Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: «Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек» деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі;Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. «Тауарих хамсада», «Таң» журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет.Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы. Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен, тіпті «Еуропалық лирикаға» жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл-ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, «көмекей әулие атануы», «Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді» екен деген аңыздар.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29,
30, 31, 32, 33, 34,35, 36.
Достарыңызбен бөлісу: |