Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет75/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

8. AQJAŃBYR 
Uzaq jaýatyn jaýyn.
4-tapsyrma. 
Bólek jazylatyn kúrdeli sóz ben birikken sózdiń emlesin anyqtaýdyń joldaryn jazyńyz.
Kúrdeli sóz bólek jazylady, eger:
Kúrdeli sóz birge jazylady, eger:
- Syńarlary jeke suraqqa jaýap berse;
- Syńarlary týra maǵynasynan aýytqysa;
-
-
-


51
5-tapsyrma. 
Taqyryp boıynsha túıgenińizdi qorytyp, BÚB kestesin toltyryńyz.
Burynnan bildim
Úırendim
Bilgim keledi
Аң, құс, өсімдіктердің күрделі атауларының емлесін 
меңгерту тәсілдері
Қазақ тіліндегі өсімдік, құс, жәндік атаулары көбінесе екі сыңардан тұрады. Өсімдік, 
құс, аң атауының соңғы сыңары бүтіннің бөлшегі болса, әрі атау өмірдегі басқа бір зат, құ-
былыспен ұқсастыра аталса, онда мұндай сөздерді бірге таңбаланады. Мысалы, 
қарақұй-
рық 
(аң)
, қозықұйрық
(өсімдік)
, қоянқұйрық 
(өсімдік)
, құланқұйрық
(өсімдік)
, қызылқұйрық 
құмтышқан, қызылқұйрық торғай;қылқұйрық
(құс)
.
Яғни «қарғаның тұяғы сияқты», «аты-
ның құлағы сияқты», «биенің қарны тәрізді», «жыланның тілі іспеттес», «кәрі қыздай», 
«кемпірдің қосағы» секілді, «тауық көзіндей» деп, өмірдегі етене таныс құбылыстармен ас-
социация жасай аталған. 
Кемінде екі компоненттен тұратын есімдік атауларының емлесіне қатысты мынадай 
жайттар бар:
- өсімдік кұрама атауының соңғы сыңары 
шөп, көк, от, құрак, шалғын, қурай, ағаш, егін 
тәрізді жалпы, дерексіз сипаттағы сөздер болып келсе: 
айдаршөп, қараот, айылқияқ, ақегін, 
балқурай, сарағаш
т.б.;
- өсімдік, жануар, аң-құс атауларының бірінші сыңары 
aq, qara, sary, kók, qyzyl, ala, boz 
тәрізді түс атаулары мен келсе; 
- өсімдік мүше атаулары 
(тамыр, мұрт, сабақ, жеміс, қат, жидек, жапырақ, гүл, тікен, 
бұта), 
яғни жалпыға ортақ бүтіннің бөлшегі болып келсе: 
бөрігүл, бөріжеміс, айылжапырақ, 
бозтікен;
- екі сыңары да, кейде бір сыңары өз дербестігінен айырылып, не ауыспалы мағынада 
қолданылса: 
түйетабан, құлынембес, далантопшы, құртқашаш;
- бірінші сыңары мал, аң, құс жалпы атаулары 
(қой, сиыр, аю, қоян),
болмаса
 may, шөл, 
құм,
даласияқты сөздер, екінші сыңары нақты өсімдік, аң-құс аты болса: 
құмбетеге, сиыр-
жоңышқа, қойқарақат, итошаған, итбүлдірген
, бірге жазылады.
Бұлардың ішінде түспен келетін биологилық және зоологиялық атаулар негізінен бірге 
жазылады. Сондықтан осы қатар арнайы ереже бабына ие болып отыр. Ал қалған қатарлар 
жаппай бірге жазыла бермейді.
Бұл сөз мағынасын берудегі ғылыми-терминологиялық бағытқа саяды. Мұнда ұғымның 
ғылыми, терминологиялық мағынасы маңызды. Мысалы, 
сиыржоңышқа, таспажоңышқа, 
түйежоңышқаөз
алдына жеке-жеке өсімдіктер болғаңдықтан олардың компоненттері дер-
бес мағынасында колданылып тұрғанына қарамастан бірге жазылуы керек. Сол сияқты, 
қа-
раөрік
(слива) ағашы да, жемісі де 
өрік
(абрикос) жемісіне қатысы жоқ бөлек өсімдік болған-
дықтан біріктіріледі.


52
Көпшілік қауым қолданыстағы терминдер мен өсімдік, жан-жануар, жәндік, құс атаула-
рының терминологиялық мағынасын білуі шарт емес. Қатардағы оқырман 
ақбас жусан
түр 
атау ма, туыс атау ма деп ойланып отырмайды немесе 
қараөрік
сөзін өрікке қатысы жоқ 
екен деп, бірге жаза алмайды. 
Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының құрамы мен құрылысын, семантикасын зерттеген 
проф. Б.Қалиевтің көп құрамды өсімдік атауларының жазылуы, сөздікте берілуі, әсіресе 
сөздердің бірігу тәсілі жайлы айтқан құнды пікірлері бар. Мысалы, ғалым 
аю дәрі, еркек, зәй-
түн, мыңбас, сарбас, майқара атауларының аюдың ақ дәрісі, еркек шөп, зәйтүн шиты, мың-
бас шырмауық, сарбас қурай, майқара жусан 
сияқты көп құрамды атаудан ықшамдалғанын 
көрсетеді. Сондай-ақ, ғалымның айтуы бойынша, 
ақбас жусан, көкбек жусандар
жусан түр-
лері емес, біреуі 
алабота
туысына, біреуі шөптесін өсімдіктер туысына жататын өсімдік-
тер, сондықтан бұндай атаулар біріктіріліп реестрге шығарылуы керек.
Шөп
сыңарлы 80 шақты өсімдік атауы бар екен. Олар: 
айдаршөп, айланшөп, арамшөп, ар-
пашөп, ашуайтшөп, әлекшөп, барқытшөп, балшөп, бауыршөп, бояушөп, бөденешөп, бұқарашөп, 
елекшөп, елікшөп, еменшөп, еңлікшөп, еркекшөп, жаншөп, жасаңшөп, жебіршөп, жемшөп, жұ-
мыршөп, жұлдызшөп, жұпаршөп, жылаңқышөп, жындышөп, келіншекшөп, кенешөп, кемпір-
шөп, киікшөп, көкекшөп, көкбасшөп, кірпішөп, күреңшөп, қабыршөп, қандалашөп, қандышөп, 
қарабасшөп, қасықшөп, кенепшөп, кцяқшөп, қияршөп, қарғашөп, қояншөп, құмайшөп, қорға-
сыншөп, қызшөп, тұзшөп, қылтықшөп, ләйлекшөп, мақташөп, мизамшөп, ойраншөп, өгей-
шөп, өлеңшөп, сабыншөп, саздақшөп, сасықшөп, сауыршөп, сәбізшөп, сәлемшөп, семсершөп, 
сортаңшөп, соршөп, сүйелшөп, сылдыршөп, талақшөп, тамыршөп, тартаршөп, тасшөп, 
толғақшөп, томағашөп, тұншықшөп, түктішөп, шайыршөп, шәрешөп, шүйіншөп, шөрешөп, 
шайшөп, сағызшөп 
т.б. Мұнда шөпсөзі «жер бетіне жасыл болып шығатын көкорай шалғын, 
балауса»деген нақты мағынасында әр алуан сипаттағы сөздермен бірігіп, «өсімдік», «көк» 
сияқты барлығына ортақ стандарт мағынасы бар өсімдік атауларын жасайды.
«Түрлі-түсті, үлбіреген, хош иісті өсімдіктің» жалпы атауы гүл сөзі де елу шақты өсімдік 
атауларының кұрамында әр сипатты сөздермен тіркесіп, бәріне ортақ «гүлді бұта», «гүлді 
өсімдік» мағынасы бар атау жасайды. Мысалы: 
азагүл, айгүл, ақгүл, әлпігүл, әсемгүл, безекгүл, 
беренгүл, бөрігүл, бөрікгүл, дәстүргүл, ерінгүл, еңлікгүл, жанамагүл, жанаргүл, жарқынгүл, 
жарықгүл, жатағангүл, жұлдызгүл, жұпаргүл, запырангүл, кекірегүл, кербезгүл, көкбасгүл, 
көкгүл, көкшегүл, қалтагул, қозыгүл, қолтықгүл, құралайгүл, қырмызыгүл, лалагүл, меруерт-
гүл, наргүл, намазгүл, райхангүл, раушангүл, сарыгүл, секпілгүл, себетгүл, таугүл, тегеурін-
гүл, тегісгүл, ұягүл, шегіргүл, шерменгүл, інжугүл, ымыртгүл
т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет