Пайдаланатын әдебиеттер:
Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
Жұмағулова, Ө.А.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік кешен - Көкшетау: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы КМУ баспасы, 2016.- 251б.
№12 лекция.
Тақырыбы: Сын есім
Қаралатын мәселелер:
Сын есімнің жалпы сипаттамасы
Сын есімнің мағыналық топтары:
а) Сапалық сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері
ә) Қатыстық сын есімдер
Сын есімдердің құрылымына қарай түрлері
Қысқаша мазмұны: Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық белгілер. Сын есімнің семантикасы сапалық және қатыстық болып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері. Сын есімнің морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік тәсілдермен жасалуы. Есімдерден сын есім тудыратын өнімді (-қы,-лы,-сыз,-шыл,-мпаз, -қой,-қор, т.б.) жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді (-қ, -ынқы, -ынды, -малы, -қыш, -ымды, -улы, -қақ, -ма, т.б.) және өнімсіз (-ыс, -мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у, -аған, -ын, -қалақ, -алақ, анақ, -ғылықты, -мсақ, т.б.) жұрнақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |