Филология факультеті



бет57/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

3 СӨЖ ресурстары

СӨЖ әдістемелік құралдарына төмендегідей материалдар мен құжаттар жатады:



  • мерзімі және бақылау түрі көрсетілген, атқарылатын жұмыстардың барлық түрін қамтитын, өзіндік жұмыстың жоспар-графигі.

  • өзіндік жұмыстың барлық түріне қатысты әдістемелік нұсқаулар.

  • өзіндік жұмыстар бойынша жеке тапсырмалар.

  • курстық жұмыстар, жобалар, рефераттар және баяндамалар тақырыптары.



4 СӨЖ деңгейлері, формалары және түрлері

СӨЖ-ді негізгі және қосымша деп екіге бөлуге болады. Негізгі СӨЖ оқу жоспарының барлық пәндері үшін студенттің ағымдағы аудиториялық сабақтарға дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл дайындықтың нәтижелері студенттің сабақтардағы белсенділігінде және орындалған бақылау жұмыстары, тест тапсырмаларында, жасалған баяндамаларында және т.б. көрінеді. 


Негізгі СӨЖ-дің формалары:
- дәріс материалдарын терең қарастыру;
- дәрістер мен әдебиеттерді конспектілеу;
- тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен электронды ақпарат көздерін іздеу (таңдау) және шолу;
- практикалық сабақтарда берілетін үй тапсырмасын орындау; 
- өз бетінше материалды зерттеу;
- практикалық сабақтарға дайындық;
- бақылау жұмысына дайындық;
- сынаққа, аттестацияға дайындық;
- тақырыпқа байланысты реферат (эссе) жазу.
Қосымша СӨЖ студенттің білімін тереңдету және бекітуге, оқу пәнінің мәселелері бойынша аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Оған жататындар:
- емтиханға дайындық;
- курстық жұмысты немесе жобаны орындау;
- зерттеу жұмысымен айналысу және ғылыми студенттік конференцияларға, семинарларға және олимпиадаларға қатысу;
- оқытушымен алдын ала анықталған тақырып бойынша ғылыми жарияланымды (мақала) талдау;
- берілген тақырып бойынша статистикалық және нақты материалдарды талдау, есептерді жүргізу, статистикалық материалдар негізінде схемалар мен модельдерді құру және т. б.
Жоғары оқу орнының оқу процесінле өзіндік жұмыстың екі түрі бар: аудиториялық және аудиториядан тыс.
Пән бойынша аудиториялық өзіндік жұмыс оқу сабақтарында оқытушының тікелей басшылығымен және оның тапсырмалары бойынша орындалады. Оқытушының қатысуымен қабылданатын СӨЖ-дің негізгі түрлері:
- кеңестер;
- коллоквиум – пәннің теориялық мазмұнын меңгеруді бақылау түрі ретінде;
- үй тапсырмаларын қабылдау және талдау (практикалық сабақтар сағаттарында);
- пән аясында курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау; 
- бітіру біліктілік жұмыстарын (диплом, диссертация) орындау және т. б.
СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға ұмтылуына көмектеседі.
СӨЖ төмендегі түрлері студенттердің тапсырма орындау барысында қоданылады:

  1. Эссе - тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, өздігінен берілген сұраққа нақты өзіндік ойын жеткізе отырып, яғни оқып – тоқыған ойынның қортындысын білдіру. Қысқаша (0,7-1 беттен аспайтын компьютерлік мәтінде, 1-1,5 беттен аспайтын қолжазбада) жазу, регламент 3-минут.

  2. Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу (10 анықтамадан кем емес, мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 3-минут).

  3. Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (3 немесе 4 білім алушылардың бірігуімен, әр қайсысы ұсынылған сұрақтардан 1 сұрағын үйлесімді түрде таңдап, кезекпен жеке дара баяндап қорғауы тиіс. Регламент жеке дара 3 - 4 минут және мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады).

  4. Схема сызу (кесте) – қандай да - бір өзара байланысқан мазмұнның ерекше бөлігін, белгілерін кескіндеме арқылы бейнелеп көрсету (схема түр-сипатына қарай күрделірек болуы шарт, себебі мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 2-минут).

  5. Сөзжұмбақкескіндегі жауап сөздерді сұрақпен жасыру арқылы табу (кемінде құрастырылған 10 сұрақтан тұруы тиіс және кескіндегі қойылған жауаптары бір-біріне жақын тиіп тұрмауы тиіс, мазмұны күрделі болған сайын бағаның сапасы да жоғары бағаланады, регламент 3-минут).

  6. Іскерлік ойын – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).

  7. Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.

  8. Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.

  9. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.

  10. Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.

  11. Тест тапсырмалары тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары (Ескерту: берілген тапсырма бойынша 1 немесе 2 тақырыпшалардың мазмұнынан 15 тест құрылуы тиіс және оның 5 жауаптан кем емес болуы шарт) регламент 3-минут.

  12. Баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару (3-5 беттер аралығында) регламент 3 - 4 минут.

  13. Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.

  14. Кейс - бұл, шешімі (шешу жолдары) ұжымдық немесе жеке табылуы болжамдалатын практикалық проблемаларды қалыптастыратын оқу материалдары. ХХ ғасырдың басында пайда болған «кейс» ағылшын тілінен аударғанда «жағдай», «оқиға», «уақиға», «іс» т.б. білдіреді.

Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 3 балл алып тастау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет