Ғылыми әдебиеттермен жұмыс Кітаппен жұмыс істеу кезінде әдебиетті таңдап, оны дұрыс оқып, жазба жүргізуді үйрену қажет. Кітапханада әдебиеттерді таңдау үшін алфавиттік және жүйелі каталогтар қолданылады. Кітаппен жұмыс істеудің тиімді дағдылары уақытты үнемдеуге және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін есте сақтау керек.
Қандай оқулықтарды таңдау керектігін дәріскер ұсынады. Қажетті әдебиеттер осы курс бойынша әдістемелік нұсқауларда да көрсетілуі мүмкін.
Оқулықтармен және кітаптармен өз бетінше жұмыс істеу (сонымен қатар дәрістерде көтерілген мәселелерді өз бетінше теориялық зерттеу) – танымның ғылыми тәсілін қалыптастырудың маңызды шарты.
Әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері:
-танысу керек әдебиеттердің тізімін құру және ол туралы оқытушымен ақылдасу;
-тізім жүйеленген болуы қажет (қайсысы семинарға, қайсысы емтиханға, қайсысы курстық, дипломдық жұмыстарға т.б. қажет екендігін анықтап алу);
-қандай кітаптарды мұқият оқып, ал қандай кітаптарды тек қарап шығу керек екенін анықтау керек;
-оқыған кітаптардағы маңызды ақпараттарды конспектілеу т.б.