Филология факультетінің



бет1/6
Дата10.06.2017
өлшемі0,84 Mb.
#18401
  1   2   3   4   5   6
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»

Филология факультетінің

деканы__________________

«____»___________2010 ж.


Филология факультеті

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы кафедрасы

Іскери қазақ тілі пәні бойынша «Құқықтану», «Құқық және экономикалық негіздер», «Әлеуметтану», «Тарих», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Мәдени демалыс жұмысы» мамандықтарының кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттеріне арналған



Іскери қазақ тілі

(пәннің атауы)
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс-4


Семестр-1

Кредит саны-1

Практикалық сабақ - 15

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 15

СӨЖ - 15


Барлығы- 45

Орал 2010

1. Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы №4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекетік бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту» қаулысын негізге ала отырып құрастырылған.
Құрастырушы(лар): оқытушылар – Калиева А.Т. Қабошева Н.А.Имашева С.К

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы кафедрасының отырысында қарастырылды.

“____” ________________2010 ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ Умарова Г.С.

(қолы) (аты-жөні)


Пединституттың оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

“___” ___________ 2010ж. № __ хаттама.

Пединституттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ___________ Шайекенов Ж.Ж (қолы) (аты-жөні)



2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы туралы мәлімет

Мұғалімнің аты-жөні: А.Т.Калиева, Н.А.Қабошева, С.Р.Имашева

Кафедра: Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы 162. 121-кабинет.

Жұмыс телефоны: 51-30-62 (109)

1.2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Іскери қазақ тілі.

Семестр 15 оқу аптасынан және 1 семестрден тұрады.

1-семестрде аптасына 1 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (практика) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өздік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50+50 мин.

Кредит саны – 1 (1-семестрде),

Өту орны: ( сабақ кестесі бойынша)
Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Практикалық сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

4

7

1

15

15

15

45

1.3 Кіріспе


Пән бойынша мағлұмат:

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасында» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын» кеңейту туралы қаулылары сүйеніп , тілді үйренушілердің қазіргі сұранысын ескере отырып жасалды.

Іскери қазақ тілі бағдарламасы орыс тілді аудиторияға арналып құрылған. Аталмыш бағдарлама іскери қатынасқа байланысты мәтіндерден, практикалық жаттығулардан, ауызша-жазбаша тапсырмалардан, бақылау жұмыстары мен тестілерден тұрады.

Курс мақсаты:

- өкімет билігі мен мемлекеттік басқару және әкімшілік органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу мен ресми құжаттар әзірлеуге қатысы бар мамандар даярлауда студенттердің қазақ тілін ресми қарым-қатынас тілі ретінде үйренуіне ықпал ету және пайдалануына дағдыландыру;

- студенттердің кәсіби және қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру;

- қазақ тіліндегі дайын сөйлесім үлгілері арқылы, немесе нақты тақырыптар аясында жинақталған сөздер мен сөз тіркестері негізінде студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, мемлекеттік тілде еркін сөйлей білуге үйрету:


  • теориялық білімдерін жағдаяттық – коммуникативтік жаттығулар мен тапсырмалар арқылы бекіту:

  • түсініп оқу арқылы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру;

  • мәтіндер беру арқылы аударма жасау, ауызша мазмұндау, жоспар құру т.б. жұмыс түрлерін өткізу.

Курс міндеті:



  1. Ресми қарым-қатынас лексикасымен студенттерді қаруландыру

  2. Студенттердің іскери сөйлеу тілін әбден қалыптастыру және кәсіби мамандығы аясында өз қызметін мемлекеттік тілде жүргізе білуге үйрету.

  3. Қазақ тілі пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.

Курс талаптары:



  1. Іскери қазақ тілі пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.

  2. Студенттер тарапынан сабаққа күнделікті дайындалу міндеттеледі. Себебі студент білімі әр сабақ сайын балдық жүйеде бағаланады. Студент сабақта болмаған жағдайда материалды игеріп, кейіннен тапсыруы тиіс.

  3. Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу арқылы айқындау ;

  4. Қарапайымнан күрделіге қарай көше отырып, өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру ;

Пререквизиттер: жоқ

Постреквизиттер:

Оқыту әдістемесі:

Аталмыш пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар жеңілден ауырға ұласу принціпімен меңгертіледі. Бұл пән таза практикалық жұмыстардан тұрады. Студенттерге берілетін лексико-грамматикалық материалдар бір-бірімен орайласып, астасып жатады. Әрбір тақырыпта ресми қарым-қатынасқа байланысты мәтіндер мен сөздіктер беріліп, оны меңгертуде дидактиканың озық әдістері қолданылады. Ресми тілде қолданылатын тұрақты терминдер мен терминдік сөз тіркестерін жағдаяттық-коммуникативтік жаттығулар беру арқылы меңгертуге ерекше назар аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет