Филология факультеті



бет11/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент М. Қашқаридың мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Махмұд Қашқари – түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және зерттеуші ғалым.


М. Қашқаридың өмірі мен ортасы, білім жолындағы ізденістері. Ғалымның шаһар мен дала кезіп жүріп, түркі тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы, әдет-ғұрыпы, наным-сенімдері туралы деректер жинауы. Осы жинағандарын жүйелеп, оған «Диуану лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атауын беруі. Сөздіктегі қарастырылатын мәселелер және олардың бүгінгі күнде маңыздылығы. Сөздіктегі әдеби жанрларға қатысты, табиғат туралы, аңшылық жайлы, ерлікті мадақтау, жоқтау, дидактикалық өлеңдер және аңыз-хикаяттарға толы екендігі. Көркемдік ерекшеліктері, тақырыбы және дәстүр жалғастығы барысында еңбекті талдау.
«Диуану луғат ат-түріктің» қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдениеті және т.б. аса мол деректер беретін жинақ қана емес, сондай-ақ көркем туындысы. Бұл еңбектің этикалық, дидактикалық сарында жазылған өлеңден бастап, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын шығармалармен қатар, ауыз әдебиетінің түрлі жанрларын қамтитын әдеби үлгілер жинақталған. Жинақта мораль, әдептілік, тәлім-тәрбие мәселесін арнайы сөз ететін тараулар бар. М. Қашқаридың «Диуану луғат ат-түрік» атты кітабы түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ежелгі түркі тілдері мен ауыз әдебиетін танып-білуге арналған ғылыми еңбек екендігі. Бұл кітаптың белгілі бір мағынада «Көне түркі әдеби жәдігерліктерінің хрестоматиясы» болып табылады. М. Қашқари «Жинағында» дидактикалық-философиялық мазмұндағы жыр үлгілерінің, мақал-мәтелдердің және қанатты сөздердің ұшырасатындығы ғажап дүние. Олардың көбісі, замана жайлы, адамгершілік туралы, ақыл-парасат хақында болып келеді. Қорытып айтқанда: 1. М. Қашқари араб филологиясын жетiк бiлген және өз бiлiмiн туған халқының тiлi мен әдебиетi, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргiзуге жұмсаған. 2. М. Қашқари еңбегіне ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармаларынан аса құнды материалдар – түрлі өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, т.б. көркем сөз үлгілерін енгізген. 3. Оның еңбегiнде қай халықтың қандай тiлде сөйлейтiнi жайында ғана емес, орналасу тәртiбi, қай тайпаның қайдан келгендiгi, қандай территорияны мекендейтiнi, әдет-ғұрыптық ерекшелiктерi жайында мол мағлұматтар берілген. 4. М. Қашқари еңбегінде сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т.б. ғажайып үлгілері бар. 5. Осы еңбекті жазу мақсатында ол бір жағы Жетісу, екінші жағы Римге дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиетінің тілі бойынша мол материал жинаған. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет