12
k, L l, M m, N n, O o, Pp, Q q, R r, S s, T t, U u, V v, X x, Y y, Z z, Ç ç, Ğ ğ, Ɉ ɉ, Ñ ñ, Ö ö, Ş ş. Қабылданған бұл
әліпби екі жылдан кейін қайта қаралып, 1995 жылдың 6 мамырында жаңа жарлық шығады.
Жарлықта Ç ç, Ş ş, Ğ ğ, Ö ö, Ñ ñ, Ɉ ɉ әріптерінің орнына Ch ch, Sh sh, Gʻ gʻ, Oʻ oʻ, Ng ng, J j әріптері
енгізіледі. Қабылданған өзбек әліпбиі диграфтық және апострофтық жүйеге негізделген.
Екі дыбыстың таңбасы апостроф белгісі арқылы берілген: O’o’, G’g’. Ал өзбек тіліндегі ң, ч, ш
таңбалары үшін қосар диграфтар алынған: Ng ng, SH sh, Ch ch.Кирил жазуындағы Ёё әрпі Yo
yo, Юю әрпі Yu yu, Яя әрпі – Ya ya тіркесімдері арқылы берілді. Ал кирилл әліпбиіндегі э әрпі
латынның e әрпіне алмастырылды. Цц әрпі сөздің ішіндегі орнына қарай ts тіркесімімен
және Ss әрпімен алмастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: