Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


Қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет25/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ұстанымдары 
Орфографияның үнемдеу заңдылығы әлемдегі тілдердің негізгі принциптерінің бірі бо-
лып табылады. Қазақ тілінде жазудың үнемдеу принципін алғаш боп қолданған және оның 
тиімділігін негіздеген – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы. Ол қазақ 
тілінің көптеген дыбыстарын шектеулі ғана әріптермен таңбалады. 
Әдетте тілдердің алғашқы дыбыстық жазуы фонетикалық принципке негізделеді. Бұл 
грек және латын тілдерінің алғашқы жазуы болған. Дегенмен тіл дамыған сайын сөйлеу 
тілі өзгереді, ал жазу сол бойынша қалады. Ауызша және жазбаша сөйлеудің екі формасы 
арасындағы алшақтық артып, дыбыс пен жазудың арасындағы қарым-қатынас өзгереді. 
Жазба сөз бен ауызша сөз бір-біріне сәйкес келіп, норма дәрежесіне көтерілсе, бұл фонети-
калық жазу болып табылады. Фонетикалық жазу әріп пен дыбысты белгілеу арасындағы 
сәйкестікке негізделген. Бұндай жазуда айтылған дыбыстар барынша нақты және дәл жет-
кізіледі. 
Дәстүрлі-тарихи принцип басым болып табылатын жазуларда жазба сөз бен ауызша 
сөздің арасында үлкен айырмашылық болады. Себебі жазу көптеген ғасырлар бойы өзгер-
мейді, ал тілдің фонетикалық жүйесі дамиды, жаңа фонемалар пайда болады. Бұл принцип 
негізінен француз және ағылшын тілдеріне тән. Қазақ тілі үшін бұл қосалқы принцип бо-
лып табылады.
Қазақ тілінің басты – фонематикалық принципі бойынша дыбыстардың тек негізгі реңкі 
таңбаланады. Мысалы, з (z) әрпі сөздегі позицияға байланысты үш түрлі нұсқада айтылға-
нымен, жазуда негізгі тұрпатын сақтайды: с (s), ш (sh), ж (j). Жазылуда – қазса // qazsa, ай-
тылуда – [қасса // qassa]; жазуда – тазшы // tazshy, айтылуда – [ташшы // tashshy]; жазуда 
– көз жасы // kóz jasy, айтылуда – [көжжасы // kójjasy].
С (s) әрпі ш (sh) дауыссызының алдында өзгеріп, сол дыбыс түрінде айтылады: қосшы // 
qosshy деп жазылады, [қошшы // qoshshy] деп айтылады, басшы // basshy деп жазылады, 
[башшы // bashshy] деп айтылады.
Н (n) әрпі сөздегі позицияға байланысты м (m) және ң (ń) дауыссыздарына айналады: сен-
бейді // senbeɪdi деп жазылады, [сембейді // sembeɪdi] деп айтылады, көнбейді // kónbeɪdi 


20
деп жазылады [көмбейді-kómbeɪdi] деп айтылады, түнгі // túngi деп жазылады, [түңгі // 
túńgi] деп айтылады. 
K (к) және қ (q) әріптері сөздегі қоршаған дыбыстарға байланысты айтылуында өзгеріп 
тұрады: көк орамал // kók oramal деп жазылады, [көгорамал // kógoramal] деп айтылады, ақ 
ала // aq ala деп жазылады, [ағала // aǵala] деп айтылады.
A (а), i (і), ы (y), е (е), о (о), ө (ó) дауысты дыбыстары позицияға байланысты өзгеріп 
тұрады: а→ә, і→ү, ы→ұ, е→ө, е→йе, о→уо, ө→уө: шай // shаɩ деп жазылады, [шәй // sháɩ] деп 
айтылады, жүзім // júzim деп жазылады, [жүзүм // júzúm] деп айтылады; құлын // qulyn 
деп жазылады, [құлұн // qulun] деп айтылады; көйлек // kóılek деп жазылады, [көйлөк // 
kóılók] деп айтылады; емле // emle деп жазылады, [йемле // ıemle] деп айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет