Филология факультеті



бет33/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.

  2. Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.

  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012

23 лекция.
Тақырыбы: Көсемше
Қаралатын мәселелер:

  1. Көсемшенің мағынасы, жасалуы.

  2. Көсемшенің әрі қимылды, әрі амалды білдіретін қызметі.

  3. Көсемшенің күрделі етістік, аналитикалық формалы етістіктің құрамындағы қолданысы.

  4. Көсемшенің жіктелуі.

  5. Көсемшенің синтаксистік қызметі.

Қысқаша мазмұны: Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.
Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.
Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолданылуында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дөнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет