Пайдаланатын әдебиеттер:
Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
№22 лекция.
Тақырыбы: Есімше
Қаралатын мәселелер:
Есімше, оның есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері
Есімшелердің етістікке жақын белгілері
Есімшенің түрлері
Қысқаша мазмұны: Етістіктің функциялық формаларының бірі - есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жүрнақтары жалғанбайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдірегін белгісін жасау.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |