Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№15. Дәріс.
Тақырыбы: Қоғам ғылыми таным обьектісі ретінде
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
2.Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.Қоғамның қазіргі кезеңдегң даму ерекшелігі
Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері:
социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
адамдардың рухани әлемі, оның ұжымы, бұқаралық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу;
әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары.
Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді.
Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы.
Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.
Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. progressus – ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған). Прогресс – қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным – қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс және қоғамдық сана.
Қоғамдық болмыс-әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық, жанұялық, саяси және т.б.
Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің, тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары; құқықтық сана-қарапайым, күнделікті көзқарастардың, психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рөлі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі; моральдық сана-қоғамда қалыптасқан баға, идеал, теория, жақысылық пен зұлымдық, әділеттілік сияқты теорияларды береді; діни сана-құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялары.
1. Адамзаттың қауымдастығы ретінде қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың негізгі объектісі әрі басты категориясы екендігі белгілі. 2. Әлеуметтік жүйе, оның элементтері. 3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. 4.Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы. Соған байланысты ғылыми әдебиеттерде қоғамның 150-ден астам анықтамалары бар. Біз үшін қоғамның әлеуметтану ғылымының басты категориясы ретіндегі анықтамасы мәнді. Бұл қоғамды жүйе ретінде талдауға мүмкіндік береді. Ондай анықтаманы «Әлеуметтану ғылыми пән ретінде» атты бірінші тақырыпты өткенде айтып, тавлдап көрсеткен болатынбыз. Дегенмен тағы да еске түсірсек артық болмас. Қоғам дегеніміз адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара әлеуметтік әрекетке түскен, өзін‑өзі басқарып, өзін‑өзі жетілдіріп, толықтырып отыратын, тұрақты және біртұтас қалыптасқан әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамадан қоғам өзі‑өзінен дамитын әлеуметтік организм ретіндегі жүйелі құрылым екендігі байқалады. Оның бөліктері ‑ әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар және әлеуметтік нормалар мен ережелер, осылардың негізіндегі өзара әрекеттестік. Әлеуметтанулық оқулықтарда қоғамның бұдан басқа да анықтамалары берілген. Мысалы, әлеуметтану ғылымының негізін салушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдайды. Ал көрнекті неміс ғалымы Макс Вебер: "Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" деді. Американдық әлеуметтанушы Талконтт Парсонстың пікірінше, қоғам - адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады. Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы кіндік шешесі атанған Карл Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндірді. Рас, бұлар жеке-жеке қоғамның әлеуметтанулық анықтамасын толық беріп тұрған жоқ. Алайда, біздің пәнімізге қатысты бірнеше принципті мәселелер туындап тұр, солардың жиынтығы қоғамның мәнін толық көрсете алады: 1) қоғамның белгілі қызмет атқаратындығы; 2) оның ынтымақтастық пен еңбек бөлінісіне негізделгені; 3) қоғам бір-біріне ықпал, әсер ететін әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы екендігі; 4) және ол қарым-қатынастардың негізі нормалар мен ережелер болып табылатындығы; 5) қоғамның адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болғандығы; 6) қоғамның тарихи дамып отыратындығы. Осы принципті мәселелер жиналып келіп қоғамның толық анықтамасын бере алады. Осыларды талдап көрсеткеннен кейін студенттердің назарын мынандай аса мәнді мәселеге аудара кеткен жөн. Өйткені олардың көпшілігі әлеуметтану пәнінен бірнеше дәріс тыңдағанымен «қоғам» және «әлеумет», «әлеуметтік» ұғымдардың мәніне жете көңіл бөле бермейді. Әлеуметтану нені зерттейді деп сұрасаң, ойланбай «қоғамды» дей салады. Бұл жерде кейбір әлеуметанушылардың қоғамның әлеуметтік жүйесі адамдардан тұрмайды, олардың қарым‑қатынасынан тұрады дегенін еске салған артық емес. Сол себепті пән ретінде әлеуметтанудың негізгі зерттейтін мәселесі саналы түрдегі әлеуметтік әрекет болып саналады. 2. Француз ғалымы Огюст Конт алғашқылардың бірі болып қоғамды организм, жүйе ретінде қарастырып, ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын, оның бөліктерінің өзара байланыстылығы мен ықпалдастығын атап көрсеткен болатын. Бұл қағидадан «жүйе» деген ұғымды айқындап алған жөн. Жүйе дегеніміз өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі екіншісінің немесе басқаларының өзгерісіне әкелетін көптеген элементтердің тұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік жүйе деп әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін әлеуметтік элементтердің жиынтығын айтамыз. Енді қоғамның әлеуметтік жүйесінің негізгі элементтерін не құрайды деген мәселе туады. Олар: адамдар, әлеуметтік топтар мен ұйымдар, әлеуметтік қауымдастықтар мен институттар, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік ықпалдастық, әлеуметтік нормалар мен ережелер және т.б. Әлеуметтік жүйенің негізгі элементтерінің ішінде әлеуметтік нормалар мен ережелердің орны бөлек, оларды бар әлеуметтік әрекетті реттеп, жүйелеп, біріктіріп және тұтастырып отыратын «әлеуметтік дирижерлар» деуге болады. Ал әлеуметтік нормалар мен ережелер конституция, заңдар, қаулы‑қарарлар, әдет‑ғұрыптар мен салт‑саналарды және т.б. қамтиды. Жекелеген адамдар және адам топтарының қызметі басшылыққа алатын әлеуметтік нормалар мен ережелер, солардың негізінде болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу сияқты әлеуметтік жүйенің басты элементтеріне де арнайы тоқтай кетейік. Бұл адамдар арасындағы аса маңызды әлеуметтік әрекеттестіктің мәнін айқындай түседі. Әлеуметтік байланыс ‑ адамдар немесе адамдар тобының арасында белгілі кеңістік пен уақытта нақты мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету үдерісі. Әлеуметтік өзара әрекеттестік — жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын оң не теріс үдерістер. Әлеуметтік қарым-қатынастар — адамдар және топтар, әлеуметтік институттар арасындағы тұрақты өзара байланыстар мен өзара әрекеттестік. Кез келген адам өз өмірінде, отбасында, туған-туысқандарының арасында, құрбылары мен жолдастарының ортасында, қызмет орнында және т.б. әр түрлі әлеуметтік ортада ретіне қарай сан қилы қарым-қатынастарға түседі. Сонымен қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін әлеуметтік жүйенің басты элементтерінің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, ол тәртіп белгілі координация (үйлестіру) мен субординациядан тұрады. Мысалға отбасын алып, түсіндірген жөн. 3. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырғаннан кейін, оның әлеуметтік құрылымын білудің мәні зор. Әлеуметтік құрылым деп еңбектің бөлінісіне негізделген, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, қарым-қатынастар мен ықпалдастықтан тұратын қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы. Қоғамның әлеуметтік құрылымын айқындап, оның негізгі элементтерінің ғылыми классификациясын жасау және олардың арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастардың, өзара ықпалдастықтың сырын, заңдылықтарын ашу - әлеуметтанудың негізгі объектісі ғана емес, аса маңызды міндеті де. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өте күрделі, оның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік топтар мен қоғамдастықтар; б) қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы), қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т. б. жатады. Қоғамдағы немесе әлеуметтік жүйедегі мүдделері мен құндылықтары ортақ, мақсаттас адамдардың біршама тұрақты қауымдары мен бірлестіктерін әлеуметтік топ дейміз. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты адамдар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, ол қазақ, ол үлкен қаланың тұрғыны т. б. Әлеуметтік топ өзін құраушылардың ортак, этникалық белгілері бойынша (ұлттар, халықтар, диаспоралар), материалдық жағдайларына қарай (ауқаттылар, орташа ауқаттылар, кедейлер), кәсіби және рухани жетілу деңгейіне карай (зиялылар, кәсіпкерлер, жұмысшылар және т.б.), тұр-ғылықты жері мен аймағына байланысты (қала, кент, ауыл тұрғындары), жыныс немесе жас мөлшеріндегі айырмашылыктар негізінде (ерлер, әйелдер, жастар, егделер) бөлінеді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның жеке белгілеріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін айқындауға, атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық (жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бөлу), әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады. Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымының негізгі түрі деп қоғамның таптық сипатын алды. Мұнда таптың негізгі белгісі ретінде өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастың бірдей болмауы көрсетілді. Ол адамның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын және оның жалпы әлеуметтік жағдайын айқындайды деп саналды. Қалған белгілердің бәрі соған байланысты. Мұны тұтастай теріске шығаруға болмайды. Бірақ сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуде басқа да, мысалы, адамның билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік мәртебесі, қабілет дәрежесі, білім‑білігі және т.б. белгілер ерекше рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |