Қысқаша мазмұны:Қимылдың өтусипаты категориясының жалпы мағынасы қимылдың қалай жасалғандығын суреттеу және қимылдың қандай сатыда екенін көрсету болыптабылады.
Қимылдың түрліше жасалу ерекшеліктерін білдіретін өзінің арнаулы көрсеткіштері бар лексика-граматикалық категория қимылдың өту силаты категориясы деп аталады.
Қазақ тіл білімінде қимылдың өту силаты категориясымен байланысты семантикалық ерекшеліктер ертерек аңғарылған.
Қазақ тіліндегі басқа категорияларға қарағанда, қимылдың өту сипаты категориясы-мағынаға бай категория. Ол қимылдың жасалуындағы әртүрлі ерекшеліктерді білдіреді. Бірақ бұл оның жалпы мағынасы жоқ, түрлі мағыналардан тұрады деген сөз емес. Біріне - бірі байланыспайтын, әр түрлі мағыналарды білдірсе, оны бір категория деп тануға болмайды. Бұл категорияның жалпы мағынасы бар, ол мағына- қимылдың жасалуының сипаттамасы. Ал оның ішкі мағыналарының бәрі де қимылдың қалай жасалғанын және қимылдың қандай дәрежеде екенін көрсетеді.