Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер



Дата07.05.2017
өлшемі111,91 Kb.
#15819
түріСабақ
Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: кәсіби қазақ тілі пәні мен мамандық бойынша бағдарламалық материалды, кәсіби мәтіндер мен термин сөздерді, сөз тіркестерін; қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.

  2. Дамытушылық: модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі; кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;

  3. Тәрбиелік: халқымыздың ұлттық тағамдарын білу, тағамдардың жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге; тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұптау, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: топпен жұмыс

М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша өткен сабақтан көрініс /топтық жұмыс/



ІІ Модуль

Тақырыбы: Іскерлік қатынас

Бөлім

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Кіріспе бөлімі

1-2 сабақ

Модульдің құрылымымен, мақсат, міндеттерін таныстыру.

  1. Кіріспе. Кәсіби қазақ тілінің міндеті. «Мамандық». «Менің мамандығым». «Асханада». «Ұлттық тағамдар». «Дәмхана». «Мейрамхана». «Қабылдау бөлмесінде»

  2. Сөздікпен жұмыс.

  3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

  4. Қорытынды.Үйге тапсырма.

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

Тақырыпты меңгерту.

  1. Өзара оқыту сабағы.

  2. Грамматикалық тапсырмалар.

  3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

4-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.

  1. Білімді өзектендіру сабағы.

  2. Іскерлік қатынас /топтық жұмыс/

  3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

5-сабақ

Білім, іскерлік дағдыларын қорыту.

  1. Рөлдік ойын «Жұмыста»

  2. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

  3. Қорытынды.Үйге тапсырма.

Қорытынды бөлімі

6-сабақ

  1. Диктант.

  2. Тест жұмысы.

  3. «Менің мамандығым» шығарма

Оқушы нені үйренуі керек?

ә) қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.

Оқушы нені білуі тиіс?

а) кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;


ә) модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі;
б) тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұпта, жеке жұмыс істей білуі.

Ашық сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»

4-сабақ


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсатын, жүру барысын түсіндіру.

  3. Білімді өзектілендіру сабағы /топпен жұмыс/

І деңгей

Тапсырма: «Колледждің асханасы» шағын шығарма

ІІ деңгей

Тапсырма: «Қабылдау бөлмесінде» Өтініш жазу.

ІІІ деңгей

Тапсырма: «Ұлттық тағамдар»

Интерактивті тақтада: слайдтар «Ұлтық тағамдар» 3 оқушы тағамдардың

3 түрінен сурет бойынша таңдап жазады.

Ет тағамдары: …, …, … .

Сүт тағамдары: …, …, … .

Ұн тағамдары: …, …, … .

4. Іскерлік ойын

Мақсаты: тақырыптар бойынша алған білімдерін, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.

Шарты: топтарда деңгейлік тапсырмалар орындау

І деңгей «Шағын бизнес»

Тапсырма: шағын тамақтандыру мекемесін ашу /асхана, дәмхана, мейрамхана/ :



  1. Мекеменің атауы ;

  2. Жарнама жасау;

  3. Бизнес жоспар құру.



  1. Өз жобаларын қорғау.



Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі — оқуға шақырады.

  1. Колледжге жарнама



  1. Технология бөлімі туралы әңгімелеу.

  2. «Менің — болашақ жұмыс орыным» өз жұмыс орны туралы әңгіме

/тіл дамыту жұмысы/

ІІІ деңгей «Қонақжайлылық»





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет