«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасы


Қайта Өрлеу мен Жаңа дәуірден бастап XXI ғ. дейінгі философия. Антропоцентризм, гуманизм, ғылыми таным мәселесі, эмпиризм және рационализм. 1



бет41/86
Дата24.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#187792
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
«Философия ж не леуметтік-гуманитарлы » п ндер кафедрасы

5. Қайта Өрлеу мен Жаңа дәуірден бастап XXI ғ. дейінгі философия. Антропоцентризм, гуманизм, ғылыми таным мәселесі, эмпиризм және рационализм.
1. Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Неміс ғалымы К.Ясперс өзінің «Тарихтың қайнар көздері және оның мақсаты» атты кітабында әлемдің тарихи процестің өзіндік түсіндірмесін беріп, тарихи уақыттың, яғни адамзат тарихының біртұтас екендігін, бірлігін көрсетеді.
Адамзаттың түп-тамыры бір, шығу тегі бір, даму жолы ортақ. Осы тарихи даму жолын қарастыра келе, Ясперс «белдеулік уақыт» ұғымына ерекше мағына беріп, оны қазіргі рухани тұрпаттағы адамның пайда болуының уақыты деп санап, біздің жыл санауымызға дейінгі 800-200 жылдар аралығына мегзейді. Осы кездері әлемдік діндер қалыптасады, философия туындайды, сөйтіп мифологиялық сананың орнын «руханилық» басады. Рухтың оянуы, Ясперс бойынша, адамзаттың жалпы тарихының, «белдеулік дәуірдің» бастауы болып саналады.
2. Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін. Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды. Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: ғылыми оймен байланысының аздығы; жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды. «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, 3 адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады: Самхиттер — кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады; Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. Аранъяктар — «Орман кітаптары» — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. Упанишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani-sad («қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар — ұстаздың шәкіртпен диалогәңгімесі, оның тақырыбы — болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері: Жайнизм — көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы — біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын) немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезендеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса — тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя — ұрлық жасамау; сатья —шыншылдық; апариграха — үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін — брахмачаръя — некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»).
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет