Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№11. Дәріс.
Тақырыбы: Философиядағы «Сана» мәселесі
1.Филисофиядағы сана түсінігі
2. Сана мен іс әрекет бірлігі
3. Сана және санасыздық әрекет
Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзиді.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестергетаным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялықіргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.
Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде).
Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).
Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана–материядан мүлде өзгеше.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың іздері мүмкіндіктерін орасан зор дамытқан ғылым киберннетика.
Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.
Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін - өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.
Достарыңызбен бөлісу: |