4.2 СӨЖ сабақтарының жоспары.
1. Мәдениет–мәдениеттанудың объектісі және пәні ретінде. Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары.
Тапсырма:
1.Мәдениет деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
2.Мәдениетке қандай аспектілер жатады?
3.Мәдениеттану ғылымының іргелі проблемалары.
4.Мәдениет заңдылықтарының мәнін, әдістері мен принциптерінің мазмұнын ашыңыз.
5. Мәдениет пен діннің өзара байланысы.
6.Мәдениеттанудың қатарлас әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдармен байланысы (философия, антропология,әлеуметтану, психология, этнология, семиотика және т.б.)
Өткізу формасы: Жауапты ізденуде өзіндік жұмыс жасау, Топта талқылау. Жұмыс нәтижелері дәптерде тіркеледі.
Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырманы орындау үшін студенттің оқу әдебиеттерімен, дәріс жазбаларымен өзіндік жұмыс істеуі, сонымен қатар оқыған материалдардан қорытынды шығара білуі, фактілерді салыстыра білулері қажет. Тапсырма мазмұны топта талқыланады.
2.Архаикалық мәдениет
Тапсырма:
1.Ежелгі адамның архаикалық санасына мифология қалай әсер етті?
2.«Табуң дегеніміз не? Ол ұғымдардың біздің заманымызға дейін сақталу себебі неде?
3.Діни нанымдардың көне архаикалық түрлерінің ежелгі адамның дүниетанымы мен мәдениетінің дамуына әсері.
4.Тотемизм, анимизм,фетишизм, шаманизм, магия терминдерінің мазмұнын түсіндіріңіз.
5. Құранның қасиетті сөздері жазылған бойтұмардың тіл-көзден сақтайтын қасиетіне деген сенім қазіргі кезеңге дейін сақталып келу себебі неде?
6.Жас үйленген жұбайлар немесе алыс жолға сапарға шыққан жолаушы алдымен қарттардан бата алуының себебі неде?
Өткізу формасы: Жұмыс топпен, дискуссия түрінде өткізіледі. Студенттер оқулықтарға сүйене отырып тақырыпты талдайды.
Әдістемелік ұсыныстар: Тақырыпты меңгеру үшін қойылған сұрақтарды тереңірек түсіну қажет. Пікірталас кезінде мәліметтерді дәлелдерге сүйене отырып талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |