табиғи жолмен бірі-
гу процесін басынан өткізген
сөздер. Ал
ақ май, қызыл май, қара май
сөздері бірігу про-
цесіндегі сөздер, сондықтан оны емле сөздігі біріктіріп, сөздіктердің реестріне шығарады.
Өйткені емле сөздігіндегі орфограммалар бас-аяғы 5-10 жылда жаппай қолданысқа еніп,
тұрақтанады. Сондықтан бірігу процесінде тұрған сөздерді емле сөздігі алдын ала бірік-
тіріп отырады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ПАЙДА БОЛУЫ:
- 1) алдымен ұғымдар мен атаулар толық мағыналы сөздермен сипатталады: ат тұратын
қора, қолға киетін қап деген сияқты;
- 2) бұл құрылымдар заттардың, мөлшердің, мезгілдің, көлемнің атаулары ретінде
«тұрақты контекске» айналып, қолданыста үнемі қайталанады;
- 3) сыңарлар арасындағы грамматикалық байланыс, қатыстық-анықтауыштық мағына
әлсірей бастайды;
- 4) синтаксистік мағынаның әлсіреуі сыңарларды үнемі «қолтықтастырады», сөйтіп
құрылым (сипаттама құрылым деп алсақ та болады) тіл тезінде универбтеледі, бірігеді,
кірігеді, қысқарады, бүтін сөзге айналады.
Сипаттамалы құрылымнан сөз тіркесі, сөз тіркесінен тіркескен сөз, одан біріккен сөз пай-
да болады. Өзі сипаттаған зат, я құбылыстың толыққанды атауы болып бекиді. Тілдің сөздік
қорын арттырады. Сондықтан сөздік қорды байытатын біріккен сөзді жасайтын
тіркескен
сөздерді күрделі сөз, тіркесті түбір, атаулы тіркес, түйдекті тіркестер, шектеулі
Достарыңызбен бөлісу: |