Ұстаз-ұлағатты ұғым
Ұстаз болу –шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері,ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім-мектептің жаны» деп бағалаған.Осыдан-ақ ұстаз деген-ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады.Себебі,ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Ұстаздық мамандық –мамандықтың ең асылы,ең қасиеттісі. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген»деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған»деген сөздермен ұштасып жатады. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Менің ұстаз мамандығын таңдауыма алғашқы қалам ұстатқан мұғалімім Сейілханова Ағайша апайым қатты әсер етті.Ол кісі маған бәрінен ақылды,бәрінен ерекше жақсы көрінетін.Мен бастауыш сыныпта оқып жүргенімде –ақ осы ұстаздық жолды таңдап, болашақта өскенде менде Ағайша апайымдай ұстаз боламын, бала тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатамын деген ой туындады. Сол ойым өскенге дейін өзгермей, мектеп аяқтап, жоғарғы оқу орнын таңдау болды. Ұстаздық жолды таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын. Қазіргі таңда тарих пәнінің мұғалімімін. Мен өз мамандығымды сүйемін. Мен үшін әрбір сабақ –үлкен жауапкершілік,үлкен абырой.Әрбір адам алған асуларын ұстаз еңбегінің жемісі,нәтижесі деп түсінулері керек деп ойлаймын. Мынау қайнаған заманда жаңа технологияларды қолданып,жаңаша еңбек ету-менің ұстанымым. Өскелең ұрпаққа білім бере отырып,ел ертеңін қолға алар ізбасарларды тәрбиелеудемін. Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ.Себебі,технологияның дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқан жастарға алаңсыз білім алуға жан-жақты жағдай жасалған.Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім сапасын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.Осының барлығы білім сапасын арттыруға,кәсіби шеберлікті нығайтуға,мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде,күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген құрметтеушілікті байқауға болады. Ұстаз –ұлағатты есіміне сай шәкірттеріне білім нәрімен сусындатып,тәлім тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Сондықтан да әрдайым қасиетті тұлға болып екрекше көзге түсіп ерекшеленеді. Ұстаз-Тәуелсіз атанып,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып,әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың ,елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлуіміз қажет.Осы егеменді,тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек,мектептің басты тұлғасы,жүрегі-МҰҒАЛІМ.
Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам –Мұғалім.Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. Қазіргі уақытта Елбасымыз дамыған елдермен теңесу үшін жас, алған білімді өнімге айналдыра алатын мамандар даярлау қажет екенін айтқан болатын. Демек бұл жерде ең ауыр міндеттер мұғалімге келіп жүктелгелі отыр. Мына біз оқушыларда сол себепті бірге атсалысып,болашақ дамыған мемлекет қатарында болғымыз келсе осы сәттен бастап жақсы білім алып, үздік нәтижелерге көрсетуміз керек. Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондай-ақ ұстаздың жеке мәдениеті мен іс-қимылы, эстетиқалық талғамы мен көзқарасы да жоғары талап деңгейінде болғаны жөн. Үнемі оқумен, еңбекпен, ізденіспен келе жатқан педагог – барлық істі атқаруға уақыт таба білетін жан. «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген екен белгілі философ Жан Жак Руссо. Құзіретті мұғалім әрбір ісін нәтижелі, сапалы орындауды мақсат етеді. Ол білгенін қанағат етпей, біле бергісі келеді. Біріншіден, ұстаз өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу, біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтың сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер педагогтың, шығармашыл, бәсекеге қабілетті педагогтың өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: «Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды?» сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс. Иә, «Инемен құдық қазғандай», мұндай дәрежеге жетудің бір ғана жолы бар. Ол – білім-білікті ерінбейтін еңбекке ұштастыру, ол – ұрпақ тағдырына адалдық таныту. Олардың бойына біліммен қатар отаншылдық рухты дарыту, тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағынан дәйім сусындауы, имандылық, мейірім, адамгершілік, адалдық шуағын себу, ізгілікке жетелеу. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұр пақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған.Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алады.сөзсіз дей келе ,мына бір өлең жоолдарымен өзө ойымды аяқтағым келіп отыр: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рұхта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Халық өзінің үміті мол болашағын сеніп тапсыратын өкілі, жас ұрпақтың руханы саулеткері ол- ұстаз
Ұлағатты ұстаз қашанда өз белесінің биігінен тіл қатады. Ол өзінің өнегесін өскелең ұрпаққа арнайды. Солай болуыда заңды.
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушыны еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті- талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы- мектеп болса, мектептің басты тұлғасы, жүрегі- мұғалім. Мектеп балалардың екінші үйі болса, ал ұстаз екінші ата-анасы десек те артықтық етпес. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсақ қана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт тұру керек»- деп М.Шахаанов айтқандай әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу- мұғалімнің ең басты міндеті.
Бүгінгі күн әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, құзыреттілікке жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы біілім және жақсы тәрбие алған шәкірттерінде. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” – дегендей осы жолды таңдағанымыздан кейін талмай, тынбай еңбек ету- біздің мақсатымыз және парызымыз.
Жоталы таулар баурайынан орын тепкен жұпар самалы ескен қазақтың кең даласы.
Желсіз тынық күн. Жарқыраған айнадай көл шетіне орналасқан киіз үйлер көз тартады. Етектегі жалғыз ақ боз үйдің алдындағы алаулаған ошақ басында ауылдың адамдары қараң етіп , күйбеңдесіп жүр.
Шеткірек орналасқан үйден гүбірлеген дыбыстар естіледі. Жартылай ашық қалған үйдің есігінен бәрі ап-анық көрінеді. Молдасын құрып, дөңгелене жайғасқан бірнеше жас балалар тізелерінің үстіндегі қалың кітаптар бетіне қарап, түсініксіз бірдеңені гүбір-гүбір оқуда. Оюлы текемет үстінде жас балаларға көз қиығын тастап, сәлделі,қою мұртты, аққұба жүзді ер адам отыр.Оның бет-әлпетінен сабырлылық пен жайбарақаттылық сезіледі. Оған қарама-қарсы арықша келген тақиялы жас бала «Қасиетті құран» сүресін жатқа айтып отыр.
Міне , бұл сол заманның өзіндік талабына сай мұғалім мен оқушы бейнесі. Әр уақыттың өзіне тән тұрпаты болады . Уақыт өткен сайын адам келбеті, іс-әрекеті, ой-толғамы да талапқа сай өзгеріп отырары сөзсіз.
Ал , қазір кең даламызға ойлана көз салсақ,көз алдымызға тіптен басқа көрініс келеді.
Қазіргі уақыттағы мұғалім терең біліммен қаруланған , кәсіптік шеберлікке бейімделген , әскер де қабілетті маман.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай ұстаз болу менің мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімнен бастап арманым еді. Жылдар өтті .... Менің арманым орындалды, ұстаз болып та үлгердім.
Бастауыш сыныптарда дәріс беру , әрине , өте жауапты,күрделі де,сонымен бірге қызықты жұмыс.
«Болашақ» -ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету; оның сапасын арттыру,біздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Келешекте біздің еліміз басқа елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін,білімді тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға –мұғалім.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны – мұғалімдер қандай болуы керек екені ойландырады.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді , өз мамандығына сай, оны сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымдап, дәл түсіндіре білуі керек.Мұғалімнің ары таза,адал, инаббатты сыпайы, парасатты, төзімді, кешірімді, байсалды болуы тиіс.
Мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Ұстаз үнемі өз бетімен білімін , дайындығын жетілдіруі тиіс.
Заман ауыртпалығына мойымастан, жас ұрпақтың жүрегіне мәңгілік рухани құндылықтар дәнін сеуіп, білім нұрын шашқан осы нұрлы жандар еңбегіне еш нәрсе тең келмейді.
Адамның бойында жақсы қасиеттерді болуы, өнер-білімді игеруі, өскен ортаға, сонымен бірге білім беретін ұстазға да байланысты деп ойлаймын.
Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Белгілі орыс педогогы К.Ушинский мұғалімді күннің сәулесіне теңейді. Күннің сәулесі әруақытта шапағат нұрын шашу арқылы жер бетіндегі тіршілік айнасы іспеттес болып тұрады. Расында да ,мұғалім бала жүрегіне білім мен ізгілік нұрын құю арқылы , оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз қашанда,кез-келген уақытта да өмірдегі ең құрметті де, өнегелі іс алдында келген ақ қағаздай таза көңілді шәкіртке алғашқы білім нұрын құюшы боп қалары сөзсіз.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын,жаты....
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды , мәңгі –бақи беріп төрін.
Мен Кенегесова Жадыра Мыңтұрғанқызы Ақтөбе қаласындағы № 53 орта мектебінде жұмыс жасап келемін. Бастауыш класс мұғалімі мамандығын таңдадым, себебі алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді.Оқушыға алғашқы ұстаз болу көптеген жауапкершілікті жүктейді , өйткені ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретеді. Ұстаздық қызметіндегі мен үшін өзекті болып жүрген мәселелер шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |