Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет16/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

 
[y]
 
ауыстыр-
са, 
qyr
деген жаңа сөз пайда болады. Кез келген нақтылы бір фонеманы әркім өз бетінше 
өзгертіп, басқаша жасай алмайды. Өйткені ол белгілі артикуляциялық орында пайда болу 
сапасы ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, тұрақты нәрсе. Алайда фонемалар бір-бірінен 
тек жасалым-айтылым ерекшеліктерімен ғана ажыратылмайды, олар морфемалар мен сөз-
дерді белгілей отырып, сигнификативтік (мағына ажыратушы) қызмет атқарады. Мысалы, 
qal
мен 
mal
сөздері тек бірінші дауыссыздар арқылы ажыратылып тұрса, 
qal
мен 
qol
деген 
сөздерде мағынаны екінші дауыстылар айырып тұр.
Әріп – фонеманың таңбасы. Адам екінші біреуге өзінің ойын жазу арқылы да білдіреді. 
Мұндайда өз ойын түсіндіру үшін, жеке фонемаларға арналып алынған әріптік таңбалар 
арқылы қағаз бетіне түсіріп, сөз, сөйлем құрайды. Яғни фонема көзге көріну үшін оны таң-
балайды. Әріп фонеманың таңбасы болғанымен, оның тілдегі дыбыстардың санымен бір-
дей болуы шарт емес. Әдетте барлық дамыған тілдерде әріптердің саны дыбыстардан кем 
болу керек. Қазақ тілінде керісінше болған. Мысалы, дамыған француз және ағылшын тіл-
дерінде 35, 44 фонема бар. Бұл фонемалар 26 латын әрпімен беріледі. Сондықтан латын 
графикасына көшудің практикалық мәні зор. Оқушыға 26 латын әріптерін жаттауға 42 ки-
рилл әріптерінен гөрі оңайырақ болады. 32 әріппен жазуы қиын болмайды. 
Жазу сөйлеу дыбыстары арқылы таңбалануымен берілетіні белгілі. Дегенмен, әріптер ды-
быстарға дәлме-дәл сәйкес келуі мүмкін емес. Жазу үшін ең маңыздысы ойдың мазмұнын 
сақтау болып табылады. Сондықтан жазудың бірінші нұсқалары сөздің дыбыстық жағын 
мүлдем көрсете алмады. Жазу тарихын еске түсірсек, ол сызбадан басталып, кейін ғана даму 
үдерісіне байланысты, адам сөйлеудің жазбаша түрін дыбыспен байланыстыруға ыңғайлы 
екендігін түсінді, себебі бұл жағдайда көп мәлімет беруге және хабар жеткізуге болады.
Жазуда дыбыстардың барлық түрінің берілуінің дәлдігі талап етілмейді, тек типтік ды-
быстарды (фонемаларды) беру өте маңызды. Жазбаша және ауызша сөйлеу формалары 
арасындағы нақты арақатынас емле ережелер арқылы және ұлттық әліпби негізінде бел-
гіленеді. Сөйлеу тілі ұлттық жазудың бірлігін сақтауға бағытталған.
Әріп, дыбыс мен фонеманың дұрыс ажыратылуы тек сөйлеу тілі мен жазу теориясын 
зерттегеннен кейін ғана мүмкін болды. Мұндай зерттеулер жақында ғана пайда болды. Қа-
зақ тілінің материалында қалыптасқан фонема теориясы лингвистикалық заңдарды дұрыс 
бағалауға және әріптердің фонемалық мәндерін ескеруге мүмкіндік берді.
Барлық тілдерде ортақ бірнеше әмбебап ережелер бар: әліпбидегі әр таңбаның өзіндік 
мағынасы болуы керек және ол басқа таңбалардан ерекшеленуі тиіс, әліпбиде қосымша 
әріптер болмауы керек, олардың функциялары басқа таңбалармен қайталанбау керек, ұлт-
тық емле тілдің табиғатына сәйкес болуы керек және басқа тілдердің ережелерін өз тіліне 
бейімдеуге болмайды. 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет