Әзербайжан әліпбиі. 1991 жылы Тәуелсіздік алған Әзербайжан халқының латын графи-
касына көшудің қажеттілігі мынадай сипатта болды:
- латын жазуымен өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің мәдениетіне, экономикасы-
ның дамуына бет бұру керек деген сияқты көзқарастар күшейді;
- әзербайжан тілінің өз ішінде де диалектілік тармақтар мен айырмашылығы бір-бірінен
алшақ сөйленістердің болуы жалпыға ортақ басым әдеби тілдің қалыптасуына кедергі жа-
сады. Ал бұл өз кезегінде жазуды реформалау үшін қажетті алғышарттың бірі еді;
- 1991 жылы 25 желтоқсанда Әзербайжан Республикасының Президенті А.Муталибов
«Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру туралы» Заңға қол
қоя ды. Бұл Заң бойынша Әзербайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұра-
тын латын графикасындағы әліпби азын-аулақ өзгерістермен қалпына келтіруді ұйғарды.
Әзербайжан тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінде 32 графема, бір апостроф-
таң басы бар. 9 дауысты және 26 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты дыбыстар: a, u, o, ı, ə, e, ö, ü, i
Дауыссыз дыбыстар: b, c, d, g, ğ, j, q, l, m, n, r, v, y, z, p, ç, t, k, x, h, ş, k`, f, x`, s.
Әзербайжан ғалымдары латын әліпбиіне көшудегі артықшылықтарын былай деп көрсетеді:
- латын графикасы әзербайжан тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды белгілейді,
ал орыс графикалы жазу әзербайжан тілінде жоқ, бірақ орыс тілінен келген сөздердегі бө-
тен фонемаларды да таңбалайды;
- латын графикасына көшкен кезде түркітілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қа-
былдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы
болды;
- графемалық жүйесі ықшам әрі қолайлы болғандықтан, әзербайжан тілінен сауат ашу
процесі жеңілдеді;
- жастар мен сауда адамдары латын әліпбиін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап
отырды;
- латын әліпбиіне ауысу көптеген орыстілді әзербайжандықтардың ана тілін үйренуін
тездеткен;
- көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі коммерциялық телеарналары Әзербайжан-
да еркін көрсетілетіндіктен, латынграфикасы негізіндегі бейнеақпарат легі әліпбидің
игеріліп, қолданылуына оң әсерін тигізді.
1991-2001 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды:
- 90 – жылдардың басынан 2001 жылға дейін республиканың баспа-жұмыстары екі әліп-
биде (кирилл және әзербайжан) қатар жүрді;
- ең бірінші орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары латын
графикасында білім алды;
- 5-6 жылдың ішінде барлық ісқағаздары кезең-кезеңімен жаңа әліпбиге көшірілді;
- осы аралықта барлық мемлекеттік мекемелер латын жазуына көшірілді.
Сөйтіп өту кезеңінің соңында Әзербайжан Республикасының Президенті Г. Әлиев 2001
жылдың 18 маусымында «Мемлекеттік әзірбайжан тілін қолдануды жетілдіру туралы»
Жарлық шығарады. Процестің аяқталғанының белгісі ретінде Республика Президентінің
2001 жылдың 9 тамызындағы «Әзербайжан тілі мен әзірбайжан әліпбиінің күнін өткізу ту-
ралы» Жарлық қабылдайды.