Антропоморфизм – «антропос» -грекше «адам» және морфе – «түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестетін түсініктер.
Апперцепция – латыннан ан- префикс, сөз алды қосымша, перцепция – қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болады.
Ассоциация – 1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы.
2.Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.
Атрибуция – адамның жүріс – тұрыс себептерімен дәлелдерін, жеке қасиеттерімен мінездері олардың іс-әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.
Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың
(түйсігін) санасыз түрі. К.Юнгтің түсінігі бойынша, архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық комоненттері жалпы адамдық символика негізінде жататын түс, ертегі,миф.
Достарыңызбен бөлісу: |