Филология кафедрасы


Компьютерді оқу үрдісінде пайдалануда



бет46/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалануда:

  • Оқушының сабаққа деген ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.

  • Тапсырмалардың мазмұндылығы, қызықтылығына, жүйелігі мен сабақтастығына назар аударылады.

  • Компьютер бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау барысында олардың жауапкершілігі артып, өздеріне деген сенім, еркіндік туындайды.

  • Өз беттерімен білім алу зерттеушілік ізденіс біліктері мен дағдылары қалыптасады.

  • Тестілік, диагностикалық бақылау әдістері оқушының білім деңгейін бағалауға көмектеседі. Компьютерлік оқу бағдарламалары арнайы блоктар кешеніне сүйнеді. Олар төмендегідей қызметтерді қамтиды:

    • Инструктаж- оқушыларды ақпараттық деректер қорымен таныстыру, оқу материалын жүйлеп таныту;

    • Әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқу материалын бекіту;

    • Түзету- кеңес беру, ақпараттық қорды толықтыру, оқу материалын түрлендіріп ұғыну, бекіту;

    • Алғашқы ағымдық, қорытынды бақылаулар, тестілеу.

Бүгінде оқу-тәрбие үрдісін жан-жақты жетілдіруде компьютерді жекелеген пәндерге оқыту құралы ретінде пайдалану қолға алынуда. Білімді ақпараттандырудың негізгі- электронды оқу-құралдарын ұтымды пайдалануды асыру қажеттігі туындауда.
Ақпараттық комунникациялық технологиялар оқу үрдісіне басшылық жасаудың тиімділігін, икемділігін арттыруға көмектесе отырып, оқушылардың оқу қызметін бақылауға игі ықпалын тигізеді. Мұнда оқушы белгілі бір білім көлемін меңгеріп қана қоймай, олар өзіндік ізденіске, түісініп проблеманы көре білуі, зерттеушілік әрекетке ұласып өз бетімен жұмыс істеу қабілеті біртіндеп қалыптасады. Енді оны табудың жолдарын іздестіреді. Оларда, тапсырмаларды орындау барысында мәселені нақты анықтай отырып, өзінше шешім таба білуге, ой қортындысын жасауға ұмтылыс, қызығушылық пайда болады.
Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің республикалық білімді ақпараттандыру орталығының жетекшілігімен әр пәндер бойынша ғалым-әдіскер, мектеп мұғалімдерін тарта отырып дайындалған электронды оқулықтар республиканың көптеген мектептерінде тиімді пайдаланып, нәтижелерін көрсетуде.
Электронды оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланыста төрт компонеттен тұрады. Олар:

  • Мотивациялық мақсатты, мазмұндық;

  • Операциялық және бағдарлы – нәтижелік мақсаттар болып табылады.

Бүгінде республикамызда компьютерлік технологияның даму деңгейі сапалы түрде жолға қойылуы, бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақта алғы шарттар болып табылады.
Баланың жеке басының ерекшелігін жан-жақты танып білу, білімді соған қарай бағыттау, олардың жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға, игі ықпалын тигізеді. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде іс-әрекеттің әдістемелік жаңа бағыттар, білім берудегі нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар көбейіп, жетіліа келеді. Дүниежүзілік тәжірибелерде өзін ақтаған жаң педагогикалық инновациялардың түрлерін тиімді пайдалану, оқытудың басты ұстанымдарына айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет