55.Ғылым дамуының болашағы.
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.
Ғылым – әлемді танып-білу тәсілі. Ежелгі адам тас пен сүйектен алғашқы еңбек құралын жасағанда, от жағуды үйренгенде, қарапайым баспана жасап, тасқа қашап сурет салған кезде тарих ғылымы дүниеге келді. Жазудың пайда болуымен білім жинақтала бастады. Адам өмірлік әрекеті барысында жазудың көмегімен қоршаған орта жайлы білімін өзгелерге тарата бастады. Кейін адам жануар мен өсімдіктер, жұлдыздар мен Ай, арба мен баспанасы туралы маңызды деректерді жазып қалдыруынан биология, астрономия, физика және сәулет өнері, медицина мен математика ғылымдары пайда болды.
XVII ғасырдан кейін ғылымның қазіргі түрлері айқындала бастады. Ғылым дамуының негізгі қозғалтқыш күші ғылыми және өндірістік революциялар болды. Мысалы, XVIII ғасырда бу қозғалтқышының жасалуы ғылымның дамуына күшті серпін беріп, ол өз кезегінде бірінші ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуын қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: |