Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері:
1. алғашқы қауымдық құрлыс
2. Құл иеленші қоғам;
3. Феодалдық қоғам;
4. Капитализм
5. Социалистік (коммунистік) қоғам.
- экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.
Марксистік философияның негізгі ұғымдары: өндіріс құралдар; жаттану; қосымша құн; адамды адамның қанауы.
Марксистік философияның диалектикалық материализмінің мәні:
- философиняң негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;
- сана - өзіндік мән емес, материяның өзін-өзі бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;
- материя – тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;
- Құдай жоқ – ол адам қиялының жемісі;
- Материя мәңгі және шексіз;
- Дамудың маңызды факторы – практика. Адам қоршаған дүниені және өзін-өзі өзгертеді;
- Даму – диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар: қарама-қарсылықтардың өзара ауысу заңы, сан өзгерістерінің сапа өзерістеріне ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.
Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы;
Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір — бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.
XVII-XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар еуропалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық қүрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы капитализмнің дамуына, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңдағы өнеркөсіптік революцияның нөтижесіңде жылдамдата дамуына жол ашты. Мүның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды. Бірақ капитализм дамуының нөтижесінде еңбек өнімділігінің артуы және қоғамдық байлықтың өсуі еңбекшілердің түрмысын жақсартпады. Керісінше, қоғамның бір бөлігінде, буржуазияның қолында мол байлық жиналып жатса, екінші бөлігінде енбекшілердің, әсіресе пролетариаттың қайыршылығы арта түсті. Ұсақ өңдірушілердің жаппай пролетариаттануы, жүмысшылардың, оның ішіңде әйелдер мен балалардың еңбегін аяусыз қанау, төзгісіз түрғын үй жағдайлары, адам айтқысыз штрафтар мен қысым көрсетулер, әсіресе оқтын — оқтын қайталанып отыратын зкономикалық дағдарыстар кезінде (1825 жылдан бастап) арта түсетін жүмыссыздық — мұның бәрі капиталистік өмір шындығының бұрын болмаған көріністері — еңбекшілердің ашу — ызасын тудырады.
Жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады. Олар жүмысшы табының ұйымдаспаған бытыраңқы стихиялық көтерілістерін үйымдасқан саналы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ал ол үшін жүмысшы қозғалысын ғылыми — социалистік теориямен қосу, оны қосатын ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жүмысшы партиялары екенін дәлелдеп берді.
Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді бірден жасап, жұмысшы табының ғылыми көзқарасының негізін бірден қалаған жоқ. Олар өздерінің теориялық және қоғамдық — саяси қызметінің бас кезінде идеалист болды, Гегель философиясынан революциялық жене атеистік қорытындылар жасамақ болған гегельшілдер мектебінің солшыл өкілдеріне (жас гегельшілдерге) қосылды. Бірақ басқа жас гегельшілдерге , қарағанда, Маркс пен Энгельс тіпті өздерінің алғашқы шығармаларында — ақ революцияшыл демократтар ретіңде, қалың еңбекші бұқараның мүдделерін қорғаушылар ретінде көрінеді. Кейбір философтар Маркс пен Энгельстің диалектикалық материализмін Гегельдің диалектикалық (идеалистік) әдісі мен Фейербахтың метафизикалық материалистік теориясының жай қосындысының нәтижесі түрінде түсіндіреді. Бүл марксизм классиктерінің философияда жасаған революциясының мәнін түсінбеушілік, одан қалды, ашықтан — ашық тұрпайыландыру болып табылады, өйткені материализм мен идеализмді, диалектикалық жөне метафизикалық ойлау әдістерін бір — бірімен қосу мүлдем мүмкін емес — олар бірін — бірі терістейтін қарама— қарсы ағымдар. Марксизмнің негізін салушылар жаңа заманның материалистік ілімін, Фейербахтың философиясын қоса, диалектикалық түрғыдан жан — жақты талдап, оны механистік жөне метафизикалық сипаттардан тазартты. Олар сондай — ақ Гегельдің диалектикалық әдісін материалистік түрғыдан өңдеп, табиғат пен қоғам кұбылыстарын ғылыми зерттеуге кедергі болатын идеалистік мазмұнынан тазартты, сөйтіп «басы, төменкарап тұрған диалектиканы аяғына қойып» дүрыстады, яғни ғылыми материалистік теорияны ғылыми диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы түрғыдан алғанда материалистік диалектиканы тек әдіс деп, ал философиялық материализмді тек теория деп қана түсіну үстірттік болар еді. Материалистік диалектика шындығында тек әдіс емес, ол сондай — ақ даму жайындағы теория — табиғаттың, қоғамның және танымның ең жалпы даму заңдары жайындағы ілім, ғылыми теория. Философиялық материализм теория ғана емес, сондай — ақ болмысты белгілі бір тұрғыдан түсіндіретін материалистік әдіс. Қорыта айтқаңда, марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай — ақ материалистік, ал марксистік теория — материалистік қана емес, сондай — ақ диалектикалық әдіс.Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне — бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі — бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.Сонымен, дүниеге диалектикалық — материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны таньп — білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.
Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс — әрекетіне байланыссыз — ақ танып білуге болады деп санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс — әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс — әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бүл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды.
Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс — әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда айта келіп. Әрине, бүл қарапайым фактілер Маркс пен Энгельстен әлдеқайда бұрын белгілі болатын. Бірақ олар, бұрынғы материалистер сияқты, бұл қарапайым фактіні айтумен тоқтап қалған жоқ, бүлар сияқты толып жатқан қоғамдық құбылыстардың негізінде терең жатқан заңдылықтың мәнін ашты, атап айтқанда, адамдардың алуан түрлі іс — әрекет, қимылдары материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екен, ал бұл өндірістің барысында адамдар өздерінің еркінен тыс, тәуелсіз өндірістік қатынастар орнатады екен. Қоғам өмірінің негізі бүкіл басқа идеологиялық, саяси т.б. қатынастарды айқындап беретін түпкі базисі — өндірістік қатынастардың жиынтығы екен.
Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа қолдана отырып, тарихи материализмді жасады, қоғамдық болмыстың біріншілігі, қоғамдық сананың екіншілігі жайындағы оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың материалдық түрмыс жағдайы қандай болса, жалпы алғанда олардың ой — санасы соған сәйкес болатынын т.б. негіздеп берді.
Маркс пен Энгельс, өздерінен бүрынғы материалистер сияқты, жарты жолда тоқтап қалмай, материализмді дәйекті түрде аяғына дейін жеткізіп, дүние жайындағы біртүтас ғылыми — философиялық ілім — диалектикалық және тарихи материализмді жасады.
Маркс пен Энгельске дейінгі философтар өздерінің философиялық системасын бұдан былай өзгермейтін, түпкілікті тағайындалған абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель,мәселен, өзінің философиялық системасын абсолюттік ақиқат деп жариялады. Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен келіспеді де, өзінің философиялық іліміне түпкілікті тағайындалған ақиқат деп қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың даму барысында өзгеріп, айқындала және байи түсетін ілім деп қарады.
Философияның ғылымилығының өзі сол, ол ешқашан аяқталып біткен ақиқат бола алмайды, өйткені өмірдің өзінде дамуы аяқталған, енді өзгермейтін, дамымайтын ештеңе жоқ. Өзгермейтін «түпкілікті ақиқатқа» талпыну теорияны өмірден қол үзген догматизмге әкеп соқтырары сөзсіз. Біздің іліміміз, деді Энгельс өзі мен өзінің ұлы досы жайыңда, догма емес, іс — әрекетке деген жетекші. Бүл сөздер марксизм философиясының жасампаздық ілім екенін қысқа да айқын атап көрсетіп отыр. Марксистік философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен, ғылым мен тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым толығып, байып отырады. Мұнсыз ол жасампаздық сипаттан жұрдай болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |