Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жеңілдету
Орындаған:Аманкелді Ақарыс, қтә – 202
Тексерген: Жумабаева Г.А
Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлеке қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды орталық мемлекеттік органдар, Мемлекеттік корпорация, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешімнің негізінде жүзеге асырылады.
Әр кодекстің жаңа редакциясы бұрынғысынан аса ерекшеленбейді. Мемлекеттік қызметкерлер бұрынғыдай сыпайы болуы, өзінің лауазымдық артықшылықтарын алға тартпайтын және жеке басына қолданбайтын адал болуы тиіс. Тұрған тұрысымен-ақ шенеунік мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға атсалысып, баршаға ортақ қабылданған әскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы керек.
Құжатта заң шығарушылар мемлекеттік қызметкерлердің қызметте жүрген кезде және қызметтен тыс уақытта өзін-өзі қалай ұстап, қалай жүріп-тұру керек екенінің стандарттарын нақты белгілеген. Мысалы, жұмыста шенеуніктер сыбайлас жемқорлықтың қандай болсын түрінің алдын алып, тіпті аты аталуына жол бермеуі, қоластындағыларды кемсітпей, салқынқандылық, әділдік, адалдық, тұлғаның ары мен намысына құрметпен қарау үлгісін танытуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің жеке өміріне де біраз шектеулер қойылды. Ендігі жерде ол қоғамдық орындарда ішімдік ішіп мас бола алмайды, ал достары мен бөгде адамдарды балағаттап жіберуден тіпті құдай сақтасын. Сәйкес тармақта солай деп жазылған да: мемлекеттік қызметкерлер қоғамда қабылданған ар-намыс нормаларын қатаң ұстануы, қоғамға жат мінез-құлық танытпауы, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде адамны ар-намысы мен қоғамдық әдептілікке нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге көрінген жерде лауазымдық куәлігін алға тартуға, қоғамдағы ар-ұждан нормаларын, тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін бұзуға, өзге азаматтарды заңға қайшы, қоғамға жат әрекеттер жасауға итермелеуге тыйым салынады.
Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін саяси әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |