Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Сөж-3
Тақырыбы: Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психологиялық жағдайын байқау және талдау
Орындаған: Маулен Мадина 210 топ
Алматы 2022 ж
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Адам жоғарғы қабілеттері мен қасиеттерін қарым-қатынас арқылы аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Қарым-қатынас негізінде адам өзінің барлық адамгершілік, психикалық мінез-құлық қасиеттерін қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады.
Балалар өзара қарым-қатынас барысында:
адамдардың іс-әрекеттің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын тұрады;
сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;
әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;
өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімді болуға үйренеді;
Баланың өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, өзге балалардың ортасында абыройлы болуы – үлкендермен қарым – қатынас жасау барысында жүзеге асады. Бала мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу керектігін сонымен қатар, оны қалай дамыту керегін түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қарым-қатынас орнатуда бірінші көмекші болатын адам – мектеп психологы.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы оқушылардың арасында тез тіл табысқыш, бір-бірімен пікір алмасып, ұйымшыл болып, сыйлау қабілеттері қалыптасады. Мектеп психологі оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының өзглерге және өзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек қажет екенін көрсетті.
Қарым-қатынасты зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталсақ;
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырады.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас – барлық тірі жанға тән, бірақ адамда күрделі формада, саналы түрде болады деген.
Ал, А.В. Петровский ойынша қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үдеріс.
Оқушылардың қарым-қатынасы және қарым-қатынас мәдениеті ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:
Қарым-қатынас дегеніміз – мұғалім мен оқушының мақсаты бір педагогикалық мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл-қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен байланыс жасауы.
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.
Оқушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейі мен сапасын өлшеп көрсету өте күрделі. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, басқа адамдарға психологиялық қысым көрсетпей оң бағытта қарым-қатынаста болғанда ғана, қарым-қатынас мәдениетін сақталғанын көруімізге болады.
Жалпы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде түрлі әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолдануға болады. Осы әдістемелердің негізінде сыныптағы балалардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу барысында көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар сабақ барысында, сыныптан тыс көптеген іс-шаралар жүргізгенде, оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сонымен балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта достары, бос уақытында бірге ойнайтын құрбылары бар. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға болады.
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті оның өзіндік дара қасиеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әр баланың даралық өзіне тән ерекшеліктері мен қасиетерін анықтау керек. Осы жеке – даралық қасиеттерді анықтап, бағалау үшін мынадай әдістемелерді қолдануға болады. Қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер Леонгардтың «Мінез акцентуациясын зерттеу тесті»; Шмишктің «Акцентуациялық мінез-құлық» Агрессияны анықтауға арналған Басса-Дарки әдістемесі; Э. Берннің трансактілік талдау және Дж.Морено ұсынған «Социометрия» әдісітемесі;
Адамдар аралық қатынасты анықтауда социометрия әдісі көмектеседі. «Социометрия» әдісі адамның қарым-қатынасының психологиялық жақтарын және оқушылар арасындағы бір-бірімен қатынасын анықтайды.
Оқушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып, сонымен бірге түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Топта қолайлы жағдайларды қалыптастырудың тиімді жолы – ойын тренингін жүргізу. Тренингтің негізгі мақаты – әрбір жеке тұлғаның өз ортасында, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Топта жүргізілетін тренингтер арқылы оқушылар өзін еркін ұстап, өз ойларын еркін жеткізіп, эмоцияларын меңгере алады, шешім қабылдауға үйренеді, тұлға аралық қарым-қатынас құра алады.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға өзін-өзі тану, тұлғалық дамуын қалыптастыру, ойдың икемділігін, ойлаудың дәлдігі, ұтқырлығын мен жылдамдығын жаттықтыру, өзінің және өзгенің даралығын дамытуға арналған психологиялық жаттығуларды қолдануға болады. Вирджиния Сатирдің «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы, «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі, Ситуативті-коммуникативті ойындар т.б. тренингтерді жүйелеп, қолдану тиімді.
Ойын адамның қабілетін, мінез-құлқын, топтармен қарым-қатынасын жасау жолдарын, адамгершілік құндылықтарын анықтап, байқауда тиімді әдіс-тәсілдер болып табылады. Түзету жұмыстарының көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі. Ойын барысында тұлғаарлық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы қарым-қатынас мәдениетін көтеруге мүмкіндік туады. Топта балалардың бір-біріне сенім артып, қарым-қатынастағы маңыздылығын жеке түсінуге көмек көрсетіледі және серіктестік қатынас кезінде өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |