәлелдеді.
56.К. Поппердің фальсификация принципі (пікірі).
Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) - британдық философ. Австрияда
дүниеге келді, 1937-1945 жж. Вена университетінде, əуелі физика, математика
мен психологияны содан кейін философияны меңгерген. Жаңа Зеландияда
философиядан дəріс оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның экономика мен саяси
ғылымдар мектебінде профессор, логикадан дəріс оқыған, 1949-1969 жж. сол
мектепте логика мен ғылым методологиясының профессоры. Вена ұжымының
дискуссияларына қатысқан, оның бағдарламасына сынау жасаған; 
Поппер ғылымның шекарасын анықтауға енгізген. «Мен ғылым мен
ғылым еместің аралығын көрсеткім келді, себебі, ғылым көп жағдайда
қателеседі, ал ғылым емес кездейсоқтықта ақиқатқа ұрынуы мүмкін».
Демаркация мəселесі (бөлу, ажырату) ғылымды иррационалды аңыздар мен
квазиғылыми құбылыстардан, экзистенциалдық, идеологиялық қатпарлардан
босатуға арналған. Бірақ, демаркация кең мағынасында эмпириялық
ғылымдарды математика, логика мен метафизикадан бөлу мөлшерлерді іздеу.
Демаркация белгісі ақиқатты жалғандық қатынастырға теңделмейді, ол тек
ғылымның нақты аймаққа қатысын білдіреді. Индуктивті логика демаркация
белгісінің ерекшелігі мен лайықтығын анықтамайды. Поппердің айтуынша:
«демаркация белгісін келісім немесе конвенцияның ұсынуы деп түсіну керек».
Ғылыми өлшемнің ең əлсіз нүктесі - тəжірибелік тексеру - олда
жетілмеген. Яғни, теорияны дəлелдемейтін де фактілер кездеседі.
Л. Витгенштейннен келесі пікір жалғас алады, əр ғылымдылыққа қатысты
теория фактілерге (хаттамалық пікірге) сүйенеді жəне тəжірибенің нəтижесі
болады. Ал Поппер таза бақылаудың мағынасыздығын немесе нақты, бақылау
тек тандамалы жəне мақсатты деп жариялаған. Сөйтіп, ол анық жариялаған:
«Теорияның ғылыми мəртебесінің белгісі оның фальсификациялануымен жоққа
келтірілуі...». Əр жақсы, жетілген теория тиым салады, теорияның тиым салуы
көп болса, ол жетілген, басқа теориямен жоққа келтірілуі тек бір сəтте. Басқа
жағынан қарасақ, Л. Витгенштейннің бақылаудың үстемді шешімімен келіссек,
тəжірибелік білім теорияның ақиқатты екендігіне толық негіз бола алмайды,
себебі, тек бір факт арқылы теорияны жоққа келтіруге болады. Дəстүрлі мысал:
биологтар, Австралияда қара түстілер кездескенше дейін аққулар тек ақ түсті
деп саналған.
Осыларға назарын аударып, Карл Поппер верификацияның келешегі деп
теорияны принципиалды түрде жоққа шығаруды, оның фальсификациясын
ұсынады. Осы жағдайда, ғылыми деп соңғы ақиқат деп жарияланған емес,
жоққа келтірілгенді санаймыз. Ғылыми емес құрылыстар (қосымша
метафизикада) фальсифицияландырылатын ғылыми теориялар қарағанда жоққа
келтірілмейді, себебі, жоққа келтіру эмпириялық, тəжірибеге негізделген
білімді дəлелдейді, яғни, оның ғылымдылығын, фактілермен байланысын.
Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мəнінде жоққа
келтірілмейді. Оны ешқандай факт жоққа келтірмейді, себебі, ол фактілермен
жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясына
деген қатысым революционды болған соң, сол себепте, мен ойламағандай,
қабылдауда қиындық тудырды».
Оның пікірінше, ғылым мен рационалдылық тоталитарлы иррационалдылықтың рухына қарсы болатын негіз. Демаркация мен
фальсифицияландыру идеясы - оған əлемде атақ əкелген жетістіктер.
Фальсифицияландыру қағидасы верификация принципіне альтернативаны
құрастырады жəне бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм
принципіне сынау ретіне тудырады. Индуктивизмге қарсы Поппер эмпириялық
бағдарламалардың рационалды құрастырылған схемалар үстемді ғылыми
зерттеудің гипотетикалық-дедуктивтік моделін ұсынады. Эмпириялық
бағдарламалар өздері конвенционалды түрде қабылданған эмпириялық негізге
арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризмінен бет бұрады.
Ол зерттеудің теориялық пен эмпириялық деңгейлерінің теңдігі мен
байланысын қөрсетуге тырысты.
Фальсифицияландырылу теориясы 1965 ж. Лондон коллоквиумінде
жарияланды, келесі бірнеше жылдар Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым
философиясының пікірталасының орталық тақырыбы болды. Күмəнсіз,
фаллибилизм туралы тұңғыш рет айтқан Ч. Пирс (1839-1914 жж.), бірақ
артикуляциаландырылған доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми білімнің өсуі
мен логикасы» атты шығармасында (1934 ж.) айналдырды. Фаллибилизмді тек
60-шы ж. қолдана бастады. Попперниандік қозғалысқа кіргендер: Дж. Агасси,
Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.
Поппер өзінің фальсифицияландыру концепциясын келесі тұжырымнан
бастайды - теориялық білім шамамен болжамды, ол қателікке ұрынады.
Ғылыми білімнің өсуі ғылыми гипотезалардың ұсынуы мен жоққа келтіруді
негіздейтін процесс. Соңғысы фаллибилизм принципінде бейнеленеді. Поппер
сенеді, қанша тексерістен өтсе де ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың
мүмкіндігі нөлге жақын. Басқаша айтқанда, теориялардың бəрі қате деп
қателесуге болмайды. Сонымен бірге ол өзінің жағымды қағидасын ғылым
философиясының идеялық ағымдарының контекстіне қоюға тырысты.
Конвенциялық 
пікір бойынша табиғат заңдарын бақылаумен фальсифицияландыруға болмайды жəне жүйелерді фальсифицияландырылған
немесе фальсификацияға жатпайтын деп бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анық
емес деп тұжырымдайды. Сөйтіп, осы принциптін түсіндіруінде кейбір
қозғалыс бар. «Фальсификация» термині теорияға қарсы келетін эмпириялық
фактілер арқылы теорияны жоққа келтіру деген мағынаны білдіреді.
Фальсифицияландыру дегеніміз əр ғылыми теорияның фальсификацияға
ашықтығы. Фальсифицияландыру дегеніміз теория оны дəлелдейтін, яғни,
дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес,
сонымен қатар, теорияға қарсы, əлі белгісіз эмпириялық куəландырылмаған
потенциалды фальсификаторлар тобы. «Теория «эмпирикалық» немесе
«фальсифицияландырылатын» деп аталады, ол екі топ мүмкіндігін, негізгі
пікірлерді екі қуыссыз топ астына бөлсе: бірінші, өзімен сəйкес емес, өзіне
лайық емес негізгі пікірлер тобы; екінші, өзіне қарсы емес, өзі «жіберетін»
негізгі пікірлердің тобы». Осы анықтаманы нақты айтсақ, теория
фальсифицияландырылады, оның нақты фальсификаторлардың тобы қуысты
(бос) болмаса. Алғашқы «қияли фальсификационизмнен» (тəжірибемен жоққа
келтірілген гипотезалар түсіп қалады) фальсификационизмді жетілдіруге
қозғалыс (теориялар ұқсастық арқылы тексеріледі жəне жақсы дəлелделген
теориялар түсіп қалмай басқа жемісті фактілермен түсіндірілген теорияларға).
Бұл жерде жаңа ұғымға сұраныс бетке шығады - корроборация, яғни,
теорияның мүмкіндігін көтермейтін, оның фальсифициаландыруын бұзбайтын
дəлел. Теория корроборияландырылған деп саналады, одан эмпириялық
куəліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылған деп
саналады: 1. потенциалды фальсификаторлар тобы кең болса; 2. қатал
тексерістен, яғни, қиын, күтпеген эмпириялық куəлікпен - қабылданған
теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».
Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы əлемдік эволюциялық үрдістің
нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік
дəстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процестер
арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз
жəне идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты
тағы бір пікір - методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі,
ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясына (бірлігіне) əкеледі, ал
эволюциялық процесс көптүрлілікке əкеледі
57 Г.Гегель және тарих философиясы
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф.Гегель (1770 – 1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, 17-18 ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттң жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланады.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан- қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды. 
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым– нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық – ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан- ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, обьективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процедурасы абстрактылықтан басталып, нақтылықта қарай өрлейді. Бұл-таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципте К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді. Атақты философ Э.В.Ильенков К.Маркс «Капиталындағы» нақтылықпен абстрактылықтың диалектикасы деген кітабында Гегель айқындап берген, К.Маркс пайдаланған осы әдістің мәнін жан-жақты талдап алады.
Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Адам тарихы өзіндік даму нәтижесінің барысында белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Гегельдің түсінігінше тарих - рефлексия үдерісі сияқты. Бұл рефлексия дамудың диалектиқалық заңдарына бағынады
Гегель философиясы оның "философия тарихымен" аяқталады. Философия тарихын, Гегельдің пікірінше абсолюттік рухтың өзін-өзі тануы ретінде, ақиқаттық тарихи дамуы ретінде қарастыру керек. Өзінің идеалистік көзқарасына сәйкес, Гегель философия тарихында бұрмаланды. Сонымен бірге оның көптеген диалектикалық идеялары осы кезге дейін маңызын сақтап келеді. Өзінен бұрынғы философтардың рухани мұрасын мүлдем жалған деп есептейтін оқымыстыларды Гегель өткір сынға алды. Кейінгі философиялық ілімдердің қайсыбірін алып қарасақ та, — деп көрсетеді Гегель, — ол өзінен бұрынғы ілімдерді тұтастай жоққа шығара алмайды, өйткені кейінгі философияның өзіне де тірек керек, ол осы аталған нәрселерді өзінен бұрынғы ілімдерден ғана таба алады. Гегельдің пікірінше философиялық системаны теріске шығару деген оны лақтырып тастау емес, қайта оны әрі дамыту болып табылады. Философиялық системалар, әрине, біріне-бірі ұқсамайды, біріне-бірі қайшы келеді, бірін-бірі теріске шығарып отырады. Бірақта іс жүзінде олар бірімен-бірі диалектикалық байланыста болады. Философия тарихын Гегель, біріншіден, система ретінде қарастырады, екіншіден, — дамып отыратын, абстрактыдан нақтыға қарай өрлеп отыратын система ретінде қарастырады. Сондықтан ең соңғы философия өзінен бұрынғы системалардың жиынтығы ( синтезі болады); сондықтан ол ең бай система, ең ақиқат система.
58. О.Шпенглердің теориялық мұралары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет