«Филология» мамандыєына арналєан



бет3/54
Дата09.08.2020
өлшемі216 Kb.
#76249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Лекция саба тары Семинар ж не лабораториялы саба тар Курсты ж

Азаматтық қоғам – саяси құрылымдармен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым. А.қ-ның мазмұнын құрайтындар: шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, рухани, жанұялық – тұрмыстық қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар, сондай-ақ адамның қоғамдық байланыстары мен мекемелердегі мәртебесі, ролі, құқықтары мен міндеттері. Мемлекет және А.қ деген ұғымдар, біртұтас әлеуметтік организмді өзара тығыз байланысты екі жаққа, яғни саяси және әлеуметтік салаларға бөледі.

Аккультурация – (ағылшын тіліндегі неологизм, түбірі латынның «ad»- «қосу» және «cultura» - «өндеу» деген сөздердің қосындысынан алынған) әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.

Бір мәдениеттің екіншісіне еліктеуі немесе жат мәдени элементтерді қабылдау процесін көрсету мақсатында ағылшын ғалымдары енгізген түсінік. Зерттеулер нәтижесінде әртүрлі мәдениеттердің өзара байланыстарында «үстем» және «бағыныңқы» мәдениет топтары болатынын анықтап «бағыныңқы» топ «үстем» топтың мәдениетін екшеуден өткізіп, өз жағдайына бейімдеп «қажеттісін» алады. А. процесі негізгі топтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жағдайларымен тығыз байланысты. А. нәтижесінде «бағыныңқы» топтың мәдениеті енгізудің бағыттарын айқындау үшін қолданылған.



Аксиология (гректің «ахіа» - құндылық» және «logos» -«ілім», «ұғым» деген сөздерінен алынған) – құндылықтар туралы ілім. Құндылықтарды жан-жақты зерттеу мәселесін социологияға енгізген Макс Вебер. Оның айтуынша адамның белгілі бір құндылықтардың негізінде жүзеге асады.

Құндылықтар мәселесін зерттеген ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий «Әрбір топ өзінің мүшелері арасында осы топқа ғана тән іс-әрекеттердің ұқсастықтарын сақтап, реттеп, тартып отырады» деген пікірлерді айтты. Т. Парсонс құндылықтарды қоғамның шағын топтардағы өзара келісімді жүзеге асыратын ең жоғары ұстанымдар деп атады.



Аномия (француз тілінде «заңсыздық» , «шектеусіздік» дегенді білдіреді: «а»-қарама-қарсылықты білдіретін жұрнақпен «nomos»-«заң» деген сөздің қосындысынан туындайды). А. –адамдардың өздеріне белгілі бір міндеттерді жүктейтін тәртіптің шектері бар екендігін біле тұра оған қарсы шығуын немесе олардан бейтарап қалуын бейнелейтін түсінік. А. –лық жағдайда адамдар ортақ мақсатты түсінгенімен, сол мақсатқа жетудегі іс-әрекеттің құқықтық және моральдық әдістерін мойындамайды. А.бейімделу, келісу не қоғамға жат қылықтар көрсету сияқты құбылыстарды туғызады.

Анимизм- латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқалардың бәрінде жан болады дейтін қиялы түсінік. Алғашқы қоғам мен діни нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет