Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы


Пән бойынша дәрістердің конспектісі



бет3/5
Дата22.06.2017
өлшемі0,89 Mb.
#19684
1   2   3   4   5


5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
1-дәріс.Тақырыбы: Стилистика курсы туралы жалпы ғылыми түсінік.

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен қазақ тіл білімінде стилистика мәселесін зерттеуге жаңа көңіл бөле бастады. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – стиль. Стиль терминінің мазмұны кең, қолданысы өміршең. Стиль – латын тілінен енген (қазақша – жазу құралы) дәлірек айтсақ, балауызбен сырланған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу құралы» деген мағынада қолданылған.

Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принцептерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе, тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады.
2-дәріс.Тақырыбы: Стилистиканың басты бағыттары мен аспектілері.

Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол жалпы халықтық тіл деп аталады. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Тілдің ауызша және жазбаша формалары әдеби тіл мен стильдерінің қалыптасуына негіз болады. Әдеби тіл - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған, нормаланған, жүйеленген, жалпыға түсінікті, стильдік тармақтары белгіленіп, қоғамдық қызметі тұрақталған, жетілген, ең жоғарғы сапалы түрі болып табылады. Стилистиканың міндетін жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды. Әдеби тілдің қоғамдық қызметінің жан-жақты кеңеюімен байланысты оның жанрлық-стильдік тармақтары қалыптасады, дамиды. Стиль ұғымы сөйлеудің ауызша жәнс жазбаша формаларымен байланысты қаралады.



3-дәріс.Тақырыбы: Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы

Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Мәселен, сөздер белгілі бір затты атап, денотат мағынасымен қатар, эмоциялық, экспрессивтік, бағалауыштық, функционалдық-стилистикалық компонеттерден құралатын коннотативтік мағынаны да білдіреді. Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрессивті бояу немесе тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Коннотация (лат. connoto - қосымша мағынасы бар) – тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды, стилистикалық рең білдіруі.

Тіл қатынас құралы емес, ол э с т е т и к а л ы қ та құрал. Демек, тіл арқылы бір-бірімізгс жақсы әсер етуді көздеп, тілдік көріктеу құралдарын танып дұрыс жұмсауға тырысамыз. Ол да тіл мәдениетінің бір мәселесі. Ал бұлар тілдің лексикология, грамматика, фонетика, фонология салаларымен астарласып жатады, жазу таңбалары -графикаға, жазу тәртіптеріне (о р ф о г р а ф и я ғ а) назар аудартады.


4-дәріс.Тақырыбы: Стилистикалық мағына

Сөздің стилистикалық қызметіне қатысты мағыналық реңктері болады. Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғымдары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктердің мағыналық қққұрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл мағына тілідк қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Стилистикалық мағына экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде контекстік жағдайда ғана айқын көрінеді.

Тіл мәдениетінің өзегі - н о р м а туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Т і л д і к ж ү й е дегеніміз тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері. Тілдік нормалардың "табан тірер" жері тілдік құрылым, тілдік құрылымның "арқа сүйері" тілдік жүйе.
5-дәріс .Тақырыбы: Стилистикалық норма және стилистикалық синонимдер.

М.Балақаев сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер деп бөледі. Соңғысына іс-қағаздары мен ресми с-ді, ғыл.с., публицист.с., көркем әдебиет с жатқызады.

Стильдің ерекшеліктеріне мыналар жатады (А.Ефимов): 1. тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы; 2.шектелген және арнаулы лексикалық құрам; 3. өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері. 4. өзіне тән фразеология. 5. өзіне тән синтаксистік конструкциялар. 6. әр стильге лайық мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі болады.

Қазақ әдеби тілінде 5 функционалдық стиль бар. 1. ауызекі сөйлеу с; 2. ресми с; 3. ғыл.с. 4. көсемсөз с. 5. көркем әдебиет с. Бұлайша топтастыру В.виноградов атап көрсеткен тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты.


6-дәріс.Тақырыбы: Стилистикалық қате туралы ұғым.

Кітаби-жазба стильдер өмірдің түрлі салаларында пайдаланылады. Әр саладағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай олар ресми іс қағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стилі болып бөлінеді. Кітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен бөлінуі қоғамдық ой сананың жоғарылығымен байланысты. Қоғамдық ой жоғары болса, ұлт тілінің маңызы да артады. Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стильдің ерекшеліктері айқындалады. Әде-би тілде сөйлеу, жазу талабы артады. "Тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу - ол тілді білмегендік болып саналады". Кітаби-жазба стильдерде, әсіресе көркем шығарма мен публицистикада сөйлеу тілінің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалады.


7-дәріс.Тақырыбы: Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.

Ғылыми стильдің қолданылу өрісі өте ауқымды. Қоғамда күн санап өсіп жатқан ғылыми-техникалық прогресс тілдің сөздік құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізеді. Ипотека, толеранттылық, этнолингвистика, паралингвистика, психолингвистика, социолингвистика, гендерлік саясат, тренинг, инвестор, куммулятивті қызмет т.б.

Ғылыми стильдің түрлі салада және оның жылдам дамуы осы стильдің өзінде көптеген жанр түрін әкелді. Мысады, монография, оқулық, оқу құралы, мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық, құжат т.б.

Ғылым тілінің қалыптасуына ой қорытындысы, дәлдік пен қисындылық, және ақиқаттық себепші болады. Ғылым ұғымдар туралы түсінік береді, абстрактылы ойларды көрсетеді, сондықтан да ғылым тілі кейбір қарапайым дәлдіктерден алыс жатады. Ғылыми стиль басқа да кітаби стильдер сияқты сөйлеу стиліне мүлде қарама-қарсы. Ғылыми зерттеулердің басты қасиеті оның ұжымдық сипатында.


8-дәріс.Тақырыбы: Лексика-фразеологиялық стилистика.

Көркем әдебиет тілі — өдеби тілдің негізгі көрсеткіші. Ұлттық өнер дамыған әдебиет - әдеби тіл байлығы. Қай кезде болмасын ұлт әдебиетінің ірі өкілдері сол ұлттың әдеби тілін дамытуға үлес қосады.

Сөйлеу тілі коммуникативтік қызметтін, ғылыми және ресми тіл - баяндау, барлауды жүзеге асырса, көркем тіл стилі эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады.

Көркем бейнелі тіл айналадағы әдемілікті, қайталанбас құбылыстарды суреттеу арқылы сезімге әсер етеді. Ғалымдар ұғыммен ойланады, оны сараптайды, суреткер (жазушы, ақын) образдармен қиялданады. Біріншісі — ақылға салып талдайды, дәлелдейді, ғылыми нәтижесін ұсынады, ал екіншісі — бейнелейді, сөзбсн сурет салады. Демек, көркем тілдің басты мақсаты оның көркемдік қызмет атқаруында.


9-дәріс.Тақырыбы: Синоним, омоним, антоним, паронимдер.

Лексика, лексикология және стилистика - бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста.

Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы, монғол, туыстас түркі, орыс және сол арқылы шет елдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Осы тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бұлардың әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі әр түрлі. Қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұрады. Сондықтан лексиканың стильдік сипаты әдетте тіліміздегі әр сала сөздердің белгілі бір стиль түріне бейімділігіне не онда қолданылатындығына қарай анықталады.

Жеке сөздерден байқалатын ерекшелікке байланысты, олардың әр түрлі стильдік бояуына, қызметіне қарай, оларды төмендегіше топтастыруға болады (схема). Сөздер үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және жазба тіл лексикасы не кітаби лексика.


10-дәріс.Тақырыбы: Сөзжасам және сөз таптары стилистикасы

Мысалы, парсының -и жүрнағы арқыды сын есім жасау нормасы тілімізде XX ғасыр-дың 50-60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. Әу-елде бүл араб, парсы тІлдерінен енген сөздерге жалғанса (та-рихи, саяси, адами, дүнияуи, мэдени), кейІн келе сыни, қоғами дегендей қазақы сездерге де жалғана^бастады. Мүхтар Әуе-зов, Ғабит Мүсірепов сияқты ірі жазушылар кепке дейін бұл норманы қабылдамай етті. Публицистикалык стильде қолданылуға бейім бұл тәсіл-норманы екі жазушынын екеуі де өздерінің очерк, макалаларында макұл кермей, тарихтық, саясаттық, адамгершілік, адамдык деген варианттарын қол-данды. 50-60-жылдарда окырман, көрермен сөзде-ріне де біраз қаламгерлер көпке дейін тосырқай карады Көпшіліктің жиі қолданысы арқылы (демек, қабылдау-ымен) кейбір бейнорма қүбылыстардың дағдыға айналып кететін фактілері бар. Мысалы, сөздер аралығында, көбінесе тіпті біріктіріліп жазылған сөздердеқ, к дыбыстарының үяң-дайтын түстарын ескермей, қатаң түрде айту дағдыға айна-лып барады: шегара, көгөнүс, қыргүйөк, қолғойұлды, күнүгеше, балагезде деп айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша шекара, көкөніс, кыркүйек, күнікеше, балакезде цеп дыбыстағандарды жиі естиміз.


11-дәріс.Тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисінің стилистикасы

Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы көпшілік алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешіл сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі казақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халыкаралық терминмен атасақ, "оратор" деген сөз. "Оратор" латынның "очаче" - "айту", "сөйлеу" деген сөзінен шыкдан. Дальдің түсіндірмелі сөздігінде "оратор" — вития (ділмар), краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны біддіреді.


12-дәріс.Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы.

Бүгінгі таңда қазақ тілін зерттеушілердің де, ана тілінің дұрыс дамуына мүдделі қалың жұртшылықтың да тілге, тіл мәдениетіне, нормаларына қатысты назарын аударып отырған мәселелер мынадай:

1) Тілдің графикалық құралы, яғни ең қолайлы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келетін әліпби (алфавит) таңдау, бұл проблема қазақ жұртшылығының жазу таңбасын өзгертіп, кириллицадан латынға көшу саясаты көтерілген кезеңде туып отыр;

2)Емле мәселелері, қазіргі қолданып отырған жазуымыз бойынша түзілген емлеміздің қырнайтын, толықтыратын, ықшамдайтын тұстары барына назар аудару және қазіргі емле кағидаларының негізінде латын жазуына сәйкестендіріп жасалатын емле ережелерін дұрыс түзу;

3)Жазудың тілдік нормаларды қолдануға және оларды қалыптастыруға қатысты оң және қолайсыз сәттері, яғни орфографиялық нормалар мен орфоэпиялық заңдылықтардың бір-біріне қайшы тұстары, оларды реттеу жолдары;

4)Ғылыми және басқа да терминология жайы; төл тілдік және кірме терминдердің арасалмағы; термин жасау принциптерін тұрақтандыру; кірме терминдердің тұлғалануы (жазылуы мен айтылуы);

5)Лексикалық қазынаны байыта түсу мақсатын жалау етіп, қазіргі қазақ тілін әдеби нормадан тысқары тұратын элементтерді, оның ішінде әсіресе жергілікті сөздерді ешбір уәжсіз қолданудан сақтандыру, көне, сирек сөздердің де қолданысына қатаң қарау, олардың мағынасын дәл біліп, ор-нымен жұмсауды, көпшілікке түсініктілігін талап ету;

6)Тіл мәдениетін, тілдік нормаларды насихаттайтын, түсіндіретін, үйрететін ғылыми-практикалық, анықтамалық құралдардың өте аздығы, барларының араларына 5-10 жыл салып келесі басылымдары әрең жарық көретіндігі;

7) Мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу кестесінде тіл мәдениетіне арналған сағаттардың не жоқтығы, не жеткіліксіздігі.
13-дәріс.Тақырыбы: Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі.

Форма — ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;

Стиль — қолданылуда өзіндік ерекшеліктері, айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар сараланған бөлігі. Форма — тұрақты. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді. Стиль — ол тарихи категория. Сондықтан тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады. Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі.

Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын тану қажет, демек, т і л д і к ж ү й е н і, ол жүйеге сай қалыптасқан н о р м а л а р д ы айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде тек сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардың айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің кызметі жазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күнде тіл жазусыз қызмет ете алмайды, сондықтан емле мәселесі де "тіл мәдениетін" яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды.


14-дәріс.Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі.

Ұлттық жазба әдеби тіл ретінде бірсыпыра дамыған, функционалдық стильдерге тарамдалған, әр алуан нормалары тұрақтала түскен, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, мемлекеттік тіл статусына ие болған бүгінгі казақ тілінде "тіл мәдениеті" деген ғылым-таным саласы дүниеге келді. Қазіргі кездегі тілдің әлеуметтік базасының өзгеруі және соған орай тілге қатысты белгілі бір мақсат-мүдделі саясаттың жандануы да тілдің барлық қырына, оның ішінде дұрыс қолданылуына жұртшылық назарын арттырып отыр.


15-дәріс.Тақырыбы: Ресми іс-қағаздар стилі.

Мәдениет терминінің бірнеше қыры бар. Сондықтан да философиялық әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар беріліп келеді. Мәдениет терминінің үш негізгі аспектісін бөліп қарауға болады.

1)Мәдениет дегеніміз - әрбір тұлғаның өзін еркін жетілдіру аймағы, шығармашылық ортасы.

2) Мәдениет дегеніміз - өмір болмысын құнды қатынас.

3) Мәдениет дегеніміз – табиғи әлемнен бөлек, адамның жоғары санасымен, рухымен, қолдарымен жасалған жасанды әлем.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Стилистикалық қателер

1. Стилистикалық қателерді тауып, стилистикалық қателермен жұмыс жүргізу.

2.Стилистикалық қателердің логикалық, грамматикалық, лексикалық қателерден ерекшелігін анықтау. «Стилистикалық қате» және «стилистикалық дәлсіздік» ұғымдарының мәнін түсіну.

3.Мектеп оқушыларының жазба жұмыстарындағы стилистикалық қателер мен дәлсіздіктерді талдауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу.

4.Газеттердегі мақалалардың мәтіндерін стилистикалық өңдеу жұмыстары. Мәтіндердің стилистикалық тональділігін анықтау, өңдеу.




1




  • Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

  • Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

  • Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.




2

Тілдік құралдардың стильдік қызметі

1.Тілдік құралдардың


(дыбыстардың, сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен құрылымдардың) стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау жұмыстары.

2.Тілдің стилистикалық бояуға ие және бейтарап құралдарын ажыратып, олардың мәтіндегі рөлін айқындау.

3.Стилистикалық синонимдермен /лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік/ жұмыс.

4.Сөздіктермен жұмыс. Синонимдер сөздігіндегі мақалаларды талдау. Сөздіктердегі стилистикалық белгілерді сын көзбен қарап тексеру, оларрдағы қайшылықтарды, толық еместікті анықтау.

5.Тілдік құралдарға стилистикалық паспортизация жасаудың өлшемдерін анықтау


2

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.




3

Ауызекі сөйлеу стилі

Ауызекі сөйлеу стилінің

тілдік құралдарына

сипаттама.

Адамдардың үнтаспаға

жазылып алынған өзара

сөйлесуін, сондай-ақ көркем

шығармалардағы

диалогтарды талдау.

Адамдардың өзара сөйлесуінен мәтін құрау жұмыстары.


3

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.



4

Іс-қағаздары мәтіні стилистикасы

Ресим-іс қағаздары стилінің

лексика-фразеологиялық және грамматикалық құралдарын анықтау.

Ісқағаздары мәтініндегі стилистикалық қателерді табу.

Ресми құжаттарды /арыз, өмірбаян, резюме, мінездеме т.б/ студеттердің өздеріне жаздырып, олардағы стилистикалық қателерді талдау.

Мәтінді стилистикалық өңдеу

жұмыстары.




4

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.


5

Ғылыми мәтін стилистикасы

Ғылыми мәтіндер

стилистикасы.

Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық, грамматикалық құралдарын анықтау


5

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.




6

Публицистикалық мәтіндер стилистикасы.

Публицистикалық мәтіндерді стилистикалық талдау.

Публицистикалық стильдің лексика-фразеологиялық, грамматикалық құралдарын ажырату.




6

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.




7

Мемлекет пен қоғамның көрнекті қайраткерлерінің сөздерін талдау

Мемлекет пен қоғамның көрнекті қайраткерлерінің сөздерін талдау.

Публицистикалық очерк, мақалалардың мәтіндерін талдау.

Олардағы көркем бейнелік құралдардың, қарапайым сөздер мен тұрақты тіркестердің, көнерген сөздердің, ауызекі сөйлеу элементтерінің қызметіне көңіл аудару


7

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.


8

Көркем әдебиет стилі


Көркем әдебиет мәтіндерін стилистикалық талдау жұмыстары.

Көркем әдебиет тілінің бейнелі құралдарын /лексикалық, фразеологиялық,

Грамматикалық т.б/ айқындау жұмыстары.


8

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.


9

Синоним, омоним, антоним, паронимдер

Синоним, омоним, антоним, паронимдер.

Олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стилдік қолданыс аясы.

Қазақ фразеологиясының стилистикалық байлығы.


9

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М.,Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.



10

Сөзжасам және сөз таптары стилистикасы

Сөзжасамның стилистикалық құралдары.

Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы.

Сөз тудырушы жұрнақтардыңстилистикалық сипаттамасы.

Сөз таптарының стилистикасы.




10

БалақаевМ., ЖанпейісовЕ., Томанов М.,МанасбаевБ. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.



11

Жай сөйлем синтаксисінің стилистикасы

Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары.

Жай сөйлем стилистикасы.

Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы.

Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы




11

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.




12

Көркем тілдің стильдік категориялары

Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі.

Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері хүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар.

Көркем әдебиет ситлистикасы мен тіл стилистикасы


12

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.



13

Публицистикалық стиль

Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі.

Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркемәдебиет стильдерінің әсері.

Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері.

Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар.



13

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.




14

Ғылыми стиль.

Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері (ғылыми, оқу және ғылыми- көпшілік), жанрлары (монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б).

Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.




14

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.


15

Семестрлік қайталау

Тест сұрақтарына жауап беру.


15

Балақаев М., ЖанпейісовЕ., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.

Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 1997.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

ӘміровР.Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері.А.,1977.

Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.

Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.

Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

ОдинцовВ.В.Стилистика текста.М., 2006.

Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А., 1999.

Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет