Философия және саясаттану факультеті



бет2/30
Дата11.11.2022
өлшемі384 Kb.
#157703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
УМКД Методика преп.культ

Курстың мақсаты: – студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
Курс міндеттері:

  • адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

  • әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

  • мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;

  • түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;

  • қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;

  • отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.

Алдындағы пәндер – пәнді меңгеру басқа пәндермен қатар меңгеріледі – мәдениеттану, антика мәдениеті, архаикалық мәдениет және Ежелгі дәуір мәдениеті, этика, эстетика, философия тарихы, әлем әдебиеті тарихы, Көркем өнер мәдениеті, сонымен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық курстар циклы.
«Мәдениеттануды оқыту әдістемесі» курсын оқу барысында студенттер игеретін білімдер:
- гуманитарлық пәндер жүйесіндегі мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

  • мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі ролін түсіндіре білу;

  • мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру:

  • мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу;

  • әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;

  • қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу;

  • ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.

  • тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;

  • қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;

  • интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет