Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І кітап. Алматы, 2001.
2. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. І кітап. Алматы, 2002.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005.
4. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2012.
Қосымша:
1. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелері. Алматы, 2011.
2. Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – А.: Қазақ университеті, 2012.
3. Көне түркі әдебиетінің типологиясы. Алматы, 2014.
4. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. 5 томдық. – Алматы, 2019-21.
Электрондық оқулықтарға қажетті сайттар:
1. http://www.infoliolib.l/info/.
2. http://www.openj-gate.org /.
3. http:/www.rubricon.com– РУБРИКОН.
№6-лекция тақырыбы: Қарахан әдебиеті мен Жүсіп Баласағұниді оқып-білу, үйрену туралы (1 сағат. 6-аптада).
Сабақтың мақсаты:
Қарахан әдебиеті мұраларын түсініп, бағалай білуіне;
Ж. Баласағұнидың мұрасын талдай білуіне;
Ж. Баласағұни мұрасының көркемдік ерекшеліктерін ажырата білуіне;
Ж. Баласағұни мұрасының өзгешелігін көрсете білуіне;
Ж. Баласағұни мұрасының іздерін кейінгі кезеңдердегі әдебиеттерден таба білуіне үйрету.
Сабақтың нәтижесі:
студент Қарахан әдебиеті мен Ж. Баласағұнидың мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.
«Құтты біліктің» қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдениеті және т.б. жөнінде аса мол деректер беретін көркем туынды екендігі. Бұл еңбектің этикалық, дидактикалық сарында жазылып, ғибрат уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтындығы. Дастанда мораль, әдептілік, тәлім-тәрбие мәселесін арнайы сөз ететін тараулардың бар екендігі. Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» дастанында көтерілген мәселелер негізінен ақыл-парасатқа, оқу-білімге, бала тәрбиесіне, адамдардың өзара қарым-қатынасына, тілге сақ болу керектігіне, қарттарға құрмет т.б. моральдық, этикалық, дидактикалық, философиялық пікір тұжырымдарға байланысты екендігі.
«Құтты білік» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғандығы: Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы беріледі. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, Дәруіш Одғүрмыш бейнесі арқылы әңгіме болады. Бұл дастанда көтерілген басты мәселе - шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сүрақ-жауаптарында жатыр.
Жүсіп Баласағұни ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын әңгімені патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — ақыл-парасаты ұшаң-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Жүсіп Баласағұни ел басқаратын әміршіге, бекке мейлінше жоғары талаптар қояды. Бүкіл елге билік жүргізетін адам ақыл-парасаты мол, білімі терең, өнер мен мәдениетті жоғары бағалайтын жан болуы тиіс. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |