Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


А.Ковальченконың  методология туралы  зерттеулерінің  сипаты



бет97/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

13.А.Ковальченконың  методология туралы  зерттеулерінің  сипаты.

Ресейдің ғылым академиясының толық мүшесі, Мәскеу мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген профессоры Иван Дмитриевич Ковальченко 1923 жылдың 26 қарашасында Брянщинадағы Стародуб маңындағы Новенький хуторында дүниеге келген еді. Оның ғұмыры Отан тарихының асулы кезеңдерімен тұспа-тұс болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ізімен Еуропаның небір қиырларына аяғы тиген мәрт жауынгер кейіндері ірі ғалым атанып, отан тарихы және тарихи танымның әдістемесі бойынша іргелі еңбектердің авторы, тарихи ғылымның бірегей ұйымдастырушысы болды.

1940 жылы мәскеулік жетіжылдық мектепті бітірген Иван Дмитриевич Ковальченко оқуын жаңа ғана ашылған артиллериялық мектепте жалғастырмақ болады. Бірақ 1941 жылдың 22 маусымында оның мектептегі өмірі үзілген еді. Рязань әскери училищесінде қысқа мерзімді дайындықтан соң, И.Д. Ковальченко 1941 жылдың қараша айынан бастап сұрапыл соғыстың аяғында дейін майданда болған еді: ол Мәскеу түб

інде, Будапешт, Венада соғысып, соғысты Чехословакияда аяқтаған болатын. Ол ауыр жарақат алды. Отан сержант, десантшы артиллеристің ержүректігіне әділ баға беріп, Қызыл Ту ордені, «Ерлік үшін», «Жауынгерлік қызметі», «Вена қаласын алғаны үшін», «Жеңіс» медальдарымен марапаттаған болатын.

1947 жылы И.Д. Ковальченко М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түседі. Оның бес жылдық студенттік өмірі — аудиториялар, библиотекалар мен архивтерде қызу жұмыспен айналысумен өтті. Диплом жұмысын сәтті қорғағаннан кейін ол үш жыл аспирантурада оқып, оны 1955 жылы, кандидаттық диссертациямен тәмамдады. Студент кезінде және аспирантурада алған білім мен тәжірибе оның әрі қарайғы зерттеушілік және педагогикалық кызметін атқаруда өзіне мықты арқауға айналған еді.

1955 жылы И.Д. Ковальченконың Мәскеу мемлекеттік университетіндегі мұғалімдік қызметі басталып, бұл жерде оның тамаша лектор және сезімтал тәрбиеші қасиеттері айқындала бастады, осы қасиеттерінің арқасында, ол көптеген шәкірттерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген еді. И.Д. Ковальченко өзінің докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін, өмірінің соңғы күні 1966 жылдың 13 қарашасына дейін Мәскеу университетінің профессоры қызметін атқарды.

Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет